I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет118/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   256
Екінші  кезеңде  сөйлеу  түрлері  күрделенеді.  Мәтінді  оқу  мен  оның 

мазмұнын түсініп айтуға көңіл бөлінеді. 



Үшінші  кезеңде  сөйлеудің  жаңа  дағдылары  машықтандырылады  және 

әртүрлі  жағдайда,  әртүрлі  сөйлеу  түрлерін  өз  бетімен  қолдануға  үйренеді. 

Сөйлеудегі  және  басқа  да  қиыншылықтарға,  стресстік  жағдайды  жеңуге 

психологиялық  тұрақтылығын  тәрбиелеуге  ерекше  көңіл  бөлінеді.                                                                                                                                                

Жалпы жұмыс барысында отбасымен тығыз байланыс болу қажет.  

В.  М.  Шкловскийдің  (1994)  құрастырған  тұтықпаны  түзетудің  кешенді 

жүйесі  жасөспірімдер  мен  ересектерге  арналған.  Бұл  жүйеде  логопедтің, 

психиатрдың,  психотерапевтің,  невропатологтің  тығыз  байланысты  жұмыс 

жасауы қарастырылған. 

Түзету жүйесі стационарлық жағдайға, 2-3 ай мөлшерге есептелген және 

4  кезеңнен  тұрады:  диагностикалық;  сөйлеудің  патологиялық  дағдыларын 

және  тұлғаның  бұзылған  қатынасын  қайта  қалыптастыру,  қол  жеткен 

нәтижелерін  бекіту;  диспансеризация  және  қайталаудан  (рецедив) 

сақтандыру. 




 

231 


Диагностикалық  кезеңде  (10-15күн)  барлық  мамандар  (невропатолог, 

психолог,  психотерапевт,  логопед,  нейропсихолог)  тұтығушыны  тексеріп 

диагнозын анықтайды және емдеу жоспары белгіленеді.  

Келесі  кезеңде  (30-45күн)  логопедиялық сабақтарда  демалу  және дауыс 

шығару  функциаларын  қалыпқа  келтіру,  сөйлеу  үлгісін  қалыптастырады. 

Логопедиялық  жұмыспен  қатар  психотерапияның  барлық  түрлері 

(сугестивтік, жеке, топпен) жүргізіледі.  

Үшінші-төртінші  кезеңде  (30күн)  әдетті,  күнделікті  жағдайда  сөйлеуін 

жаттықтырады,  сөйлеу  белсендігін  және  өздігінен  сөйлеудегі  кемшіліктерді 

түзетуге сенімділігін арттыруға тәрбиелейді.  

В.  М.  Шкловский  тұтықпаның  қайталануынан  сақтандыру  мақсатымен 

диспансеризациялаудың қажеттілігіне ерекше көңіл бөледі.  

Н.  М.  Асатианидың  басшылығымен  «сөйлеу  патологиясы  лаборатория» 

ұжымының  құрастырған  кешенді  дәрігерлік  -  педагогикалың    жүйесінің 

өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл емдеу жүйесінің негізіне Н. А. Васильеваның  

тәсілдері  алынған.  Түзету  жұмысының  дәрімен  емдеу,  психотерапевтикалық 

логопедиялық және логоритмикалық ықпал ету жатады. 

Стационар  жағдайында  емдеу  мерзімі  45күнге  созылады  және  бірнеше 

кезеңге бөлінеді. 

1.  Дайындық  кезеңде  (5-7күн)  «үндемеу  тәртібі»  және  «сөйлеуді 

шектеу» 

ережесі 


сақталады 

осы 


кезден 

бастап 


психологиялық, 

психотерапевтикалық, логопедиялық сабақтар жүргізіледі.  

2.  Белсенді    терапия  кезеңі  (20күн).  Бұл  кезеңде  топпен  және  жеке 

логопедиялық сабақтар, арнайы аутогендік терапия, жеке психотерапия, және 

дәрімен емдеу жүргізіледі. 

3.  Белсенді  жаттығулар  кезеңінде  (10күн)  стационардан  тыс  (көшеде 

телефонмен,  дүкенде  т.б).    Функциональды  жаттығулар  жүргізіледі,  яғни 

тұтығушы өзінің сөйлеуін әртүрлі ситуациаларда қолдануға үйренеді. 

4.  Қортынды  кезеңде  тұтығушыны  күрделі  сөйлеу  ситуациаларына 

дайындайды-көпшіліктің алдында сөз сөйлеу, өлең айту т.б.  

5.  Стационардан  шығарудың  алдында  әр  маман  пациентпен  жеке  кеңес 

жүргізіп, болашақта өзіндік жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқау береді. 

Сонымен, бұл жүйенің ерекшелігіне жататыны: 

  -міндетті түрде тұтықпаның клиникалық түрі ескеріледі; 

  -кешенді 

дәрігерлік 

педагогикалық 

барлық 


тәсілдері 

қолданады 

(психотерапия),  дәрімен  емдеу.  Логопедиялық  және  логоритмиканың 

жаттығулар,  жеке,  топпен,  ұжыммен  жүргізілетін  сабақтар,  емдеу 

физкультурасы, физиотерапия және жалпы денсаулықты нығайту шаралары. 

Ю.  Б.  Некрасованың  тұтықпаны  түзетудің  ерекше  жүйесі  (1985,1992). 

Бұл жүйе әлеуметтік реабилитациалық (социореабилитациалық ) деп аталып 

бірнеше  кезеңге  бөлінеді  және  тұтығушының  тұлғалық  жағына  мақсаты 

ықпал етуге бағытталады. 

Пропедевтикалық  кезеңнің  мақсаты  тұтығушының  алдағы  жұмысқа 

қызығушылығын  қалыптастырып  «жағымды  психикалық  жағдайларды» 

көбейту. 



 

232 


Екінші  кезеңнің  негізгі  тәсілі  эмоционалдық-стрестік  (титықтау) 

психотерапия  болып  табылады.  Сеанстың  негізгі  мақсаты  –  тұлғаны  қайта 

қалыптастыру  (реконструкция)  жұмысын  бастау.  (М.Н.Дубровский)    Сеанс 

көпшіліктің алдында күрделі жағдайда өтеді. Бұл сеанстан кейін тұтығушыда 

белсенді логопсихотерапияға сенімділкпен және қызығушылықпен қарайтын 

жаңа психикалың жағдай пайда болады.                                                         



Үшінші 

кезеңде 

библиотерапияны, 

символотерапия 

және 


кинезотерапияны  қолдану  арқылы  тұтығушының  тұлғасын  қайта  тәрбиелеу 

іске асырылады. Бұл кезеңде тұтығушы өзін және сөйлеу техникасын реттеу 

дағдыларын меңгереді. А.Н.Стрельникованың демалу жаттығулары белсенді 

қолданылады. 

Ю.  Б.  Некрасованың  ұсынған  жүйесін  қолдану  нәтижесінде 

пациенттердің  сөйлеуге  деген  қажеттілігі  дамытылады.    Л.  З.  Арутюнян 

ұсынған кешенді жүйе бойынша түзету жұмысы үш бағытта жүргізіледі: 

  -сөйлеу кезіндегі тыртысуды жоюға бағытталған логопедиялық жұмыс; 

  -сөйлеу актісіне байланысты үрей сезімін жеңілдетуге бағытталған 

психотерапия;  өзінің жағдайын сезінуге және жазылудың толық мүмкін 

екенін сендіруге бағытталған психологиялық жұмыс. 

Аталған  логопедиялық  әдістемелік  ерекшелігі  фразаның  жылдамдығы 

мен  интонациялық  бейнесін  анықтайтын  жетекші  қолдың  саусақтарының 

қимылы  мен  сөйлеуін  үйлестіру  болып  табылады.  Қолдың  саусақтарының 

қимылы  мен  сөйлеуін  баяу  жылдамдықпен  үйлестіру,  бірінші  сабақтан 

бастап кідіріссіз сөйлеуге мүмкіндік береді. 

Дайындық 

кезеңінде 

психотерапиялық 

ықпал 


арқылы 

ішкі 


психологиялық қорын (резерв) жұмылдырады, белсендіреді. Сабақтың негізгі 

маңыздылығы баланың өзінің ақаулығына, өзіне деген пікірін өзгерту болып 

табылады.  

Түзету жұмысының негізгі кезеңінде сөйлеу мен саусақ қимылдарының 

үйлесу  барысында  пациентте  жаңа  сөйлеуқимыл  дағдысы  қалыптасады. 

Жаңа  сөйлеу  стеоретипті  әр  түрлі  деңгейдегі  функционалдық  жаттығулар 

нәтижесінде бекиді. 

Негізгі  емдеу  курсы  біткен  соң  бірнеше  микрокурстар  өтеді.  Ондай 

микрокурстардың мақсаты біртіндеп өзіндік жұмыстың көлемін молайту, қол 

жеткен  нәтижелерді  бекіту  болып  табылады.  Жалпы  түзету  жұмысы 

микрокурстарды қосқанда бір жылға созылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет