I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет104/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   256
                Сөйлеу   онтогенезінің өту  ерекшеліктері. 

Көптеген    балаларда    тұтықпа      пайда    болғанға    дейін,  сөйлеудің  

қарқынды    даму    кезеңінде,  физиологиялық  итерация,  сөйлеу    кезіндегі  

тыныс  алу  мен  күрделі  фразалы  айтудың  психикалық  мүмкіншіліктерінің  

арасындағы   үйлеспеушілік  байқалады. 

Тұтықпаның    пайда    болуына    сөйлеудің    қарқынды    даму  

жылдамдығының  да    әсері    зор.  1,6  –  1,8  айдағы    ауызша    толық    сөйлеуі  

жаңа  қалыптасып  келе  жатқан  сөйлеудің  функциональды  жүйесіне  қауіп  

төндіреді.  Ондай    жағдай    кейбір    сөйлеу    тілінің    кешеуілдеуінде  де  

байқалады. Сөйлеуі  кешеуілдеп  дамыған  балаларда  3,5 – 4,5  жаста  фраза  

қарқынды    қалыптаса    бастайды,  бұл    қалыптасып    келе    жатқан    сөйлеу  

жүйесінің    координаторлық    механизімін    әлсіретеді    және    тұтықпаның  

пайда  болуына  мүмкіншілік   тудырады. 



 

203 


 

Бас  миының  функциональдық  ассимитриясының  қалыптасу  

ерекшеліктері. 

Тұтықпа  балалардың   арасында  солақайлар  жиі  кездеседі  және  сол 

қолды  оң  қолға  қайта  тәрбиелеу  кезінде  тұтықпа  пайда  болуы  мүмкін. 

    Тұтықпа    балалардың      ауызша    сөйлеуін    ұйымдастырудағы    сол  

жақ    жарты    шардың    басқарушы    ролінің    бұзылатындығы  

электрофизиологиялық    зерттеулерде    анықталған  (И.В.  Данилов,  И.П. 

Черепанов, 1970) 

    Бас    миының    симметриялық    құрылымдарының    арасындағы  

байланыстың  әлсіреуі  алдымен  сөйлеу функциясына  әсерін  тигізеді. 

 

Психиканың  зақымдалуы. 

Көптеген    авторлар    тұтықпаның    пайда    болуы    психикалық  

зақымдалуымен    байланыстырады.  Психикалық   зақымдалу    әртүрлі    болып  

келеді.  Көбінесе    тұтықпаның    алғашқы    рет    пайда    болуы    психиканың  

зақымдалу  кезімен  сай  келеді, оның  қоздырушы  себебі  болып  табылады. 



 

Генетикалық  фактор. 

Әлемдік    әдебиеттердің      деректері    бойынша    тұтықпадағы    ауыр   

тұқым  қуалаушылық    бірнеше  ұрпақта  байқалуы  мүмкін. Тұтықпасы  бар  

ата  –  аналарды      қалыпты    ата  –  аналарға    қарағанда,  балаларында  

тұтықпаның  байқалу  мүмкіншілігі  бірнеше  рет  көбірек  болады. Шамасы, 

орталық    сөйлеу    механизмдерінің    әлсіздігі    тұқым    қуалауы    мүмкін.  Кез  

келген      ауытқу    генетикалық    тұқым    қуалаушылыққа      қосымша    зиянды  

факторлар  қосылғанда  ғана  байқалады. 

Тұтықпа    қыздарға    қарағанда,  еркек    балаларда    үш  есе    жиі  

кездеседі.  Мұның    механизмі    әлі  де    түсініксіз.  Қыздардың    моторлық  

функциялары: жүруі, сөйлеуі, ұсақ  моторикасы   ұлдарға  қарағанда  тезірек  

қалыптасады    деп      болжамдайды.  Бәлкім,  соған    байланысты    қыздардың   

сөйлеу  қимыл  механизмдері  экзогенді  зияндықтарға  төтеп  беру  қабілеті  

жоғары  болуы  мүмкін. 

 

Тұтықпаның  белгілері 

Тұтықпа  –  сөйлеу    аппаратының    бұлшық    еттерінің    тыртысу  

салдарынан    ауызша    сөйлеу    тілінің    жылдамдығының,  ырғақтылығының  

бұзылуы.  Тұтықпа    көбінесе    баланың    сөйлеу    функциясының    қалыптасу  

кезеңінде  (  2-6    жас    аралығында)    пайда    болады.  Арнайы    әдебиеттерде  

мектеп    жасына    дейінгі    балаларда      басталған    тұтықпаны    өз    бетінше  

сөйлеу  ақаулығы  деп қарастырады, ал  бас  миының   әр түрлі  органикалық  

ауруларында  немесе  жүйке  психикалық  бұзылыстарында  байқалатын  

түрлерін    симптоматикалық    тұтықпа    немесе      екінші    реттілік    деп  

есептейді. Тұтықпаның  негізгі  белгісі – ауызша  сөйлеу  процессінде  сөйлеу  

аппаратының    бұлшық   еттерінің    тыртысуы.  Тыртысу    тек    сөйлеу    кезінде  

немесе  сөйлей  бастағанда  байқалады. 



 

204 


Тыртысу  негізгі  екі  түрге  бөлінеді: тоникалық  және  клоникалық, 

сонымен  қатар  кейде  аралас  түрге  де  бөледі. 

Сөйлеудегі   тоникалық  тыртысу  бірнеше  топтағы  бұлшық  еттердің 

(мысалы:  еріннің,  тілдің  т.б.)    тонусының      қатаюымен    сипатталады. 

Тұтығушы    сөйлеу    кезінде    тоқтап,  бөгеліп    қалады  (к  –  ітап).  Ауыз    бұл  

кезде   жартылай  ашық  немесе  еріндер  қосылып  тұрады. 

Тырысудың      клоникалық        түрі    сөйлеу    аппаратының    бұлшық  

еттерінің    біркелкі    қайталанып    қысқаруымен    сипатталады.  Көбінесе 

тұтықпада    тыртысудың    клоникалық    және    тоникалық      түрлері    бірдей  

байқалады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет