I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет230/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   256
           

13. Ойланып, қатесін тап. 

 

«Ж» дыбысын айтқанда ерін аздап дөңгеленіп алдыға қарай шығыңқы келеді, 



тіл  «ожауға»  ұқсап  таңдайға  көтеріледі,  бірақ  таңдайға  тимейді,  тілдің  екі 

жақ  бүйірі  жоғары  азу  тістерге  тиеді,  жұмсақ  таңдай  жұтқыншақтың  артқы 

қабырғасына тиіп тұрады, дауыс пернелері ашық, ауа жолы әлсіз, жылы. 

14. 


 Қай дыбыстың артикуляциясы. 

 

Артикуляциялық аппарат мүшелерінің  қалпы  «Ш» дыбысын айтқандағыдай, 



бірақ «Ш» дыбысына қарағанда тіл аздап алға қарай жылжыған, сәл көтеріңкі 

болады. 


          

15. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын ата: 

 

1- тапсырма 

Берілген    сипаттама  қай  дыбысқа  тән:  дауыссыз,  мұрын  арқылы  айтылады,  

жіңішке, тіл алды, жабысыңқы-өтпелі: 

1)  ТЬ 


2)  Д 

3)  НЬ 


4)  Л 

5)  МЬ 


2-тапсырма 

Берілген  сипаттама  қай  дыбысқа  тән:  дауыссыз,  қатаң,  ауыз  арқылы,    жуан, 

тіл алды, саңылаулы: 

1)  Ш 


2)  Л 

3)  С 


4)  Д 

5)  Ф 


3-тапсырма 

Берілген  сипаттама  қай  дыбысқа  тән:  дауыссыз,  ұяң,  ауыз  арқылы,  жіңішке, 

тіларты, жабысыңқы: 

1)  НЬ 


2)  Д 

3)  Х 


4)  ГЬ 

5)  КЬ 


4-тапсырма 

Ойлан, тап. 

Мына артикуляция қай дыбысқа тән? 

- еріннің қалпы келесі дауысты дыбысқа байланысты, 

- тіл жоғарғы альвеолға көтеріліп, дірілдейді; 

- бүйір шеттері түп азуларға тиеді; 

- дауыс пернесі қосылған, дірілдейді. 




 

420 


 

ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

1.  Логопедиялық тексеру қағидаларын атап, сипаттама беру. 



2.  Сөйлеу 

тілі  бұзылыстарын  талдаудағы  жүйелілік,  жанжақтылық 

қағидасының ролін көрсету. 

3.  Логопедиялық тексеру түрлерін сипатта. 

4.  Үстіртін және  тереңдетіп тексерудің мақсат, міндеттерін ашып айту. 

5.  Логопедиялық тексерудің әдістерін ата. 

6.  Логопедиялық тексеруге арналған дидактикалық материалдарды ата. 

7.  Логопедиялық тексеру құрылымын ашып айт. 

8.  Логопедиялық  тексеруді  ұйымдастыру  алдында  анамнезді  жинау 

қажеттілігін дәлелдеу. 

9.   Артикуляциялық аппаратты тексеруге қойылатын талаптарды ата. 

10.  Сөйлеу тілінің просодикалық жағын тексеру әдістемесін ата. 

11.  Фонематикалық  қабылдау,  талдау  (қарапайым  және  күрделі  түрлері), 

жинақтаудың 

қалыптасу 

деңгейін 

айқындауға 

бағытталған 

тапсырмаларды атау. 

12.  Балалардың дыбыс айтуын тексеруге қойылатын талаптарды ата. 

13.  Сөйлеу тілінің лексикалық жағын тексеру әдістемесін ата. 

14.  Сөйлеу  тілінің  граматикалық  құрылымының  жағдайын  айқындау 

әдістемесін атап, сипатта. 

15.  Балалардың  байланыстырып  сөйлеуін  тексеруге  қойылатын  талаптарды 

атап сипатта. 

16.  Оқушылардың  жазбаша  сөйлеу  тілін  тексеруге    қойылатын  талаптарды 

ата. 

17.  Балалардың  зиятын,  сенсомоторлы  дағдыларын  тексеру  әдістемелерін 



ата, сипатта. 

18.  Білім  беру  мекемелерінде  балаларды  тексеру  мерзімдерін  негізде: 

(«Мектепке дейінгі және мектеп  мекемелерінде логопедиялық пункттерді 

ұйымдастыру жөніндегі ережелерге» сүйеніп). 



 

Тәжірибелік  тапсырмалар 

1.  Сөйлеу карталарын талдап, логопедиялық тексерудің кезектілігін,  

мазмұнын  белгілеу.  Кешенділік,  жүйелілік,  жан-жақтылық,  динамикалық 

тәсіл қағидаларының іске асырылуын көрсету. 

2.  Жауаптардың дұрыс нұсқаларын ата: 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет