I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет229/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   256
 

 

 

 

 

СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ 

 

 

1.  И.  П.  Павловтың,  А.  Р.  Лурияның  және  т.б.  ілімдерін  сипаттау.  Сөйлеу 

тілінің  табиғи-ғылымдылық  негіздерімен,  туындау  механизмдерін  ашудағы 

олардың ролі. 

2. Сөйлеу аппаратының анықтамасын беру. 

3. Сөйлеу тілінің орталық бөлімінің құрылымы мен рөлін сипаттау. 

4.  «Локализационисттер»,  «Антилокализационисттер»  теориясын  сипаттап, 

олардың  негізсіздігін  дәлелдеу. И. П. Павловтың  «динамикалық» теориясы 

тарапынан  сөйлеу    аппаратының  орталық  бөлімінің  функцияларын 

қарастыру. 

5. Сөйлеу аппаратының шеткі  бөлімінің құрылымы. Сөйлеу тілі мүшелерінің  

қызметін белгілеу (артикуляцияның белсенді және енжар мүшелері). 

6.  Физиологиялық  және  сөйлеу    кезіндегі  тыныс  алу  айырмашылықтарын 

белгілеу. 

7.  Дауыстың  жасалу  механизмін  ашу.  Дауыстың  жасалу  теориясына 

сипаттама (миоэластикалық, нейрохронаксикалық теориялар). 

8.  Артикуляция  аппараты  құрылымында  болуы  мүмкін  ақаулықтарды  атап, 

олардың сөйлеу тіліне тигізетін әсерін ашу. 

9. Сөйлеу актісінде сөйлеу-қимыл және есту анализаторларының ролін ашу. 

10. Сөйлеу тілі туа біткен функция еместігін дәлелдеу. 




 

416 


11. Сөйлеу әрекетінің қалыптасуындағы қарым-қатынас пен оқытудың ролін 

көрсету. 

12. Сөйлеу тілінің функцияларын атау. 

13. Сөйлеу тілінің қатынастық (коммуникативті) функциясын сипаттау. 

14. Сөйлеу тілі мен ойлаудың өзара байланысын көрсету (Л. С. Выготский). 

 

Тәжірибелік  тапсырмалар 

1. Кестелер (таблица) мен муляждарда Брока (моторлы), Вернике (сенсорлы) 

сөйлеу тілі орталықтарының орналасуын көрсету. Орталықтардың рөлін ашу. 

2.  Сөйлеу  тілі  дыбыстары  артикуляцияларының  профильдерін  сызып, 

олардан артикуляция мүшелерін белгілеуге үйрету. 

3.  Тістенудің  суреттері  мен  көшірме  бейнесі  бойынша  ақаудың  түрін 

белгілеу. 

4. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын іріктеу: 

 

1-тапсырма 

Сөйлеу аппаратының орталық бөлімінің құрылымы: 

1)  Ми  қыртысы,  ми  қыртысы  асты,  сопақша  ми,  сопақша  ми  ядролары,  

пирамидальды жолдар. 

2)  Ми қыртысы, ми қыртысы асты, сопақша ми. 

3)  Ми қыртысы, ми қыртысы асты, пирамидальды жолдар, дауыс жасалу 

бөлімі. 


4)  Пирамидальды жолдар, ми қыртысы асты, сопақша ми. 

5)   Ми қыртысы, ми қыртысы асты, артикуляция бөлімі. 

                              

2-тапсырма 

Сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің  құрылымы: 

1)  тыныс алу бөлімі, дауыстың жасалу бөлімі, 

2)  артикуляция бөлімі, 

3)  тыныс алу бөлімі, дауыстың жасалу бөлімі, артикуляция бөлімі, 

4)  дауыстың жасалу бөлімі, сопақша ми, 

5)  пирамидальды  жолдар. 

 

3-тапсырма 

Артикуляцияның белсенді мүшелерін ата: 

1)  ерін, тіл, жұмсақ таңдай, астыңғы жақ сүйек, 

2)  ерін, тіл, қатты таңдай, 

3)  ерін, тіл, жұмсақ таңдай, тістер, 

4)  тіл, жұмсақ таңдай, астыңғы жақ сүйек, 

5)  тіл, жұмсақ таңдай, еріндер, жоғарғы жақ сүйек. 



 

4-тапсырма 

Сөйлеу кезіндегі тыныс алуға тән емес: 

1)  дем шығаруда сөйлеу 

2)  дем шығару тыныс алудан ұзағырақ 




 

417 


3)  тыныс алу қимылдары екі есе аз 

4)  сөйлеу тыныс алуда жасалады 

5)  тыныс алу ауыз арқылы жасалады 

 

5-тапсырма 

Мұрын мен ауыз қуысы арасындағы қалқанның аты: 

1)  кеңірдек 

2)  жұтқыншақ 

3)  тіл 

4)  таңдай 

5)  трахея 

 

6-тапсырма  

Азу  тістері  тістенген  жағдайдағы  жоғарғы  және  төменгі  жақ  сүйектерінің 

қатынасы не?: 

1)  тістену 

2)  прогения 

3)  прогнатия 

4)  артикуляциялық аппарат 

5)  артикуляция мүшелерінің қалпы 

                                 

 

 

7-тапсырма  



Жұмсақ таңдайдың құйрықшақтығы қалай аталады?: 

1)  тіл 


2)  қатты таңдай 

3)  увуля 

4)  тіл асты сіңірі 

5)  кеңірдек 

                                    

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ АРТИКУЛЯТОРЛЫ-АКУСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 

 

  

 



1. «Фонема» түсінігіне сипаттама бер. 

2.  Фонемелардың  негізгі  дифференциалды  мағынасын  ажырату  белгілерін 

ата. 

3. Дауыссыз дыбыстар жіктеліміне сипаттама бер: 



-  дауыс перделерінің қатысы бойынша, 

-  тіл арқасының ортасы қатысы бойынша, 

-  жасалу орны бойынша, 

-  жасалу тәсілі бойынша. 

4. Дауысты дыбыстардың артикуляторлы сипатын ашып айту. 

5. Дауысты дыбыстар жіктеліміне сипаттама бер. 

6. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылықтарын ата. 



 

418 


7. 

Жуан  және  жіңішке  дауыссыз  дыбыстар  артикуляциясындағы 

айырмашылықтарды атау. 

8.  Ұяң  және  қатаң  дауыссыз  дыбыстар  артикуляциясындағы  ұқсастық  пен 

айырмашылықтарды атау.   

 

Тәжірибелік тапсырма 



 

1. Таңдай пердесі жабық болатын екі дыбысты, артикуляциясында таңдай  

пердесі ашық болатын екі дыбысты ата. 

2. «С», «Ж» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар. Салыстырып  

ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар. 

3. «Ш», «Ж» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар.     

Артикуляциялық аппараттың қалпындағы ұқсастығы мен айырмашылығын  

анықтаңдар. 

4. Ойланып, талдаңдар. 

«Р» дыбысының артикуляциясын сызыңдар, тілдің, жұмсақ таңдайдың, дауыс  

пернелерінің қалпына көңіл бөліңдер, «РЬ» дыбысының 

артикуляциясымен салыстырыңдар. 

5. «Л», «ЛЬ» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар. Артикуляциялық  

аппарат мүшелерінің  ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіріңдер.                            

6. Ойланып табыңдар. «Ч», сосын «Щ» дыбысын атаңдар, тілдің қалпына 

көңіл аударыңдар. Бұл дыбыстардың артикуляциясының айырмашылығы мен 

ұқсастығы қандай. Профильде (кескінде) көрсетіңдер. 

7. Ойланып, талдап, жауап беріңдер. 

Жұмсақ дыбыстарды (С', Ш', Р', П' т.б.) айтқанда тілдің қалпы қалай өзгереді. 

Профильде сызып көрсетіңдер.                                                   

8. Ойланып, талдап, жауап беріңдер. 

«П-б-м» және «т-д-н» дыбыстарының айтылуы қандай артикуляциялық  

мүшелердің жұмысына байланысты. 

9. Ойлан, тап. 

«К», «Қ» дыбысының артикуляциясын сызыңдар.  

Тілдің, жұмсақ таңдайдың, дауыс желбезегінің қалпына көңіл аударыңдар. 

«Г», «Ғ» дыбысының артикуляциясынан айырмашылығы неде? 

10. 


 Ойланып, қатесін тап. 

 

«С» дыбысын айтқанда - ерін жымияды, тістердің арасында 1-1,5 мм саңлау 



қалады,  тілдің  ұшы  астындағы  күрек  тістерге  тиіп  тұрады,  тілдің  ортасы 

ойық,  тілдің  екі  бүйірі  жоғарғы  азу  тістерге  тиіп  тұрады,  жұмсақ  таңдай 

көтеріліп, мұрынға ауа жолын жабады, дыбыс пернелері ажырайды, ауа жолы 

әлсіз және суық келеді. 

11. 

Ойланып, талдаңдар. 



 

«С»,  «З»  дыбыстарының  артикуляциясын  сызыңдар.  Сол  дыбыстардың 

артикуляциясының ұқсастығы мен айырмашылығын табыңдар. 

12. 


 Қай дыбыстың артикуляциясы: Ерін аздап дөңгеленіп, тіл «ожауға» 


 

419 


ұқсатылып  таңдайға  қарай  көтеріледі,  бірақ  тимейді,  тілдің  екі  жақ  бүйірі 

жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады, жұмсақ таңдай көтеріліп мұрынға баратын 

ауа жолын жабады, дауыс пернелері ажырайды, ауа жолы күшті және жылы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет