І топ. Тарихшылар



бет1/3
Дата17.03.2023
өлшемі23,9 Kb.
#75278
  1   2   3

«Мәмлүк» сөзінің мағынасын талдау.
І топ. Тарихшылар:
Батыс тарихшылары мәмлүктерді әскери бөліміне қарай «бахри» және «бурджи» деп атайды. Мәмлүктердің арқасында араб -ислам өркениеті монғол мен кресшілер зауалынан аман қалды. Оған ислам әлеміндегі төңкерісте сайма - сай келді.1258 жылғы Бағдад халифатының құлауы, монғол шапқыншылығы әсерінен кезінде ислам мәдениетінің орталығы болған Бағдадтың талқандалуы, мықты мықты ғалымдардың Мысырға монғол езгісінен қашып келуі оның орталыққа айналуға себеп болды.
ІІ топ. Әдебиетшілер:
ХІІІ ғасырда Мысырдың мемлекет басына мәмлүктер (араб тілінде «мүлік», «құл», «бас бостандығы жоқ адам» деген ұғым береді) келеді. Мәмлүктердің басым көпшілігі моңғолдар шапқыншылығы кезінде тұтқынға түсіп, Дешті - Қыпшақ даласынан Мысырға сатылған құлдар. ХІІІ ғ. – ХІҮ ғ. Мысыр мен Шамда түркі (қыпшақ) тілін үйренуге деген үлкен құштарлық пайда болды. Өйткені мемлекет басында қыпшақ сұлтандары отырды.Сондықтан сол тұста арабтарға қыпшақ тілін үйрету үшін арабша - қыпшақша сөздіктер мен граматикалық еңбектер көп жазылған.
ІІІ топ. Зертеушілер:
Мәмлүк қыпшақтары ХІІ - ХІІІ ғасырларда Арабстан (Мысыр, Ислам, Месопатамия,
Оңтүстік Арабия) әскерінің алдыңғы саптағы жасақшылары болған. Бұл қыпшақ құлдары Мысыр мен Шамды 250 жыл билейді. Олар ХІІІ ғасырда Айуб әулетінің ең соңғы шах мұрагері сұлтан Тұран шахты өлтіріп, мәмлүк мемлекетінің алғашқы билеушісі Айбек болды. Айбек таққа отырғанымен мәмлүк мемлекетінің абыройын асқақтатқан ал-Малик-аз - Захир Рух – ад - Дин Бейбарыс.
ІІ тақырыпша. «Бейбарыстың балалық шағы»
І топ Тарихшылар:
«Бейбарыс қыпшақ даласында туған, көзі көгілдірлеу еді», - деп жазады Макризи. Шынында да солай, бір көзіне сүйел шыққан. Сол кемтарлығынан Дамаскіде бала кезінде небәрі 800 динарға сатып жіберілген. Өңі қоңырлау, даусы ашық, ыстық қанды адам болған.
ІІ топ.Әдебиетшілер:
Мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны (1260 - 1277 жж.). Әкесінің аты Жанақ, Шешесінің аты Әйек деген мәліметтер бар. Дамаскіде 10 жасында 800 дирхимге сатылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет