I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет61/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   256
 

Ұсынылған әдебиеттер: 

1. Основы теории и практики логопедии. Р. Е. Левинаның ред. М., 1968 

2.  Қ.  Қ.  Өмірбекова,  С.  Ж.  Өмірбекова  “С”  дыбысын  түзетуге  арналған  

жұмыс дәптері. Алматыкітап, 2002 

3. Қ. Қ. Өмірбекова, Сөйлеу тілін тексеру әдістері. Алматы, 2010 

4. Қ. Қ. Өмірбекова, “Р” дыбысын түзету жолдары. Алматыкітап, 2003 

5.  Г.  С.  Оразаева,  Логопедиялық жұмыста  ұлттық ойындарды  пайдалану, 

Алматы, 2006 



 

 

 


 

113 


8 БӨЛІМ.  ДИЗАРТРИЯ 

Дизартрия-  сөйлеу  аппаратының  иннервациясының  жеткіліксіздігінің 

салдарынан  сөйлеу  тілінің  дыбыс  айтуының  бұзылуы.  Дизартрияда  негізгі 

кемістік  дыбыс  айту  мен  сөйлеу  тілінің  просодикалық  жағының  орталық 

және шеткі нерв жүйесінің органикалық зақымдалуына байланысты бұзылуы 

болып табылады. 

 

Дизартрия  гректің  artron  -  мүшелеу,  бөлшек,  dis  -    бұзылу  сөздерінен 



шыққан.  Дизартрияның  негізгі  белгілеріне  (симптомдарына)  дыбыс  айтуы 

мен  дауысының,  артикуляциялық  моторикасының,  сөйлеу  кезіндегі  тыныс 

алуының  бұзылуы  жатады.  Дизартрияда  дауысты,  дауыссыз  дыбыстардың 

айтылуы  бұзылады.  Дыбыс  айтудың  антрофониялық  (бұрмалап  айту)  және 

фонологиялық  (алмастыру,  шатастыру)  түрінде  айтылуы    кездеседі. 

Фонологиялық  түрлерінде  айтылуы  ұқсас  дыбыстарды  артикуляциялық, 

акустикалық  сипаттамалары  бойынша  ажырату  қиындық  туғызады. 

Сондықтан, көп жағдайда ондай балаларда жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы,  

бұлшық  еттердің  (артикуляциялық  аппараттың,  беттің,  мойынның)  қатаюы-

гтпертонус, әлсіреуі, төмендеуі, босансыуы –гипотония байқалады. 

 

Дизартрияның  себептері  баланың  құрсақта  жатқанда,  туылған  кезде, 

туғаннан  кейінгі  уақыттағы  әр  түрлі  жағымсыз  факторлардың  салдарынан 

орталық  және  шеткі  нерв  жүйесінің  органикалық  зақымдалуы  болып 

табылады.  Атап  айтсақ,  асфиксия,  туу  кездегі  жарақаттар,  мидың  қан 

айналысының  бұзылуы,  бас  мидағы  ісіктер,  инфекциялық  аурулар,  нерв 

жүйесінің тұқым қуалаушылық аурулары. 

Балалық 

шақтағы 


дизартрия 

мәселесі 

клиникалық, 

нейролингвистикалық, психопедагогикалық бағытта қарқынды жетілуде. 

Шетел  әдебиетінде  бұл  мәселе  туралы  келесі  ғалымдардың  жұмысында 

көрсетілген  M.Clement,  1959,  C.Bohme,  1968,  R.D.Neilson,  N.D.Dwer,  1984 

және басқа авторлар. 

Сөйлеу  патологиясының  алғашқы  топтастыруында  артикуляцияның  барлық 

бұзылыстары  жеке  топқа  бөлінеді  және  «дизартрия»  терминмен  аталды 

(Kussmaul,  1879).    Бірақ,  1888  ж.  Gowers  сөйлеу  тілінің  дизартриялық 

бұзылысын церабральды және бульбарлы түрі деп екіге бөлді. Дизартрияның 

нейроанатомиялық 

қағида 

бойынша 


топтастырылған 

ең 


толық 

классификацияларының  бірін  1948  жылы  Peocher  берген.  Ол  дизартрияның 

келесі  түрлерін  бөліп  атайды:  қабықтық,  субкортикальды  (хорея,  ататоз, 

Паркинсон  ауыруында),  педункулярлы,  супрануклеарды  (псевдобульбарлы), 

бульбарлы 

нуклеарлы, 

церебральды, 

диэнцефльды, 

мезэнцефльды, 

перифериялық,  бас  сүйек  жүйкелермен  байланысты,  терең  сезімділік 

бұзылыстармен 

байланысты 

дизартрия, 

бас 


миының 

диффузды 

зақымдануындағы 

дизартрия 

(токсикоздар, 

контузиялардан 

кейінгі 

жағдайлар),  эпилепсиядағы  дизартрия,  субкортикальды  экспрессивті 

афазияда кездесетін дизартрия (апроксиялық).  

Бірақ  автордың  өзі  осы  топтастыру  толық  жетілмеген  және  «дизартрия» 

деген термин анық емес  деп мойындады.  



 

114 


Дизартрияның  табиғатын  зерттеу  Ресейлік  логопедия  тәжірибесінде 

айрықша  көрініс  тапты.  О.  В.  Правдинаның  (1969)  еңбегінде  дизартрия 

түсінігі неврологиялық жағынан анықталды және де дыбыстық бұзылыстарға 

сәйкес  жеке  синдромдар  көрсетілді.  И.  И.  Панченконың  (1972)  жұмысында 

сал ауыруы бар балаларда дизартрияның клиникалық көрінісінің патогенезін 

анықтауға  әрекет  жасалды  және  логопедиялық  жұмыстың  патогенетикалық 

негіздемесінің әдестемесін жасауға тырысты. 

Дизартрияны  жіктеу  сұрақтары  туралы  бірыңғай  қөзқарас  жоқ. 

Оқшаулау  ұстаным  бойынша  құрастырылған  жіктеу,  дизартрияның  келесі 

түрлерін  қосады:  сопақша  ми  дизартриясы  (бульбарлы),  жалған  сопақша  ми 

дизартриясы  (псевдобульбарлы),  мишық,  ми  қыртысы  дизартриясы,  ми 

қыртысы асты немесе экстрапирадалды  дизартриясы. 

Сөйлеу  тілінің  айналасындағыларға  түсініктілік  денгейіне  байланысты 

топтастыруды  француз  невропатологі  G.  Tardier  (1968)  қарастырған. 

Балалардың церебральді сал ауыруына (БЦСА) қатысты автор сөйлеу тілінің 

бұзылуын төрт денгейге бөледі: 

•  І  денгей  –  ең  жеңіл  түрі,  сөйлеу  тілінің  бұзылысы  тек  арнайы  тексеру 

барысында ғана анықталады; 

•  ІІ  денгей  –  айналасындағылар  дыбыс  айту  бұзылыстарын  байқайды,  бірақ 

сөздері түсінікті болады;  

•  ІІІ  денгей  -  баланың  сөзі  тек  жақын  адамдарға  ғана  түсінікті,  басқалар 

түсінбейді; 

•  ІV  денгей  –  сөйлеу  тілі  мүлдем  жоқ  немесе  жақындары  да  түсінбейді 

(анартрия). 

Дизартриясы  бар  балалар  клиникалық-психологиялық  сипаттамасы 

бойынша  әр  түрлі  топтарды  құрайды.  Дизартрияның  ең  ауыр  түрлері 

интеллекті  сақталған,  зияты  бұзылған  балаларда  кездесуі  мүмкін,  ал  жеңіл 

немесе «көмескі» түрі  интеллекті сақталған балаларда кездеседі. 

Дизартриясы  бар  балалар  жалпы  психофизикалық  дамуына  байланысты 

бірнеше топқа бөлінеді: 

-  психофизиологиялық дамуы қалыпты балалардағы дизартрия; 

-  БЦСА балалардағы дизартрия; 

-  зияты бұзылған балалардағы дизартрия; 

-  гидроцефалиямен зақымдалған балалардағы дизартрия; 

-  ПДК балалардағы дизартрия; 

-  Минимальді дисфункциясы бар балалардағы дизартрия; 

Дизартрияның  ақырғы  түрі  мектепке  дейінгі,  мектеп  жасындағы  балаларда 

жиі кездеседі. 

Дизартрияның  әр-алуан  түрлерінің  көптеген  ортақшылығы  бар,  бірақ 

олар үшін терең айырмашылық та сипат алады, оларды білу логопедке түзету 

жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. 

Дизартрия мәселесімен шұғылданған авторлар көпшілігі ересектер мен 

балалардың  дизартрия  түрлерінде  айырмашылық  бар  екенін  атап  көрсетеді. 

Қазіргі кезеңдегі логопедияда ересектер мен балалардың дизартриясын бөлек 

қарастырады.  



 

115 


 

Ересектердің дизартриясының негізгі клиникалық түрлері 

 

Сопақша ми дизартриясы  (бульбарлы).   Дизартрияның бұл түрі сопақша ми 

мен нерв жүйесінің ядроларының зақымдалуының салдарынан болатын әлсіз, 

солған параличтің байқалуымен сипатталады. 

Бульбарлы  дизартрияның  басқа  түрінен  айырмашылығы  -  нақты  бір  жүйке 

функциясының  (VII,  IX,  X,  XII)  бұзылуына  байланысты  жеке  бұлшық 

еттерінің зақымдалуы мүмкін. 

Параличтің  солғын  қимыл-қозғалыстардың  бұзылу  симптомдары 

жүйке ядролардың, шеткі  ІХ (тіл-жұтқыншақ), Х (ауасу, қозу), ХІІ (тіласты) 

жүйкелердің  зақымдалу  негізінде  кездеседі.  Бұл  жүйкелердің  қимыл 

талшықтары  жұтқыншақ,  көмей,  тіл,  жұмсақ  таңдай,  тіл  бұлшық  еттерін 

иннервациялайды.  Ал  бұлшық  еттер  артикуляцияны,  дауыс  шығаруды  және 

жұту актісін қамтамасыз етеді. 

Бульбарлы  параличте  артикуляциялық,  дауыс  шығару  және  дем  алу 

мүшелерінің шеткі бөлігінің бұлшық еттерінің тонусы төмендейді, гипотония 

немесе атония байқалады. Бұлшық еттердің көншілігі кішірейеді, әлсізденеді, 

сондықтан  қоздырғыштарға  реакция  болмайды,  яғни арефлексия  байқалады. 

Бұл ауытқулардың барлығы бұлшық еттердің атрофиясына әкеліп соғады. 

Бульбарлы  дизартрияда  ерікті  және  еріксіз  қимылдар  бұзылады. 

Дауыссыз  дыбыстардың  бұзылуы  тілдің  әр  бөлгінің  бұлшық  еттерінің 

параличтеріне байланысты. Мысалы, тілдің түбірінде паралич байқалса, онда 

көбінесе тіларты дыбыстары бұзылады. Ал, дауысты дыбыстар көп жағдайда 

«а»,  «о»  дыбысына  ұқсас  айтылады.  Сонымен,  бульбарлы  дизартрияның 

сипаттамасы: 

1.  сопақша мидағы моторлық нейрондардың зақымдалуына байланысты  

бульбарлы  дизартрияда  сөйлеу  мүшелернің  бұлшық  еттерінің  тонусы 

төмендейді; 

2.  сөйлеу тілінің фонологиялық жүйеснің моторлық жағының бұзылуы,  

дыбыстарды ана тіліне тән емес дыбыстармен алмастырады; 

3.  ауырғанға дейін сөйлеу тілі қалыптасқан адамдардың, дыбыс айту  

жүйесінің  моторлы  жағының  бұзылуы  төмендегідей  зақымдармен 

сипатталады: 

-  дауыс қатпарларының парезінде дауыссыз, дауысты дыбыстар күңгірт 

естіледі, қатаң-үяң, жуан-жіңішке белгілері анық байқалады; 

-  жұмсақ таңдайдың парезінде, таңдай шымылдығы салбырап, ауыз  

қуысына  түсіп  тұрады  да,  дыбыстар  мұрынмен  айтылады  (нозализация 

байқалады); 

-  еріннің, тілдің бұлшық еттерінің парезінде дыбыстардың жасалу  

орнына байланысты алмастыру байқалады; 

-  тілдің, еріннің, астыңғы жақтың парезінде дауысты дыбыстардың  

негізгі  белгілері  (жоғарылығы,  қатары,  еріннің  дөңгеленуі)  бойынша 

айырмашылықтар байқалады. 

 



 

116 


Жалған сопақша ми дизартриясы (псевдобульбарлы дизартрия) 

Жалған сопақша ми дизартриясы артикуляциялық аппараттың шеткі бұлшық 

еттерінің спастикалық параличімен сипатталады. 

 

Қимылдың  мөлшері  қысқарған,  баяу  болып  келеді.  Бұлшық  еттердің 



гипертонусымен  қатар  гиперрефлексия  байқалады.  Қалыпты  жағдайда  ерте 

жаста жойылып кететін шарттсыз рефлекстер: ему, тұмсық рефлексі, еріксіз                                                                                             

күлу,  жымию,  жылау  көпке  шейін  сақталады.    Дизартрияның  бұл  түрінде 

ерікті  қимылдар  бұзылады,  еріксіз  қимылдар  сақталған  болады. 

Дизартриямен  зақымдалған    адам  нұсқау  бойынша  ернін  алға  қарай 

шығарып,  дөңгелете  алмайды,  ал  тамақ  ішкен  кезде  ол  қимылдарды  жасай 

алады.  Ауыз  қуысын  тексеру  барысында  тілдің  қатайғанын,  тіл  артқа  қарай 

тартылғанын,  тілдің  енжар,  белсенді  қимылдарының  қиындығын  көруге 

болады.  Әсіресе  тілді  жоғары  көтеріп  мұрынға  қарай  бұруы  қиынға  соғады 

және жалған сопақша ми дизартриясына тән синкинезиялар байқалады. 

 

Тілдің және басқада сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің қимылының 



көлемі  мен  кысқарудың  күшінің  азайуы  барлық  дыбыстың  артикуляциясын 

өзгертеді.  Мысалы,  «р»  дыбысын  айтуда  тілдің  ұшының  дірілі 

жеткіліксіздігінен,  «л»  дыбысын  айтуда  -  тілдің  ұшын    бүге  алмаудың 

салдарынан осы дыбыстар анық айтылмайды. «Ш», «Ж» дыбыстары жұмсақ 

айтылады, «п»,  «б»,  «к» дыбыстары  жиі алмасады (д=т, ч=щ, т.б.). Дауысты 

дыбыстың артикуляциясы артқа қарай жылжиды. 

Жалған  сопақша  ми  дизартрияның  сөзсіз  сиптоматикасына  жұту 

функциясының  бұзылуына  байланысты  саливация  (сілекей  ағу)  қосылады. 

Мимикасы  кедей,  сөйлеу  жылдамдығы  баяу,  сөйлеу  кезіндегі  дем  шығару 

қысқа болады, сондықтан фразаның «үзілуі» байқалады.  



Қорытынды. 

1.  Жалған сопақша ми дизартриясы орталық спастикалық параличтің бір  

белгісі және сөйлеу кезіндегі қимылдың бұзылуы болып саналады. 

2.  Ерікті  қимыл  бұзылады,  еріксіз  (рефлекторлы)  қимыл  сақталған 

болады. 

3.  Тіл жүйесінде спастикалық паралич кезінде артикуляциясы күрделі  

дыбыстар бұзылады. 

4.  Барлық дыбыстар (дауысты дыбыстар да) мұрыннан айтылады. Дауыс  

қырылдап шығады, тез шаршап қалады. 

5.  Сөйлеу  жылдамдығы  баяу,  сөз  түсініксіз,  фразалардың  қысқа 

интонациясы, әуезділігі нашар болады. 

 

Мишық дизартриясы 



 

Мишық  дизартрия  жеке  таза  түрінде  өте  сирек  кездеседі.  Миға  қан 

күйылу,  ісіктің  салдарынан  мишықтың  немесе  мишықты  орталық  нерв 

жүйесімен қосатын жолдардың зақымдалуынан пайда болады. 



Неврологиялық статусы: тілдің, еріннің бұлшық еттерінің тонусы төмен, 

тіл  жіңішке,  қимылы  шектелген,  артикуляциялық  қалыпты  ұстай  алмайды, 

бағытты,  мақсатты  ұсақ  қимылдар  жасау  барысында  тілдің  треморы  (дірілі) 



 

117 


байқалады.  Жұмсақ  таңдай  салбыраңқы.  Бет  әлпетінде  мимика  болмайды. 

Қимыдың координациясы бұзылған болып келеді.  



Сөйлеу  статусы:  сөйлеу  тілі  түсініксіз,  баяу,  фразаның  аяғында  кейбір 

дыбыстарды  қатты  дауыстап  айтады  немесе  мүлдем  дауысы  шықпай,  сөздің 

арты  естілмей  өшіп  қалады.  Сөйлеу  ырғақтылығы  бұзылған,  дыбыстарды 

мұрыннан айтады, дауысы әлсіз. 

Мишығы  зақымдалған  адамдарда  тыныштық,  қимылсыз  күйде  де,  қимыл 

кезінде  де  бұлшық  еттердің  гипотониясы  байқалады.  Аяқ-қолдарын 

сәйкестендіруде қиындықтар байқалады. Психикасында кейбір ерекшеліктер 

кездеседі (орынсыз күлу, сөйлеп қою, т.б.). 



Қорытынды. 

1.  Мишықтың және оның жолдарының зақымдануында бұлшық еттердің  

тонусының төмендеуі, қимылдың диссиметриясы байқалады. 

2.  Просодикалық ерекшеліктері: дауыс күшінің тұрақсыздығы, оның өшіп  

қалуы, тоқтап, іркіліп қалуы, мәнерлеп сөйлеуі байқалады. 

3.  Сөз аяғында буынды немесе дыбысты айтпауы сөйлеу тілін түсініксіз  

етеді. 

4.  Дем алуға қатысты бұлшық еттердің треморы тыныс алуына, дауыстың  

дірілдеп шығуына әсер етеді. 

5.  Сөйлеу кезінде дене кейпінің қатайуы бетінің қызаруын немесе  

сұрлануын тудырады. 

 

Ми қыртысы асты немесе «экстрапирамидалық» дизартрия 



 

Ми  қыртысы  асты  дизартрия  бас  миының  ми  қыртысы  астындағы 

түйіншіктердің зақымдалу салдарынан болады.  

Неврологиялық  статусы:  бұлшық  ет  тонусының  тұрақсыздығы 

(дистония),  бет  және  артикуляцияның  бұлшық  еттерінде  еріксіз  қимылдар 

(гиперкинез)  байқалады.  Кейде  гиперкинездің  салдарынан  ауыз  еріксіз 

ашылып,  тілі  алға  бірден  шығып,  ауыру  адам  біршама  осы  қалыпта  тұрып 

қалады. 

 

Сөйлеу тілінің бұзылуының сипаттамасы. Сөйлеу кезінде тоқтап қалу,  

сөйлеу жылдамдығының бұзылуы (бір буынды тез айтады, басқа буындарды 

баяу  немесе  мүлдем  айтпайды)  жеке  дыбыстарды,  буынды,  сөзді  қайталап 

айту 


(персеверация) 

байқалады. 

Сөйлеу 

тілінің 


әуезділігнің 

(просодикасының)  бұзылуы  сөйлеу  кезіндегі  тыныс  алудың  бұзылуымен 

бірге байқалады. 

Дайыс  күнгірт,  әлсіз,  тембрі  көмескі  болып  келеді.  Бұлшық  еттердің 

ауыспалы  тонусы  мен  гиперкинездердің  салдарынан  сөйлеу  тілінің 

фонетикалық  жағы  мен  просодикасының  әр  түрлі  және  тұрақсыз 

бұзылыстары байқалады. 

 

Қорытынды. 

1.  Дизартрияның экстропирамидалық түрі мидың ми қыртысы асты  



 

118 


аумағының зақымдалуының салдарынан пайда болады. 

2.  Гиперкинездер мен сөйлеу мүшесінің бұлшық етінің ауыспалы тонусы 

сөйлеу тілін дөрекі бұзады. 

3.  Фонетикалық бұзылыстардың бірқалыпты, тұрақты бұзылуы  

байқалмайды. 

4.  Ауызша сөйлеу процесінде тыныс алу, дауыс шығару, артикуляциялық  

мускулатураларының  қысқару  уақытының  арасында  байланыстылық 

бұзылады. 

5.  Дауыс пайда болу қиыншылығы - дауысты ерікті қосу мен сөйлеу  

кезінде тез шаршап қалуымен сипатталады. 

6.  Сөйлеу тілінің жатықтығы мен интонациялық-әуезділік құрылымының  

бұзылуы. 

 

Ми қыртысы дизартриясы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет