Құқық теориясының негіздері. Мемлекет және құқық теориясының қалыптасуы мен дамуының тарихы. «ҚР құқық негіздері»


Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны



бет5/5
Дата21.02.2023
өлшемі49,98 Kb.
#69802
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 лекция Кукык жэне мемлекет

Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны. Қазіргі заманда құқықтық мемлекетті құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдинеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.
Сондықтан, болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында объективтік ерекшеліктері болады.
Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:

  1. Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескеріп, жаңарып жататын көп қырлы құбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егемендігі болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын құруға қатысуы заңды бекітілуі керек.

  2. Құқықық мемлекеттің экономикалық негізі – өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі – өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін олраға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нығайтуға болады.

  3. Құқықтық мемлекетің әлеуметтік негізі – өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайын жақсартуы құқықтық, мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет.

  4. Құқықтық мемлекттің моралдық негізі – гуманизм, әділеттілік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құықтық мемлект болады. Өйткені, мұндай қоғамда адамдардың рухан сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.

  5. Құқықтық мемлекттің саяси негізі – халықтың, ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттілік, демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп-басқару.

Міне, қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып, құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік қалыптасады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:

  • мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық қоғамның қалыптасуы;

  • қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;

  • мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың, өмірдегі қарым-қатынастардағы өзара жауаптылығы;

  • қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттілікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополилық органның қызметін қатаң бақылау;

  • қоғамның ішкі құқықтық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;

  • қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру.

Адамдар «заңның құлы» болмайынша құқықтық тәртіп те, демократия да жақсы дамуға тиіс емес. Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан мынадай өсиет сөз бар:
Заң – мемлекеттің ақылы.
Сот – мемлекеттің жүрегі.
Мәдинет – мемлекеттің тәртібі.
Міне, осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалыптасып және мемлекттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе елімізде мемлекет орнайды.
Адам қоғамның барлық дәуірінде құқықтық мемлекет құру мәселесі толасып көрген емес. Әсіресе, елді басқаруда абсолютизм, деспотизм, тоталитаризм орнаған кезде құқықтық мемлекет орнату – деген дауыс, талап күшейіп отырды. Бұл тұрғыдан өте күшті концепция феодализмге қарсы, буржуазияның күресі кезінде қалыптасты. Күрестің саяси ұрандары: «Бостандық!» «Теңдік!» «Әділеттілік!» халыққа едәуір жақсылықтар әкелді.
Бірақ көп елде реакцияшыл буржуазияның кертартпа саясаты демократиялық реформаны толық аяқтауға мүмкіншілік бермеді.
Ірі буржуазия саяси билікке қол жеткеннен кейін құқықтық мемлекет орнату бағытынан алшақтай бастады. Бұл елдерде буржуазияның үстемдігін қоғайтын мемлекет пенқұқық орнап көп уақыт өмір сүрді.
XX ғасырда қоғамды басқару тәжірибесін шынықтырып капиталистік елдер жаңа экономикалық саясатқа көшіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, бостандықтың шеңберін кеңейтіп, демократиялық мемлекетті дамытуда. Бұл саясаттың мазмұны:

  1. Қазіргі заманда халықтың рухани сана-сезімі қоғамдық басқаруға, қоғамдық меншік орнатуға жетілген жоқ. Сондықтан, меншіктің түрлерін шектемей нарықтық экономикаға толық бостандық беру. Осы жерде «Өзімдікі дегенде өгіздей күшім бар...» деген мақал дұрыс келеді.

  2. Нарықтық экономика арқылы халықты еңбекке деген ынтасын көтеріп, шаруашылықтың, өндірістің барлық саласында бизнесмендердің бәсекесін дамыту.

  3. Халыққа өздерінің әлеуметтік экономикалық мүдде-мақсатынорындаудағы іс-әрекетіне толық бостандық беріп, мемлекет тек көмек көрсетуге тиіс. Меамлекет нарықтық экономика туралы заңды, құжаттарды дер кезінде қабылдап, олардың орындалуын қатаң түрде бақылап отыруы керек. Әсіресе жеке меншікті қорғауды, адамдардың бостандығын сақтауды бірінші бағытқа алу керек.

Осы жаңа экономикалық саясат капиталистік елдердің соңғы 40-50 жыл ішінде экономикасын дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып демократиялық қоғам құруына мүмкіншілік беріп отыр.
Қазіргі заманда дүние жүзінің барлық мемлекеттері капитализмнің жаңа экономикалық саясатын қабылдап нарықтық экономиканы дамытып жатыр. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы советтік республикалар да осы жолға бет бұрып отыр.
Әлемдік стандарт жолына Қазақстан да бет бұрып, нарықтық экономиканы дамытуға кірісті. Кеңестік жүйенің жақсылығы да аз болған жоқ: 20-60 ж.ж. экономиканың, мәдинеттің, қорғаныстың жетістіктері дүние жүзіне белгілі болды. Бірақ Кеңес Одағының жетістіктерінен гөрі кемшіліктері басым болды. Сондықтпан Одақ ыдырады. Енді капиталистік елдердің XX ғ. 30-50 жылдардағы либералдық-демократияға бет бұрып, дамуының себептеріне қысқаша түсінік берейік. Бірінші себебі – капиталистік елдер 1929-1938 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан Кеңес Одағының бір орталықтан жоспарлау тәжірибесінің жақсы жағын пайдаланып, өздерінің экономикасын жақсы дамуына мүмкіншілік жасады. Жеке меншіктегі шаруашылықтарға мемлекет тиіспеді. Капиталистік мемлекеттер мемлекеттік меншіктегі өндірісте ғана жоғарыдан төмен қарай жоспарлап отыр. Міне, осы тәсілді капиталистік мемлекеттер үздіксіз пайдаланып келеді. Жеке меншіктегі өндіріс төменнен жоғары қарай жоспарланып жақсы дамуда. Екінші себебі – ресейде, қытайда тағы басқа Европа, Азия елдерінде социалистік мемлекеттер орнап, қалың бұқараның мүдде-мақсатын орындаймыз – қорғаймыз деген желдірме «ұрандарынан» ірі буржуазия сескеніп халықтың, саяси-әлеуметтік жағдайына көңіл бөлуге мәжбүр болды. Бұл саясатты дұрыс, жақсы дамытуға ғылыми-техникалық революция жағдай жасады.
Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары:

  • Мемлекет билік үш саласының жұмысын жақсарту, әсіресе заңның, нормативтік актілердің сапасын көтеру;

  • ол нормалардың дұрыс пайдалануын, орындалуын қамтамасыз ету, халықтың рухани сана-сезімін, мәдинетін жақсартып, көтеру;

  • қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы реттеу-басқару бағытындағы мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;

  • бостандықты, теңдікті, әділеттілікті, демократияны дамыту;

  • заңдылықты, құқықтық тәртіптіқатаң сақтау.

Қазақстан Республикасының Конституцисы бойынша құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі баұыттары демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру.
Демократиялық мемлекет – Қазақстан алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын және Парламентті үкіметті тез арада құрып алды. Кейін сайлауын мерзімді уақытта жүргізіп отырды. Республиканың жоғарғы органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктерберді. Демократиялық мелекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне мүмкіндіктер берді, мемлекеттік қызметке араласып, азда болса қатысуға құқықтар берілді. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі – «Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық».
Зайырлы мемлекет – Қазақстан Республикасында діни мекемелер мемлекеттен бөлінгенін білдіреді және бұл Қазақстандағы ислам мен правослаиелік тағы басқа нанымдақ ағымдарға бідей қатысты. Діни негізде папртия құруға жол берілмейді. Наным немесе атеизм мәселесі – әркімнің жеке басының шаруасы. Елдегі дін ұстау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлект белгілеп, бақылайды.
Құқықтық мемлекет – Қазақстанның барлық огандары мен лауазымды адамдарының қызметі құқықтық нормларына байланысты, соған бағыеышты, және соған сәйкес іс-әрекет жасайды. Құқықтың негізгі принциптері: азаматтар үшін – «заңға тыйм салынбағанның бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін – «Заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат». Барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеге көтеру және азамат құқығы мен бостандығын халаықаралық өлшем деңгейіне жеткізу Қазақстан мемлекетінің негізгі міндеті. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғарғы дәрежедегі лауазым иелеріне қатардағы ағаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыс пен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуы керек екенін түсінуі қажет.


Талқылау сұрақтары:

  1. Құқық пәнін оқытудың маңыздылығы қаншалықты деп ойлайсыз?

  2. Мемлекеттің мәнін түсіндіріп беріңіз.

  3. Мемлекеттің негізгі белгілерін атап беріңіз.

  4. Мемлекеттік биліктің ерекшелігін анықтап беріңіз.

  5. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің ара қатынасы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет