I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет112/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   256
Емдеу физкультурасы мен ритмика

     Тұтықпа  балалардың  кемшілігінде  әр  түрлі  деңгейде  моторикасының 

бұзылуы  байқалады.  Сондықтан  физикалық  жаттығулардың  ондай 

балалар  үшін  емдік  маңызы  зор.  Емдік  физкультураның  бір  саласына 

логопедиялық  ритмика  жатады.  ритмикада  қимыл  жатығулар  жүйесі 

музыканың  сүйемелдеуімен  және  баланың  сөйлеуімен  қоса  жүргізіледі. 

Музыкалық  қимыл  жаттығулары  жалпы  моториканың,  бұлшықеттердің 

қимылдарын  дамытуға,  баланың  сөйлеуін  оның  эмоционалдық  жағдайы 

мен  тәртібін қалыптастыруға  зор  әсерін  тигізеді.  Бұл  сабақтарда  баланаң 

қызығушылығын,  белсенділігін  арттыру  үшін  ойын  тәсілдері  жиі 

қолданылады.  

     Дәрімен  емлеу  орталық  және  вегетативтік  жүйке  жүйесінің  қызметін 

қалыпқа  келтіріп,  сөйлеу  аппаратының  тырысуын  азайтады,  психогендік 

өзгешеліктерін азайтып, жалпы организмді сауықтырады. 

     В.С.Кочергинаның  ақылауы  бойынша,  тұтығулардың  жасы  ұлғайған 

сайын дәрімен емдеудің ролі артады. Дәрімен емдеу кешенді ықпал етудің 

маңызды  компоненті  болып  саналады,  өйткені  ол  тұтығушылармен 

жүргізілетін  түзету  логопедиялық  жұмысының  нәтижелі  болуына, 

тұтықпаның қайталануынан сақтандыруға мүмкіндік туғызады. 



 

219 


     Психотерапия. Тұтықпаны кешенді емдеу жүйесінде психотерапияның 

орны  ерекше.  Сөзбен  ықпал  етудің  негізін  түсіндіру,  сендіру,  көндіру 

әдістері  жатады,  ал  бұл  әдістер  емдеу  педагогикалық  жұмысында  кең 

пайдаланады. Қазіргі кезде психотерапияны екі түрге бөледі:  

1)  Ұтымды немесе түсіндіру; 

2)  Сугестивті  сендіру  терапиясы  .  сергек  жағдайда  ұйқыда  (гипноз) 

және өзін сендіру жаттығу түрлеріне бөледі. 

Психотерапияның барлық түрлері бәр жағынан тұтығушылардың психогендік 

бұзылыстарын  жоюға  (логофобия,  ақаулығын  көңіл  аудару  т.б),  екінші 

жағынан  ақаулықтың  салдарынан  өзгерген  әлеуметтік  қатынастарын  қайта 

қалыптастыруға бағатталады. 

Айта  кету  керек,  мектепке  дейінгі  жастағ  балалармен  ұтымды  психотерапия 

әрт.рлі ойын түрлерін де қолданады. 

Психотерапиялық  сендіру,  әдетте  жеке  әдіс  ретінде  емес,  жалпы  емдеу 

педагогикалық шаралар комплексін  пайдаланады. 

Сендіру  психотерапияның  арнайы  әдісін  екі  түрге  бөледі:  басқа  адамның 

сендіруі (гитеросугестия) және өзін өзі сендіру (аутосугестия). 

Тұтықпаны  емдеуде  сергек  жағдайда  сендіру  мен  ұйқыда  сендіру 

әдістері қолданылады (К. М. Дубровский). 

Аутогендік жаттығу әдісін әртүрлі невроздарды емдеуде қолданады. 

Өзін  өзі  сендіру  арқылы  тұтығушы  беттің,  мойынныңғ  иықтың 

бұлшықеттерін  босаңсытуға,  тыныс  алуын  реттеуге,  тырысуын  бәсеңдетуге 

болады.  аутогендік  жаттығуларды  кешенді  әдістердің  құрамында  қолдану 

көптеген авторлардың әдістемелерінде қарастырылады. 

 

Түзету тәрбиелеу логопедиялық жұмысының міндеттері мен 

түрлері 

 

Логопедиялық жұмыстың негізгі мақсаты: дұрыс сөйлемеуі мен тәртібін 

қайта  тәрбиелеу,  психологиялық  ауытқуларын  жою.  Логопедтің  міндетіне: 

дұрыс  сөйлеу  дағдысын  және  жан  жақты  дамыған  тұлға  қалыптастыру 

жатады. 

Логопедиялық  жұмысты  баланың  сөйлеуі  мен  жан  жақты  дамыған 

тұл,аны  қалыптастыруға  бағытталған  түзету  педагогикалық  шаралар  жүйесі 

деп қарастырылады. 

Қазіргі  кезде  логопедиялық  ықпал  екі  бағытта  жүргізіледі:  тура  және 

жанама.  Тура  логопедиялық  ықпал  тұтығушылармен  топпен  және  жеке 

сабақтарда іске асырылады. Бұл сабақтарда жалпы және сөйлеу моторикасын 

дамыту, тыныс алу мен сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығын қалыпқа 

келтіру,  сөйлеу  қатынасын  белсендіру,  қажет  болған  жағдайда  естіп 

қабылдауы  мен  фонематикалық  қабылдауын  дамыту,  дыбыс  айтуының 

бұзылуын  түзету,  белсенді  және  енжар  сөз  қорын  молайту,  сөйлеу  тілінің 

грамматикалық жағын жетілдіру қарастырылған.  




 

220 


Жанама логопедиялық ықпалды баланың кү тәртібін, айналадағылардың 

қатынасын  логопедиялық  талаптар  жүйесіне  сай  ұйымдастыру  деп 

қарастырады. Бұл жүйеде сөйлеу ережесі ерекше маңызды орын алады. 

Логопедиялық  жұмыс  түрлері.  Тұтықпа  балалармен  міндетті  түрде 

жүргізілетін  жұмыс  түріне  жататындар:  рсихологиялық  педагогикалық 

түзету,  логопедиялық  сабақтар  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру,  ата  аналар 

мен  педагогтармен  методикалық  жұмыс  ұйымдастыру,  кеңес  беру,  өзінің 

білімін және өзінің мамандығын жетілдіру. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет