І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет135/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер


1. Ислам өркениеті – Уикипедия, қазақша ашық энциклопедиясы;

2. А.С.Жекебатыров .Ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрінің ұштастығы;

3. Ғаламтор материалдары.




ТІЛ – РУХАНИ МӘДЕНИЕТ КІЛТІ

Ибрахим Алла Бахман (Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Досанов Б.И.
Әрбір елдің қуатты күші, байлық – бақыты экономикалық дамуыңда деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өресімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың ақыл – ойының көрінісі – тілге тікелей тәуелді екені белгілі. Егер бір белгілі мемлекеттің мәдениетін, тарихын, жалпы халқын жақсы танығың келсе, онда сол халықтың тілін үйрену арқылы білуге болады. Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Адамзат жаралғалы бері ана тілі – ар – ожданы, адамгершілік айнасы болып келеді. Сонымен қатар тіл – халықтың оны мақтан тұта білу керек. Өйткені, халықтың даналығы, жалынды жырлары мен шежіресі сол халықтың тілінде жазылып, сол тілде ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады. Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да, қай елде да қастерлі, құдіретті. Ол әр адамның бойына, ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ. Тіл байлығы – рухани байлық. Ол әрі халықтың әдебиеті мен мәдениетінің айнасы екені даусыз. Біздің осындай халықтық қасиеті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, оралымды да бейнелі тілдердің бірі. Біздің халқымыз тілге кедей емес. Халқымыздың тілдік қоры өте бай, оның ұлан ғайыр мүмкіндігі мен баға жеткен байлығын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тіл « ата, апа» деп, анасының ақ сүтінен жарылып шықты. Демек тіл де, ұлт та анасының ақ сүтінен жарылған. Сондықтан біздің қазақ төл тілін «Ана тілі» деп атаған. Ана тілдің күш – қуаты туралы көптеген ақындар, философтар, ғалымдар ойларын талқылап, жұртқа жайған. Тіл туралы ұлы Абай Құнанбаев: «Өткірдің жүзі, кестенің бізі. Өрнегін сендей сала алмас», - деп таңырқап, тағзым еткен тілге. Біздің қазақ әдебиеті тарихында, жалпы искусство, поэзия, оның тілі туралы жоғарғы аттары аталған классиктердің ой-пікірлерінің дәрежесінде пікір айтқан ең бірінші ақын Абай болды. Қазақ тарихында өнер, поэзия өзінің не нәрсе екендігін, кім үшін керектігін бірінші рет Абайдан естіді. Оған дейін қазақтың өнері, әдебиеті ешкімнен ешқандай баға алған емес. Абайдың:

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,


Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы, бос қақпай, елең - селең» -

деді. Бір жағынан ақын қазақтың өз өміріндегі поэзияның қандай рөлі барлығын көрсетсе, екінші жағынан ақынның өнерге берген, өзінше жалпы бағасы болатын. Қарап отырсаң тілдің мәні зор. Оны қай саладан алсаң да, тілсіз ары қарай даму, өмір сүру мүмкін емес екендігін түсінесің. Бір сөзбен айтқанда осындай теңсіз байлықты біз тек қана қадірлеу керекпіз және келешек ұрпаққа тек таза, бұзылмаған кейіпінде жеткізуіміз керек. Егер әрбір адам өзінің туған тілін туған анасындай қадірлесе, өзінің «аналық борышын» ақтауға тым болмаса тырысса, онда сол азамат нағыз патриот, халқының нағыз баласы, азаматы болғаны.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет