Әдебиеттер
1. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 2-том. Дүниеге келгеннен өмірден озғанға дейін (отбасылық әдет-ғұрыптар ертеректегі авторлардың еңбектері бойынша). Құрастырған С.Е. Әжғали. – Алматы: «Арыс», 2006. – 416-б.
2. Калыш А.Б., Мейрманова Г.А. Қазақтың бата беру дәстүрі – ізгі тілек тілеудің әдебі ретінде.//«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 5.
3. Мақсұтбек Сүлеймен. Бата, ақ бата, теріс бата, батагөйлік// SABAQ.KZ сайты.
ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ ҰШТАСТЫҒЫ
Каргар Бабур ( Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Тилеужанова Г.Т.
Ислам өркениеті - ислам дінінің құндылықтары негізінде қалыптасқан әлемдік өркениеттердің бірі. Ислам өркениетінің алғашқы нышандары VII ғасырдың басында Хиджаз арабтарының арасында қалыптаса бастады. Ислам өркениетінде араб тілі мен араб жазуы алдыңғы орынға шығып, негізгі ғылым тілі мен мәдениет құралы қызметін атқарды.
Орта ғасырлардағы ислам ғалымдары медицина, астрономия, химия, физика, математика, мәдениет, философия салаларында көптеген ғылыми жаңалықтар ашып, айтарлықтай табыстарға жетті. Олар ежелгі Грекия, Рим, Ежелгі Шығыс өркениеттері жетістіктерін дамыта отырып, жаңа дәуірдегі батыс мәдениетінің қалыптасуына негіз қалады. Аса көрнекті түркі ғалымдары Әбу насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. ғұламалар өз еңбектері арқылы Ислам өркениетіне үлкен үлес қосты.
Ислам діні – бейбітшілік діні. Ислам – бізді жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйатын дін. Дәстүр (латынша, trаdіtiо-жалғастыру) – қоғам үшін өте пайдалы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Оған әдет-ғұрыптар, ырымдар, мейрамдар, рәсімдер және т.б. Әлеуметтік және рухани құндылықтар – дәстүрді құрайды. XVIII ғасырдағы неміс ағартушысы И.Г. Гердер :»Салт-дәстүр – тіл мен мәдениет бастауларының анасы» деген. Қазақ пен ауғанның ұлттық: имандылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, дәстүрлері, меймандостық, қонақжайлық рәсімдері ұлттық мәдениеттің айқын белгілері болып табылады.
Кісі күту дәстүрі бойынша қонақ қабылдау, қонақасын беру, қонақ кәде жасау ұлттық мәдени рәсімдер арқылы орындалады. Ислам құндылықтары мен қазақ-ауған салт-дәстүрі арасында әдемі сабақтастық пен үндестік бар және екеуінің де алатын орны қазіргі уақытта үлкен маңызға ие. Олай болатыны, ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының қайнар көзі – ислам. Әсіресе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-нің сүннеті мен хадистері әдет-ғұрып ретінде қалыптасып, халқымыздың мәдениеті төрінен орын алды. Ата-бабамыздан мұра болып жеткен бұл дәстүрлер мен ғұрыптардың көбі ислами қайнардан алынғанын айтып кету де артық болмас. Ата-бабаларымыздың салт дәстүрлерінің кейбіреулері әлі күнге дейін сақталаған. Мысалы: қазақ қоғамының тұрмыс – тіршілігінде құдалықтың ежелгі дәстүрлері «бесік құда», «қалың төлеу», сияқты әдет ғұрыптар сақталып келді. Отбасы мен туыстық қатынастар саласындағы исламдық және оған дейінгі дәстүрлер дінге нанушылардың күнделікті тұрмысының бір бөлігін құрайтын еді. Әр жерде жерлеу, еске алу және үйлену, сүндетке отырғызу дәстүрлері өткізіліп жатады. Құрбан айт пен Ораза айтты айрықша атап өтуге болады. Салт-дәстүрлердің ислам шариғатымен жанасатын қырларын мынадай бір мысалмен тілге тиек етсек. Мысалы: тасаттық – бұл құрғақшылыққа байланысты құрбан шалынатын «тасаттық» деп аталатын дәстүр ата-бабамыздың тұрмыс тіршілігінде маңызды орын алды. Ал, жаңбыр шақыру ырым дәстүрі түрік халықтарының «жаңбырлы тас» туралы ерте дәуірдегі «джеде, таш, яда, еде, суу таш, жай тас» аталып, орта ғасырдың басынан ХIХ ғасырдың аяғына дейін кеңінен тараған ұғымдардан бастау алады. Қазіргі уақытта бұл дәстүрді ауыл-аймақтарда кеңінен қолдануда. Егіні шықпай, құрғақшылық басқан жерлерін шаруалар жергілікті имам, молдаларды алдырып тасаттық жасатып жатады. Салт дәстүрімізде көрші ақысына баса назар аударылғаны да белгілі. Ал оның шығу тарихын зерттегенімізде Мұхаммед Пайғамбардың ақыл кеңестерінен бастау алғандығын көреміз. Халық арасында көп тараған хадистердің бірінде: «Көршісі аш, өзі тоқ жатқан нағыз мұсылман емес». Сонымен қатар, қазақтардың кейбірі «Мына балаға көз тимес үшін иегінің астына қара күйе жағып қойыңдар» деген. Күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде де Алланың атын атап, көптеген қанатты сөздер қолданамыз. Мысалы: «Алла сақтасын», «Алла жолыңды берсін», «Алла алдынан жарылқасын», «Аллаға аманат бол», «Алла ақыл берсін» деген сияқты бата-дұға сөйлемдерін көп естиміз.
Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз дәстүрлі исламмен әдет-ғұрыптарымызды осы күнге дейін сабақтастырып, мәдениетіміз бен құндылықтарымызды жалғастырып келді.
Достарыңызбен бөлісу: |