Әдебиеттер
1. Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. –М. –1997.
2. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя.
–Алматы, –1988.
3. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы, – 2000.
4. Тұрғынбаева Б.А.Ұстаздық шығармашылық. – Алматы, – 2007.
АДАМ АҒЗАСЫНДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ МАҢЫЗЫ
Әукен Гүлдана (ҚХР)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Қазыбекова Э.Т.
Химиялық элементтердің жалпы сипаттамасы мен қасиеттері туралы мәлімет IX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында химия және физика ғылымдарында ашылған жаңалықтардың негізінде қалыптасты. Оларды белгілі бір жүйеге келтіру үшін химиялық элементтердің қазіргі кездегі жүйелілігі жайындағы көзқарас дамып, атомдарды байланыстыратын күштердің табиғаты кеңінен танылды. Әсіресе, Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйедегі элементтердің орнының мәні мен периодты қасиеттердің ішкі сыры ашыла бастады.
Осы химиялық элементтердің адам өміріндегі және қоршаған ортадағы атқаратын рөлі мен маңызы орасан зор. Тіршілік пайда болғаннан бері, химиялық элементтер тірі ағзаларға қызмет атқарып келеді. Адам ағзасы 60% судан, 34% органикалық қосылыстардан және 6% бейорганикалық қосылыстардан тұрады.
Органикалық қосылыстар құрамына: Н,О,С,Р,N,S элементтері кіреді.
Бейорганикалық қосылыстар құрамына: микроэлементтер - Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se кіреді
Менің денем неден құралған? Осы сұрақтың жауабын тізімдеп көрейік: 33 кг оттегі, 9 кг көміртегі, 5кг сутегі, 1.5 кг азот, 800 г калий, 500 г фосфор, 180 г калий, 130 г күкірт, 80 г натрий, 80 г хлор, 25 г магний, 4 г темір және 0.02 г иодтан, барлығы 13 элемент құралып, нәтижесінде тірі ағзаны толтырады.
Бұдан басқа ағзаның қалтықсыз жұмыс істеуі үшін оған мыс, мырыш, марганец, кобальт, литий, стронций, алюминий, кремний, қорғасын мен күшала қажет. Мұнымен қоса 90 микрограмм уран да болады. Барлық осы элементтердің адам ағзасында алатын орны ерекше. Әр химиялық элементтің атқаратын қызметі мен рөлі болады.
Оттек - ағзаның үштен екі бөлігін құрайды. Оның үстіне әрбір дем (ауа) тартқан сайын оттегі ағзаға түседі.
Ағзадағы 0,008% темір - қандағы темір бір шеге жасауға да жетпейді. Темір оттекпен қосылғанда қып-қызыл болады, сондықтан қан мен тат қызыл түсті.
0,00004% йод - ағзада бір тамшы ғана йод бар, бірақ онсыз ағза солып қалар еді.
18% көміртек - дененің 1/5 жуығын толтырады. Көмір, алмас және қарындаштың өзегі элементтен тұрады, көміртек атомдары ұзын тізбектер құрайды. Олар ағзадағы күрделі молекулалардың арқауы болып табылады.
10% сутек - ғаламшарымызда ең көр тараған элемент және ең кішкентай атомдар. Газ тәріздес сутек қабырғалардың арасынан өте алады және ауада қалықтай береді. Сондықтан біз әуе шарларын (оның оңай жарылатыны анықталғанға дейін) үрлейтін болдық.
3% азот - адамның денесінде қанша азот болса, бір қап тыңайтқышта дәл сондай азот бар. Азот – біздің бұлшық еттеріміздің маңызды элементтерінің бірі. Ол ауаның басты компоненті.
1% фосфор - бұл элемент сіріңкенің ұшын тұтатады. Фосфор тісті және сүйектерді қатайтады, жасушалар мембранасының құрамдас элементі болып табылады, энергияны тасымалдауға көмектеседі.
35% калий - ағзадағы сұйықтардың химиялық тепе-теңдігін ұстап тұруды қамтамасыз етеді.
15% азот - жасыл түсті улы газ, ағзада натрий қосылысы тұз түрінде болады.
15% натрий - натрий хлоридінің (тұз) құрамына кіреді. Оның арқасында ағзадағы барлық сұйық заттар теңіз суы сияқты, тұзды болады.
15% магний - магний жанған кезде отшашулардың жаққан ақ жарығы пайда болады ( бенгаль оты). Ағзадағы магний иммундық жүйені ұстайды және жүйке мен бұлшық еттердің жиырылуына көмектеседі.
0,25% күкірт - ақуыздың аса маңызды құраушысы болып табылатын күкірт қанның ұюына көмектеседі. Ол газдар шығу кезіндегі жағымсыз иісті, шіріген жұмыртқаның және ағынсыз судың иісін сездіреді.
1,6% кальций - ұлу қабыршақтарын, бор мен мәрмәрды қатайтады. Ал тірі ағзада сүйекте, тісте дәл сондай қызмет атқарады. Кальций жүректің соғуына, бұлшық еттің жиырылуына көмектеседі.
Адам денесінде 1.5 кг фосфор бар, оның 90% сүйекте. Қалғаны жүйке ұлпаларында және бұлшық етте кездеседі. Егер фосфор жойылып кетсе адам пішінсіз етке айналып, бұлшық ет жиырылу қасиетінен айрылады.
Сонымен бірге тіс кереукесінде кездесіп, тісті тамақ құрамындағы қышқылдар мен сілтілердің әсерінен қорғайды. Адам жүргенде немесе жұмыс істегенде фосфорды жасайтын кез-келген қимылына энергия жұмсалады. Фосфор бізге күн сайын қажет. Нанның құрамында фосфор көп. Фосфор адам қаңқасы мен тістің негізгі бөлігі болып табылады. Фосфорсыз тірі ағзалар тіршілік ете алмайды. Фосфор қосылыстары дәрілік препарат ретінде қолданылады.
Ересек адам үшін фосфордың тәуліктік қажеттілік 1 грамм және бұлшықет пен ақыл-ойды дамыту үшін қажет. Фосфордың аз мөлшері ағзаға рахит ауруын туындатады, ақыл-ой және бұлшықет қызметін бұзады, ал артық болған жағдайда бүйректе тас пайда болады. Фосфордың қосылыстары улы болып келеді.
Иод. Адам ағзасында йод жеткілікті болған жағдайда, қанайналым жүйесінде, әрбір 17 минут сайын адам организміне түскен йод микробтарды жойып отырады, адамның жүйке жүйесін жайландырады және ақыл-ойды дамытады. Адам ағзасында 25мкг йод болады. Бұл өте аз мөлшерде болғанымен адам өміріндегі атқаратын қызметі ерекше. Йод тапшылығы қауіпті ауруларға әкеліп соғады. Нәтижесінде ақыл-ойдың дамуы, адам денесінің қалыпты өсуі бұзылып, эндемиялық зоб ауруына ұшырайды. Базедов ауруы (Грейвс ауруы; уытты диффузды алқым ісігі) - алқым ісігі мен экзофтальмен (бадырақ көз ауруы) қатар жүретін гипертиреоздың жиі кезедестін түрі (тиреоидты гормонныңшамадан тыс бөлінуі). Гормонның артуы жүрек талмасына, жүрек соғысының жиілеуіне, тіпті жүректің тоқтап қалуына әкеліп соқтырады. Есеңгіреудің салдары денсаулықтың нашарлауына, тіпті өлімге бастауы мүмкін. Грейвс ауруы аутоиммунды аурулар қатарына жатқызылады. Кейбір жағдайларда дәрі-дәрмектермен емделуге болады, ал ауыр жағдайда қалқанша безінің бір бөлігін немесе оны толықтай алып тастауға тура келеді. Кретинизм – Меңіреулік. Бала кемақыл, көбінде саңырау болып туатын жағдай. Бұл әдетте, анасының диетасында йодтың жетіспеуінен болады.
Мынадай кішігірім тәжірибелік іс-әрекеттер көмегімен ағзамыздағы иодттың жетіспеушілігін жоюға болады.
Егер йодталған тұзды таба алмасаңыз, йод ерітіндісін қолданыңыз. Бір тамшы йодты бір стақан суға ерітіп, күн сайын 1 стақаннан ішіп отырыңыз. Алайда сақ болыңыз: йодтың дозасын аңдамай арттырып жіберген жағдайда уланып қалуыңыз мүмкін. Йодтың артық дозасы болып кетсе (бір стақан суға қосылатын йод 1 тамшыдан артық болып кетсе), ауруды одан әрі қоздырып жіберу қаупі бар. Йод құйылған құтыны баланың қолы жетпейтін жерде ұстау керек. Жалпы йодтың өзінен гөрі йодталған тұз қолдану анағұрлым қауіпсіз де ыңғайлы.
Зобқа қарсы қолданылатын үйдегі емдік нәрселердің көпшілігінің әсері әлсіз болып келеді. Бұларға қарағанда, құрамында йод мөлшері көп краб және басқа да теңіз жәндіктері мен өсімдіктерінің зоб ауруын емдеп-жазуға немесе оны болдырмауға тигізетін пайдасы зор. Сондықтан да асқа жеуге болатын теңіз балдырын қосып отырса да пайдалы. Дегенмен де, зобтан құтылудың ең оңай жолы йодталған тұзды қолдану болып табылатынын қайталап айтамыз. Әрқашан йодталған тұз пайдаланыңыз. Сонымен қатар жас еменнің қабығымен мойын, қалқанша без маңын күнделікті сүртіп отырған пайдалы. Емен қабығын жіпке тізіп, бездің көлемі кішірейгенше мойынға тағып жүру керек. Егер қалқанша безі ұлғайған болса, үккіштен өткізілген лимон мен қант немесе қантқа қабығымен қоса үгітілген апельсинді қосып, күніне 3 рет 1 шай қасықтан қабылдап отырса, ем болады.
Организмдегі йод мөлшерін анықтаудың қарапайым екі әдісін ұсынамыз:
Денеңіздің кез-келген жеріне йод торшасын жасаңыз, ертеңіне сол жерді тексеріңіз. Ешқандай із қалмаса, сіздің ағзаңызда йод тапшылығы болуы мүмкін. Денеңіздің кез-келген жеріне йодты үш сызық сызыңыз. Алғашқысы - жіңішке, екіншісі - орташа, үшіншісін - жуан етіп сызыңыз. Бір күн өткен соң тексеріңіз. Алғашқы сызықтың ізі қалмаса, ағзаңызда йод мөлшері қалыпты деңгейде.
Қорыта айытқанда, адам өміріндегі химиялық элементтердің маңызы өте зор. Ағзамызға қажет элементтерді жеміс-жидектер мен көкөністерді, дәрумендерді жеп олардың тапшылығын болдыртпайық.
Достарыңызбен бөлісу: |