Реферат тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұны құрылымындағы бағалау түрлері



бет1/2
Дата27.02.2023
өлшемі253,12 Kb.
#70194
түріРеферат
  1   2

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Гуманитарлық экономика факультеті


Педагогика және психология кафедрасы
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұны құрылымындағы бағалау түрлері




Пән: Жаңартылған білім беру мазмұны мен критериалды бағалаудың технологиясы


Орындаған: Жұмағазина Меруерт Еркінқызы, ПМНО – 101с топ студенті
Тексерген: Фазылбеков Ильдус Шавкатович

Семей, 2022 оқу жылы


Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе – әр жақты дамыған, көпмәдениетті шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында былай дейді: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстандағы дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім»,- деп көрсетеді. Елбасымыз әрі қарай өз жолдауында: «Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек», - деген болатын. Бұл жас ұрпаққа саналы білім беруде мұғалімге жүктелер міндет пен қойылар талаптың күшейгенін көрсетті. Әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға зерек, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс. Қазіргі талаптың басты міндеті де – педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми-әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып табылады. Сондықтан әр мұғалім заман талабынан қалмай, ілесіп дамып отыруы үшін үнемі ізденіс, толғаныс үстінде болады. Енді біз де жаһандық жаңалықтардан шет қалмау жолында ілгерілеп келеміз. Оқу мен оқытудағы әлем елдері қолданып жатқан жаңа тәсілдеріне көше бастадық. Бұның бір дәлелі – Кембридж бағдарламасына негізделген оқу жүйесі бар Назарбаев зияткерлік мектептерінің Қазақстанның барлық қалаларында дерлік ашылып жатқаны. Олардың енді бірі алғашқы нәтижелерін де бере бастады. Сондай-ақ осы бағдарламаның тиімділігін дәлелдей келе жалпы орта білім беретін мектептердің оқу жүйесіне енгізуді қолға алып отыр. Бұл – жаһандануға бет бұрып, жақсылыққа ұмтылғанымыздың бір көрінісі. Кeмбpидж бaғдapлaмaсы тәсілдepін өз тәжіpибeме қoлдaну арқылы оқыту үдеріcін жақcартуға болатынын байқап жүрмін.
Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс – тәсілдер оқушының ойлау қабілетін жетілдіріп, өздәлелдерімен еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін – өзі тануына, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамытуға жол ашу, «мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау – бүгінгі таңдағы мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге қол жеткізу үшін білім берудің бірнеше әдістерінің ішінен сындарлы оқытуды таңдауымыз керек. Ол үшін ортабілім беру жүйесінде бұрынғы дәстүрлі сабақтан дәстүрлі емес сабаққа көшу жүзеге асырылу қажет. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде сақталған мәліметтердің мән – мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, оқушы оны өмірде пайдалана алмайды. Ал, дәстүрлі емес сабақтың құрылымының ерекшелігі – мұғалім де, оқушы да сыни тұрғыдан ойлай отырып дамитындығы дәлелденіп отыр. Мұндай сабақ түрлері тек оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар, оларды ізденуге, өз бетіменжұмыстануға үйретеді. Тек қана осындай сабақтарды ұйымдастырудың өзіоқушылардың ғылымдымеңгеріп түсінуіне, ғылым мен адамзат арасындағы байланысты көре, түсіне білуге үйретеді. Дәстүрлі емес сабақтарда жаңа технологиялар элементтерін пайдалану барысында саналы түрде тез ойлау, нақты тұжырымдама жасауға үйрену сияқты қабілеттері дамиды, оқушылар арасындағы қарым-қатынас нығая түседі. Сындарлы оқытудыңмақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдаланабілуін қамтамасыз ету.
Ал, осындай сындарлы оқыту үрдісінде оқушыларына нақты білім беруді мақсат еткен мұғалім алдында отырған әр оқушыны жеке зерттей білулері керек. Яғни, әр оқушының идеясы мен біліктілігін дамытуға оң ықпал ететін әдіс-тәсілдерді қолдануға міндетті. Соныменқатар оқушылардың білім алуына, оқуына барлық мүмкіндіктерді тудырып, пәнге деген қызығушылығын арттыратын әр түрлі құралдармен толық қамти білулері керек. Оқушыларға осындай мүмкіндіктер жасалғанда ғана олар өз беттерімен оқуға, ізденуге талпынады. Мұғалім өз тарапынан тек мүмкіндіктер жасап қана қоймай, олардың тақырыпты меңгерудегі түсінігін, әр түрлі ізденістерін бағалауды да өзінің бірден-бір міндетіне алуы керек. Оқушы білімін бағалау кезінде мұғалім оқушыларына жақын отырып, шыншыл, әділ, батыл, мейірімді болуы керек. Осындай құндылықтарды өз бойына сіңірген мұғалім оқушылардың бойына да осы қасиетін бере алады.
Бағалау – оқу үдерісінің маңызды бөлігі. Мұғалім өз іс – тәжірибесіне оқушыларының өз білімдерін және өзге достарының білімдерін бағалауды оқыту үрдісіне енгізу керек. Оқушының оқу жетістігін әділ бағалау – білім беру саласындағы басты өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Бұл тақырып бір қарағанда бұрыннан белгілі, бәріне түсінікті нәрсе болып көрінгенімен, көптеген мұғалімдер көп жағдайда өздері байқамай оқушыны формальды бағалай салады.
«Сыныптағы бағалау тек қана механикалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін – өзі бағалау, қабілеттілік және күш- жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» деп 2001 жылы Александер атап көрсетпекші, оқушы еңбегін бағалауда оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет.
Бұл оқу сапасын жақсарта алады. Оқу сапасының қорытындысын бағалау арқылы анықтауға болады. «Бағалау» - деген сөз «қатар отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққаны жай емес, себебі бағалаудың негізгі сипаттамасы адам нені айтатынын немесе басқа адам нені істейтінін жақын қадағалау, не өзін-өзі бағалау жағдайында – өз білімі, түсінуі мен тәртібі туралы ойлау болып табылады. Бұны бұрынғы дәстүрлі оқыту жүйесі бойынша барлық мұғалімдер білгенімен, бағалауды тек мұғалім ғана жүзеге асырады деп есептеді. Енді мұғалім ғана емес, оқушы да бағалау үрдісіне белсене қатыса алатындығын, сол арқылы өз оқуын жақсарта алатындығын ескерген дұрыс.
Аталған бағдарламада бойынша бағалау екі түрде жүзеге асырылады: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. Оқуды бағалау жиынтық(суммативті)бағалау деп, ал оқу үшін бағалау қалыптастырушы(формативті) бағалау деп аталады. Суммативті бағалау -мектептің мәртебесіне, оқушының не мұғалімнің болашағына ықпал ететіндей шешім қабылдауға болатын кезеңдік бағалау. Бұл тоқсан аяғында немесе белгілі бір кезеңде жүзеге асырылады. Есеп беру үшін де өткізіледі. Формативті бағалаудың оқушыны зерттеуде маңызы зор. Себебі оқушының және оның білімінің қандай сатыда тұғанын, даму бағытын осы арқылы анықтай аламыз. Бұл қол шапалақтау, стикерлермен бағалау, мадақтау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы орындалады. Қолданыстағы бағалаудың әділдігі, объективтілігі оқушының өз бетімен білім алуына, өзін дамытуына сенімін арттырады. Яғни сабақта оқушы белсенділігі артады, сыни тұрғыда ойлай алады, өзіндік дамуын бақылайды, өзін өзгелермен салыстыру арқылы өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Тoппен жұмыс іcтеу кезінде cыныптаcтарын бaғалау және өзін-өзі бaғaлау арқылы балaлaр бір-бірінің жұмыcтарына немecе өз жұмыcына жай бaға қoюдан бұның біршамa өзгешелігін түcінеді. Оқыту үдеріcін жақcарту үшін бұл әрeкeт балалaрды өз жұмыcтарының cапасына қатыcтыруы және oны қалай жақcартуды ұғынуынa көмeктеcуі тиіс. Сыныптacтарын бaғaлау балaлaрғa бір-бірінe құнды кeрі байлaныc ұcынуға мүмкіндік бeреді. Оcылaйша, олaр бір-бірінен үйрeнеді және бірін-бірі қoлдайды. Бұл oқыту үдеріcінде қарым-қатынаc жасaу, тaлқылaу, түcіндіру және бір-бірін тaртыcқа шақыру мүмкіндігі бaлаларға дербеc оқу шегінeн шығaтын әрeкетке қoл жеткізуге ықпал етеді. Сыныптаcтарын бағалaу өзін-өзі бағaлау қабілeтін дaмытуға көмектеcетінін, ол балaлaрға өз прогреcі үшін үлкeн жауaпкeршілік алуғa көмектеcе отырып, тәуeлcіз oқуға ықпал етeді деген тұжырымғa келді.
Жұмысқа баға қоюмен ғана шектеліп қалмайтын оқушыларды өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандырудың көптеген тәсілдері бар. Өзін-өзі бағалау стратегияларының жалпы сипаты – белгілі бір критерийлердің болуында. Бұл – орындалған жұмысқа қатысты сабақ жетістігінің критерийлерінің қолданылуы. Оқушылар өздерінің сұрақтарын әзірлеп, оларға берілген жауаптарды бағалау барысында бағалаудың нақты критерийлерін негіз ретінде пайдалана алады. Зерттеулер өзін-өзі бағалау және өзара бағалау нақты критерийлерді қажет ететіндігін көрсетеді. Олар:
- не тексерілуге тиіс екенін түсіну;
- оқушыларға өзінің жұмыстарын қайта қарауға мүмкіндік беру;
-оқушыларға өздерінің жеке мақсаттарын анықтауға және өз жұмыстарын жақсарту үшін не істеу керектігін анықтауға көмектесу үшін керек. 
Оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі, бағалау критерийлері арқылы бағалаудың маңызы зор. Ондағы мақсат - оқушыларға өз жұмыстарының сапасын көтеруге қызықтыру және оларға оны жақсартудың мүмкіндіктерін талдауға көмектесу. Нәтижесінде, бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетпек, себебі оқушылар оқыту үдерісі үшін тек мұғалім ғана жауапты емес екендігін түсінеді. Оқушылардың тапсырманы табысты орындағандарына көз жеткізу үшін бағалау критерийлері кестесін пайдаланған дұрыс. Өзім дәріс беретін 5-сыныптағы Ә.Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісі бойынша сабақта қолданылған бағалау критерийлерін ұсынсам:

1. Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынады.


2. Әрбір жетістік балмен және дескриптор арқылы белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет