ІҮ тақырыпша. «Мысыр мәдениеті» І топ. Тарихшылар : Бейбарыс сұлтан тағына отырысымен әр шаһардың қорғанысын нығайтып, қамал мұнара, жол бойына, бекет айлақтарға шырақ салдырды. Әр қалада тұрақты әскер ұстады. Тәртіпті нығайтып,ұры – қары, қарақшыны жойды. Шөлейтке канал қаздырып, құбыр тартқызды. Сарай ішіндегі алауыздықты жойды. Әлемнің түкпір – түкпірінен ағылған көпестергеесік ашты. Өзендерге көпір салдырып, әр шаһарға мешіт орнгатты.
ІІ топ. Әдебиетшілер: Мәмлүктер кезеңі Мысыр мен Шам үшін аса жоғары дәуірлеу заманы болды. Оған Ислам әлеміндегі төңкеріс те сайма – сай келді. 1258 жылы Бағдат халифатының қүлауы, монғол шапқыншылығы әсерінен кезіндегі Ислам мәдениетінің орталығы болған Бағдаттың талқандалуы, Мысырға мықты – мықты ғалымдардың монғол езгісінен қашып келіп, орталыққа айналдыруына себеп болды.
Араб тіл білімпаздары қыпшақ тілін оқып – үйренуге дегенүлкен мүделік туындаған. Соның нәтижесінде қыпшақ тіліне қатысты алуан түрлі сөздіктер, грамматикалық оқулықтар, үлкенді – кішілі анықтамалар дүниеге келген.
ІІІ топ. Зерттеушілер:
17 жыл 2 ай 12 күн әмірлік еткен Бейбарыс ел билеу дәстүріне сай оның Каирдағы сарайы сәулетті болған.
Аяқ - табақ тасушылар да, тағам дәмін татып білушілер де, түнгі күзетшілер де тиісті лауазымға сай болған. Олардың бәрі де қамалда өтетін қабылдауларға қатысып отырған. Әскери бекіністерді жасақтаған Бейбарыс діндар болған, қаланы сауықтыру мақсатында Каирда анаша тартып, шарап ішуге тыйым салған, барлық ішімдік орындары мен жезөкшілер үшін салынған орындарды жапқан, жорықта кәпірлерге еріп келген Еуропалық жезөкше әйелдерді қуып шыққан.
Каир әйелдерінің бұзақы әрекеттеріне қарсы қатаң заң қабылданған.