І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет102/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   156
Әдебиеттер

1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998


2. А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУТЦИЯСЫ


Серікқызы Мейіргүл (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Ибрагимова М.Н.

Бірнеше ғасырлар бұрын адамдар ру-тайпаларға бөлініп қоғамдасып өмір сүргендігі және олардың өз тәртіптері яғни сол кездегі өздерінің жазылмаған заңдары болғандығы тарихтан мәлім. Сол кездегі ру ішіндегі тәртіп өмірдің ағымына сәйкес, арада сан ғасырлар өтіп адам сана-сезімінің өркендеуі салдарынан тәртіпке деген талаптар күшейіп қоғамда жазбаша түрдегі қағидалар пайда бола бастады. Өткен ғасырлардың данышпандары өз заманында өздерінің шешендік, білгірлік қасиеттерімен елеулі орын қалдыра білді. Мысал ретінде айта өтетін болсам, «тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» – деген сияқты тіл байлығы мол,сөзге шебер,қара қылды қақ жаратын «тура биде туған жоқ,туғанды биде иман жоқ» деген қағиданы қатаң ұстанатын,Төле бидей билердің ел арасындағы ереулілерді әділетті шешулерімен тәртіпке деген талап күшейіп келе бастады. Уақыт өте келе,он сегізінші ғасырда буржуазиялық революциялар жеңіске жеткен сәттен бастап конститутциялар халық атынан қабылдана бастады. «Елу жылда – ел жаңа» дегендей,арада қаншама жыл – ғасырлар өтіп, Кеңес одағы таратылғаннан кейін, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Конститутциясы 1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің он екінші сайланған тоғызыншы сессиясында қабылданды. Алайда бұған дейін Кеңестік Социалистік Республика Конституциясы күшінде болып келді. Заман озған сайын, қолданыстағы заңнамаларға да өзгерістер енгізіліп келуде, бұл мемлекеттің өркендеуі, яғни дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуы болып табылады деп ойлаймын.


Біздің Конституциямыздың бастамасы «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...» деген сөзбен басталды. Бұл Қазақстанда тұратын барлық ұлт азаматтарының орныққан саяси кесімінің негізі болып табылады. Констиуцияның халық атынан қабылдануы, тек қана біздің мемлекетімізде емес, басқа да көптеген мемлекеттердің Констутциясында сондай сөзбен бастайды. Мысалы АҚШ Конституциясында «Біз, Америка Құрама Штаттарының халқы...» деген сөздермен басталады.
1995 жылдың 30 тамызында біздің Республикамыз үшін Конститутциясының жарыққа шығуы Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында елеулі жаңалық әкелді. Конституция кеңес үкіметі кезінде өкілді органдармен қабылданған болса,біздің басты заңымыз азаматтардың қалауымен барлық халықтың жалпы даусы мен референдумда қабылданғанболатын. Сондықтан конституция күні мемлекетіміздің басты мерекесі ретінде аталып өтіледі.
Конституцияда адамдардың жеке бас бостандығы, жеке өміріндегі құндылығы, сондай-ақ билік тармақтарының қоғамдағы рөлі айқын тұжырымдалған. Дүние жүзілік тәрбиеде көрсетілгендей адамға деген сыйласымдылық, жеке өмірі мен бостандығының қорғалуы, қоғам дамуының айқын көрнісі. Сондықтан да құқықтық мемлекетіміздің азаматтарының мемлекет алдындағы жауапкершілігі алдыңғы орындарда тұруы қажет. Сол себепті, Конституцияға сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық болып табылады. Мемлекетіміздің қоғамдық жұмысына белсене арласқан ерікті азаматтар, мемлекетке өз үлесімен пайдасына қызмет жасалмаған азаматтардан беделі жоғары тұрады. Өз азаматтарының құқығы мен бас бостандығын жоғары қойған мемлекет, күнделікті өмірде өзін барлық мемлекет арасында жоғары деңгейден көрсете алады.
Тарихмызда «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» атты қазақтың әдет-ғұрып заңдарының жинағы болғаны әмбеге аян. Солардың бірі Есім хан, ол қазақтарға 1598-1628 жылдары хан болған. Ол өзінен бұрынғы Орыс хан, Қасым хан жасаған әдет-ғұрып заң нормаларын қайта қарап, өз дәуіріне лайықты етіп түзеген. Өзінің мазмұнына қарай құн дауы,жер дауы, жесір дауы, мал дауы секілді күрделі тараулардан құралады. Қазақ ханы Әз-Тәуке «Қасым ханның қасқа жолы», мен «Есім ханның ескі жолын» жетілдіріп, «Жеті жарғы» заңдар жинағын жарыққа шығарады. XVIIғасырда қазақ хандығына жан-жақтан қауіп төніп, елдің ауыз бірлігі әлсірей бастайды. Осы тұста Тәуке хан хандықты нығайтуға күш салады. Бұл үшін мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесі қажет болды. Тәуке хан қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған заңдарды негізге алып, жаңа заң жүйесін жарыққа шығарды. Күлтөбенің басында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бас қосып, «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады». Жеті жарғыны қазақ халқы XIX ғасырдың ортасына дейін пайдаланып келді. Ал кейбір заңдар қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Тәуке ханның «Жеті жарғысының әр бір бабы сол заманның талаптарына сай келді. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар, жер дауы, құн дауы, туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтуға рөлі де зор болды.Сол сияқты, біздің қазіргі Конституциямызда біздің саяси, мәдени рухани және экономикалық дамуымыздың құқықтық қайнар көзі ретінде танылады. Қазақстан Республикасы жалпы барлық халқымыздың үйі болғандықтан Қазақстанның құқықтық саясатына, әлеуметтік жағдайына белсене араласуымыз қажет деп есептеймін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет