I теоретические основы логопедии


Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет107/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   256
Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 

1. 


Тұтықпаның  механизміне  қатысты  көзқарастар. 

2. 


Тұтықпаның  этиологиясын  атаңдар 

3. 


Тұтықпаның  белгілерін  атаңдар. 

4. 


Тұтықпаның  таралуы  туралы  мағлұматтар  қандай? 

5.Тұтықпаның белгілері бойынша кесте толтырыңыздар 

 

Тұтықпаны  топтастыру. 

 

Тұтықпаны    топтастыру    мәселелеріне      1937ж    бастап    көңіл    бөле  



бастаған.  А.Аlistez      (1937,  1956)    Этиологиялық    белгілері    бойынша  

клиникалық  бұзылыстарын  ескеріп  тұтықпаны  4 топқа  бөледі: 

1. 

Тұтықпаға    қоса    сөйлеуге    қатысты    мүшелердің      құрылысында  



немесе  функциясындағы  ауытқулар; 

2. 


Солақайлылықпен  байланысты; 

3. 


Еліктеу  негізінде; 

4. 


Эмоционалдық    тұрақсыздықпен      және    бұзылыспен    қоса    жүретін  

тұтықпа ( логофобия,  өзін  кем  санау  т.б) 

Е.  С.  Никитина,  М.  Ф.  Брунс  (1939)    тұтықпаны    анатомиялық  – 

физиологиялық    белгілері    бойынша    топтастырады.    Олар    балаларды    2  

топқа  бөледі: 



 

209 


1.  полидарлық   синдромы   бар   балалар  –  оларда    психофизикалық    тежелу,  

тұлғалық  ауытқулар,  ортамен  қарым – қатынасы  бұзылуы  байқалады. 

2.  стриарлық      синдромы    бар    балалар    -    оларға        жүйке  –  психикалық  

бұзылыстар,  психофизикалық  тежелу  тән. 

В.  С.  Кочергина    (1959)  Н.  А.  Власова  (1958)  т.б    тұтықпаны    клиникалық  

белгілері  бойынша  топтастырады. 

Н.  А.  Власова    мен    Э.  Н.  Герценштейннің    топтастыруында    алдымен  

тұтықпаның    түрі  (тоникалық,    клоникалық),    этиологиялық      факторлар,  

екіншілік    реттегі    психикалық    синдромдар,    логопедиялық    ықпалдық  

жетістік  деңгейі  ескеріледі. 

А.  Ф.  Шельтинг    (ХХғ  50-ж)  төменгі    сынып    оқушыларының    тұтықпасын   

топтастырады.  Ол  –  моторика    мен    сөйлеудің    кешеуілдеп    даму    аясында  

пайда    болатын    тұтықпа,    алалиямен      байланысты,    жалпы    әлсіздікте,  

бұлшық  еттердің  босаңсуында,  невротикадағы  тұтықпа  деп  бөледі. 

М.  Е.  Шуберт  (1928)  эпилептойдтық,    психопаттардың,  психоастениктердің,  

шизоидтық  тұлғалардың,    истериямен    ауыратындардың    тұтықпасын  

зерттеген. 

М.  С.  Лебединский,  Ф.  П.  Янович    және   Г.  П.  Платонова  (1960ж)  әр    түрлі  

невроз   түрлеріндегі   тұтықпаны  зерттеген.   

А. М. Асатиани,  В. М. Казаков (1967, 1970) тұтықпаның  4  түрін  бөледі: 

-орталық 

 

нерв    жүйесінің  әр  түрлі  себептермен  органикалық  



зақымдалуының  резидуальдық  көріністері; 

-невротикалық  бұзылу: 

-психопатиядағы; 

-  баяу  өтетін  шизофрения. 

Сонымен,    тұтықпаны    топтастыру    мәселесі    әр    түрлі    тұрғыдан 

қарастырылады,    барлығы    да,  ғылыми    тұрғыда    негізделгендіктен    заңды  

болып  саналады. 

 

Тұтықпаның психологиялық педагогикалық және клиникалық сипаттамасы. 



 

     XX  ғасырдың      70  жылдарынан  бастап  арнайы  ғылыми  әдебиеттерде 

тұтықпада  байқалатын  клиникалық  сипаттарына  жаңаша  түсініктер  беріле 

бастайды. 

Клиникалық 

бақылаулардың 

және 

экспериментальдық 



зерттеулердің  негізінде  тұтықпаның  клиникалық  түрлерін  ажырату 

мәселелері жетілдіруде.  

     Зерттеушілер  әр  түрлі  патогенетикалық  механизмдермен  негізделген 

тұтықпаның  екі  клиникалық  түрін  бөледі:  невротикалық,  неврозға  ұқсас 

түрін (Ковалев В. В., 1970,  Асатиани Н. М., 1973-1985, Драпкин Б. З., 1973,  

Белякова Л.И.) 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет