I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет215/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   256
Топқа қабылданбаудың себептері: 

Арнайы балабақшаға (топтарға) төмендегідей балалар қабылданбайды: 

а) есту қабілеті зақымдалған балалар; 

ә) ақыл-ойы кемдігінің салдарынан болған сөйлеу тілі дамымаған балалар; 

б) қояншық ауруы жиі ұстайтын балалар; 

в) тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар; 

г) тәртібі күрделі психопатияға ұқсас балалар; 

ғ) өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын мүгедек балалар; 

д) жалпы білім беру балабақшасына тіркеуге сай келмейтін балалар; 

Топ  құрамының  саны  сөйлеу  тілінің  күрделігімен  белгіленеді.  Сондай-ақ  

жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған,  тұтықпасы  бар  балаларға  арналған  

топтардағы  балалар  саны  10  бала,  фонетика-фонематикасы  жетілмеген 

балаларға  арналған  топтарында  –  12  бала,  жеке  дыбыстарды  айту 

бұзылыстары бар балалар тобында - 15 бала. 

Жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  балалар  топтарында  балалармен  жалпы 

білім  беру  мектебінде  немесе  сөйлеу  мүмкіндіктері  шектеулі    балаларға 

арналған мектептерде оқытуға дайындық жұмысы жүргізіледі.  

 Фонетика-фонематикасы  жетілмеген  балалар    топтарында  және    жеке 

дыбыс  айту  бұзылыстары  бар  балаларға  арналған  жалпы  білім  беру 

мектебінде  оқытуға  дұрыс  дайындық  жүргізіледі.  Тұтықпасы  бар  балаларға 

арналған топтарда балаларды жалпы білім беру  мектебінде немесе ауыр тіл 

кемістігі бар балаларға арналған мектептерде оқытуға дайындық  жүргізіледі. 

Сөйлеу  тілі  кемістігі  түзеле  салысымен  балалар  жалпы  білім  беру 

балабақщаларына ауыстырылады.  

 Балалар  топқа  келген  алғашқы  екі  аптада  оның  сөйлеу  тіліне 

логопедиялық тексеру жүргізіледі. Баланың  фразалық сөйлеу тілі  бар-жоғы 

айқындалады,  сөйлеу  тілін  түсінуіне,  лексикалық,  грамматикалық  талдауға, 

дыбыстық  талдау,  жинақтау  жасауға  дайындығы,  фонетикалық  өнделуіне, 

сөздің  буындық  құрамының  қалыптасқандығы  артикуляциялық  аппараттың 

құрамы мен  қалыптылығына назар аударылады.  

Тексеруді  аяқтап,  логопед    топ  тәрбиешілеріне  әр  баланың  сөйлеу  тілі 

дамуының  негізгі  кемістіктері  (сөйлеу  тілі  дамуында  айтарлықтай 

ауытқулары  бар  балаларды),  ерекшеліктері  туралы  айтып,  әсіресе  түзете 

оқыту  мазмұны  туралы  тиянақты    түрде  түсіндіреді.  Логопед  оқытудың  әр 

кезеңдерінде балалардың сөйлеу тіліне қойылатын талаптарды белгілейді. Әр 

педагог  дыбыстың  қате  айтылуы,  сөйлеу  тіліндегі  аграмматизмдер  неден 

тұратынын  жақсы  түсініп,  сөйлеу  тілі  бұзылысының  сипатын,  сөйлеу  тілі 

дамуының динамикасын нақты білуі  керек. 

 Оқу жылы бойы логопед төмендегідей  құжаттар толтырады: 

а) жұмыстың  алдын ала жоспары; 

ә) топтық, шағын топтық, жеке сабақтың жоспарлары; 

Әр  баламен  жүргізілетін    сабақтарға  арналған  жеке  дәптер  бастап,  апта 

сайын  (айына  бір  реттен  кем  емес)  логопед  түзету  жұмысын  жоспарлайды, 



 

400 


күнделікті  түзету  сағатында  күннің  2  жартысында  тәрбиеші  баланың 

тапсырманы орындауын белгілеп отырады. 

 Алдын ала жоспар құрғанда логопед ескеруі керек: 

1) тәрбиешілермен әңгімелесу, кеңестер жүргізуді; 

2) логопедтің ересектер және мектепалды  даярлық топ балаларының сөйлеу 

тілін тексеруді; 

3)  логопедтерге,  жалпы  білім  беру  және  түзету  топ  тәрбиешілеріне  арналған 

ашық логопедиялық сабақтар жүргізуді; 

4)  ауыр  тіл  кемістігі  бар  балаларды,  басқа  мамандарды  шақырып 

(психоневролог, тәрбиеші, музыка жетекшісі) кеңес алып тексеру; 

5)  педкеңестер,  семинар,  кеңестер,  әдістемелік  бірлестіктерге,  жиындарға, 

конференцияға қатысу; 

6) ата-аналармен байланыс, жеке әңгімелесулер, ата-аналарды ұйымдастыру; 

жиналыстар ашып, ата-аналардың қатысуымен балаларды мектепке шығарып 

салуды ұйымдастыруды т.б. 

Әр топтық сабаққа жоспар құру міндетті түрде болуы керек. 

Жоспарда  сабақ  тақырыбын,  мақсатын,  құрал-жабдықтарын,  жүру 

барысын  белгілеу  керек.  Тәрбиеші  сабаққа  қатысып,  балалардың  жіберген 

қателерін жазып, талдап, есепке алу бағанында жазады. 

Логопедпен тәрбиеші арасындағы байланыс дәптерін логопед жүргізеді. 

Дәптерге логопед жеке баламен (күніне 3-6 бала) тәрбиеші түзету сағатында 

орындайтын тапсырмаларды жазып қояды. Тапсырмалардың барлық түрлері 

балаларға  таныс  болып,  тәрбиешіге  әбден  түсіндірілуі  керек.  Есепке  алу  

бағанына тәрбиеші  балалардың материалды қалай меңгергенін, кім және не 

себепті қиналғанын жазып қояды. 

Жыл соңында логопедтер жүргізілген жұмыстың тиімділігі жөнінде есеп 

жазып,  аға  логопедке  өткізеді,  ал  ол  білім  беру  басқармасына  жалпы  есеп 

береді. 


Кейінгі  уақытта  жалпы  білім  беру  балабақшаларында  логопедиялық 

кабинеттер  ашылуда.  Логопед  дыбыс айтуының  бұзылыстары  бар  балаларға 

амбулаторлы қабылдау типі бойынша кеңес беру-түзету көмегін береді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет