I теоретические основы логопедии


Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет114/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   256
Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар  

1) Емдеу сауықтыру жұмысының мақсаты мен мазмұны ашыңыздар 

2) Түзету тәрбиелеу жұмыс бағыттарын атаңыздар. 




 

222 


 

Тұтықпа балалармен жүргізілетін логопедиялық сабақтардың 

дидактикалық негіздері. 

 

Тұтықпа  балаларды  түзету,  оқыту,  тәрбиелеу    жүйесі  төмендегідей 

дидактикалық  қағидаларға  негіздеіп  жүргізіледі:  жекелеу,  бірлестіктік, 

жүйелілік, бірізділік, саналы белсенділік, көрнекілік, беріктік т.б. 

Логопедиялық  сабақтар  курсы  бінеше  кезеңдерге  бөлінеді  (дайындық, 

жаттығу, қорытындылау). Әр кезеңнің өз мақсаты болады және олар бірнеше 

бөліктерден  тұрады  (мысалы,  үндемеу  кезеңі,  бірге  сөйлеу,  қайталап  сөйлеу 

т.б). 


Дайындық  кезеңнің  мақсаты  күн  тәртібін  сақтау,  баланы  сабаққа  дайындау, 

дұрыс сөйлеу үлгісін көрсету. 

Жаттықтыру  кезеңінің  мақсатына  баланың  барлық  қиын  сөйлеу 

түрлерін, әр түрлі сөйлеу жағдайларын меңгеру жатады.  

Қорытындылау кезеңінің мақсаты баланың дұрыс сөйлеуі мен тәртібінің 

дағдыларын  әр  түрлі  жағдайда  және  әр  түрлі  сөйлеу  іс  әрекетінде 

машықтандыру.  

 

Жеке сабақтардың құрылымы 



 

Әр  сабақта  оның  құрылымындағы  бөліктерінің  кезектілігі  сақталады: 

дайындық, негізгі, қорытындылау. 

Дайындық  бөлігінде  балаларды  сабаққа  ұйымдастыру,  психологиялық 

сипатта  әңгіме  өткізу,  сөйлеу  жаттығулары,  өткен  сабақтардағы  сөйлеу 

материалдарын қайталау және бекіту, алдағы жұмысқа дайындау көзделген. 

Негізгі  бөлікте  жаңа  сөйлеу  жаттығулары  немесе  жаңа  жағдайда 

өткізіледі. 

Қорытындылау бөлігінде логопед жаңа тақырыпты бекітеді, балалардың 

істеген жұмысын қорытындылайды, олардың жетістіктеріне көңіл аударады, 

логопедиялық  сабақтан  тыс  уақытта  орындайтын  тапсырмаларды  және 

арнайы кеңестерді береді. 

Логопед  логопедиялық  сабақтардың  мақсатын  тек  сөйлеу  ақаулығын 

түзетумен  қатар,  тұтықпаға  байланысты  тұлғаның  өзгерістерін,  тәртібін 

өзінің  кемшілігін,  көзқарасын  тәрбиелеу  деп  түсіну  керек.  Баланың  өзінің 

тәртібі мен сөйлеу кемшіліктерін және тұтықпаны түзету тәсілдерін меңгеруі, 

оның түзету логопедиялық процесіне белсенді табысты қатысуына мүмкіндік 

береді.  Тұтықпа  балалармен  жұмыс  барысында  әр  түрлі  дәстүрлі  және 

арнайы  оқу  құралдары  қолданылады.  Оларға  оқу  процесінде  көптеген 

қоданып  жүрген  оқулықтыр,  оқу  құралдары,  ойындар,  диафильмдер,  видео 

материалдар жатады. 

Арнайы  техникалық  құралдарға  жататындар:  Дераксне  корректофоны, 

эхо  аппараты,  дыбысты  күшейтетін  аппарат,  магнитафон  т.б  компьютерлік 

бағдарламалар. 




 

223 


Дераксне  аппараты  дыбысты  басып,  естуге  жол  бермеуге  негізделген. 

Құлаққа резеңке түтікше қойып, әр түрлі күшпен шу беріледі де, баланың өз 

сөзін  естіртпейді.  Өз  ақаулығына  көңіл  бөлетін  балалар  үшін  естудің 

бақылауын  алып  тастағанда  сөйлеу  жаттығуларын  орындау  жеңілдейді. 

Біртіндеп корретофонсыз сөйлеуге үйренеді. 

Б.  Адамчик  құрастырған  эхо  аппараты  екі  магнитафоннан  тұрады. 

Жазылған дыбыс, бірнеше секундтан кейін жаңғырып естіледі.  

Дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға магнитафондық сабақтардың 

маңызы  зор.  Бұл  сабақтардың  мақсаты  баланың  зейінін  сөйлеу 

жылдамдығына,  мәнерлігіне,  ырғақтылығына,  сөйлемді  дұрыс  құрастыруға 

аудару  болып  саналады.  Магнитофондық  сабақтарды  жүргізудің  әр  түрлі 

варианттары  қолданылады.  Мысалы  көркем  сөз  шеберлерін  еліктеу, 

қайталау, салыстырмалы сабақтар т.б. 

Қазіргі  кезеңде  көрінетін  сөйлеу  әсерін    тудыратын  әр  түрлі 

компьютерлік  бағдарламалар  кеңінен  қолданылуда.  Сөйлеу  кезіндегі  тыныс 

алуды  ұзарту,  сөйлеудің  интонациялық  саздылық  жағын  және  оның  кідіріс 

процестерін  қалыпқа  келтіріп,  түзету  мақсатында  көрінетін  сөйлеу 

бағдарламасының бірнеше модульдері қолданады. Мысалы,  

1)  «Ұзақ демалу модулімен жұмыс». Мақсаты тыныс алудың ұзақтылығы 

мен  күшін  ерікті  реттеу  дағдысын  қалыптастыру.  Бірнеше  ойын  жүйесін 

қолдану арқылы бала жұтқан ауаны үнемді бөліп пайдалану. Тапсырманы 

көзбен  көріп  бақылауы,  жаңа  дағдының  қалыптасуына  көп  көмегін 

тигізеді. 

2)  «Дауыстың  жоғарылығын  өзгерту»  модулінің  мақсаты  дауысын  ерікті, 

жоғарылату, бәсеңдету. 

3)  «интонация»  модулімен  жұмыстың  мақсаты  дұрыс  интонацияны 

қалыптастыру. 

4)  «Дауыстың  қаттылығы  мен  жоғарылығы»  модулімен  жұмыстың 

мақсаты сөйлеудің кідірісін, жылдамдығын, бірге айтылуын түзету. 

      Бұл  модульді  пайдалану  тұтығушыны  компьютер  экранында  графикалық 

жазумен  берілгенін  өз  сөзін  қадағалау  және  өзінің  айтқанын  логопедтің 

үлгісімен салыстыруға мүмкіндік береді. 

     «Көрінетін  сөйлеу»  компьютерлік  бағдарламаны  қолдану  барысында 

тұтығушының сөйлеуі туралы нақты деректер алуға болады.  

     Тұтықпаны  түзетудің  кешенді  әдістемелеріне  логопедиялық  сылау 

жатады.  Сылау  кезінде  тері  мен  бұлшық  еттердің  рецепторлары  тітіркенеді, 

клетканың  қан  айналысын,  зат  алмасу  процестерін  жақсартады. 

Бұлшықеттердің  тонусын  жоғарылатуға,  төмендетуге  бағытталған  сылақтың 

әр  түрлі  тәсілдері  қолданылады.  Жалпы,  сылақ  сөйлеу  процесінде  негізгі 

роль  атқаратын  жүйке  және  бұлшықеттер  жүйесін,  бүкіл  организмге 

шағымды  ықпал  етеді.  Сылауды  арнайы  дайындықтан  өткен,  логопедиялық 

сылау  тәсілдерін  меңгерген  логопед  немесе  дефектолог  жасайды.  Кей 

жағдайда,  логопедтің  нұсқауымен,  қадағалауымен  ата-  аналарға  да  жасауға 

болады. 


      


 

224 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет