І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет131/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер

1. Снесарев А.Е. Афганские уроки//Российский военный сборник. – Москва: ВУ, 2003. – 54-61-стр.;


2. Қожанов К.Б. ӘОЖ 94(47+420).082./083 Ресей және Ұлыбритания геосаясатындағы Ауғанстан (ХІХ ғасырдың соңы-XX ғасырдың басы)// «edu.e-history.kz», № 2 электрондық ғылыми журнал;

3. Уикипедия – ашық энциклопедия.




ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ТҰТҚАСЫ
Ахмади Гүлсім (Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Тастемирова Г.А., ф.ғ.к.
Ауғанстанда денсаулық сақтау жүйесі әлемдегі ең төменгілерінің бірі болып саналады. Ауғанстанның қай аймақтарын алсаңыз да дәрігерлік көмек көрсететін орындардың тапшылығы, аурухана, емхана, дәріхана жетіспеушіліктерінің салдарынан адамның өлім-жетімі көп. Кабулден 400 шақырым батыста жатқан орналасқан аудан орталығы Шахшаранда 20 төсектік емханамен бар болғаны 5-ақ дәрігер қызмет жасайды. 2001-інші жылдың қарашасында француздың үкіметтік емес Медисинса дю Монд қайырымдылық ұйымының өкілдері емханаға өз мамандары мен дәрі-дәрмекпен көмек бере бастағалы бері жағдай аздап болса да оңалып келеді. Бірақ жергілікті емханада тек шұғыл хирургиялық көмек көрсетеді. Ауғаныстаның аса діншіл аймағында халық дәрігерлік көмекке ең соңғы сәтте қайырылады. Емханаға жеткізілгендердің көпшілігі жазылмайтын күйдегі науқастар. Әсіресе әйелдердің жағдайы аянышты. Кейбіреулері босанғаннан соң бірнеше күн қандары тоқтамау себебінен емханаға жеткізіледі. Саны аз дәрігерлер оларға нақты көмек беруге дәрменсіз. Қан қоры жоқ, тіпті науқастың қаны қандай топқа жататынан анықтайтын лабораториялық құрал-жабдықтар жоқ. Шешімін таппай отырған мәселелер шаш етектен, құрт ауруына шалдыққандарға бөлек жататын бөлме жоқ, олар дәлізге қойылған төсектерде күрк-күрк жөтелуде. Сондай-ақ, балаларға арналған бөлім де жоқ, жас сәби ересек адамдардың жаны қиналып жарық дүниеден өткенін көзімен көріп қиналады.Дегенмен, Ауғанстанның шалғайдағы аудандарына бірен-саран үкіметтік емес ұйымдар адамгершілік көмегін көрсетіп жатады. Мысалы, шалғайда орналасқан аймақтарда бала өлім-жетіп көп болады. Себебі оқымаған халық сауатсыздығынан молдаға жүгінеді. Әйелдер өз денсаулығына немқұрайдылықпен қарайды. Ал жас нәрестелер арасында сіреспе ауруы көп кездеседі. Өйткені оқымаған, сауатсыз аналар дәстүрлі кіндік шешелер босанған аналарды жерге аунатып алуын талап етеді.Әйелдер өз балаларын жерге тигізгендігі үшін Алланың шапағатына бөленеміз деп түсінеді. Ал бұл Ауғанстанның кішкене бір аймағындағы денсаулық сақтау мәселелерінің бірі ғана. Ауғанстан мен Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін мүлдем салыстыруға келмейді. Сонымен қатар біріншіден, Ауғанстанда дәрігер мамандарының тапшылығы мен санатты дәрігердің аз болуы. Екіншіден, адамдар уақтылы дәрігерлік тексерістен өтпеуі, өз денсаулығына немқұрайды қарайтыны да елдегі халықтың денсаулығының төмендеуіне апарып соқтыратын бірден -бір фактор деп айдуға болады.
Қазақстанда Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында: «Дені сау ұлт – жалпыұлттық міндет. Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыру керек» – деп атап айтқан еді. Сонымен қоса, баланық шақтан бастап денешынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек екендігіне баса назар аударды. Сонымен 2002 жылы – денсаулық жылы деп атап көп жұмыстар жүргізген. Қазақстан Республикасында емдеупрактикалық мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады. Балалар дәрігерлік көмекті балалар ауруханасы мен поликлиникаларынан тегін алады. 3 жасқа дейінгі балалар консультация орындарының бақылауында болады. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары; мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық, медициналық және биологиялық проблема. Адамның еңбек пен түрмыс жағдайын жақсарта беру, аурулардың алдын алу. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің мемлекетіміздің аса маңызды міндеттсрінің бірі. Бұл – Қазақстандағы жағдай. Ал бізде мұндай жоқ. Қазір мемлекет медициналық көмекке зәру.
Еліміздің қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің төмендеуі, еліміздегі соғыс және экологиялық қолайсыздық Ауғанстанның бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Қазіргі қоғамымызда сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы сонымен қатар әйел азаматтарының денсаулығына қауіп тудыруда. Ауғанстандағы азаматтық соғыстың салдарынан ата-анасынан айрылған балалардың күнкөріс деңгейінің төмендігінен дұрыс тамақтанбай денсаулықтарының нашарлауы, есірткі пайдалану кеңінен етек алуда.
Қорыта келе айтарымыз, біздің елімізге медициналық, әлеуметтік, экономикалық, білім беру саласындағы көмек өте қажет. Бұл тұрғыдан Қазақстан Республикасының жасап отырған ынтымақтастық білім саласындағы көмегіне шексіз алғысымызды білдіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет