Қарқаралы таулары қырқалы таулар мен биік шоқылардан тұрады.
В
Қарқаралы таулары - ең көрікті жерлердің бірі.
С
Жазды күндері тау басында қар жатпайды.
5. Сұраққа толық жауап жазыңыз. [1]
Қарқаралы тауларына жылына қанша турист келеді? ______________________________________________
ЖАЗЫЛЫМ [10]
Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.
1. Қаланың қызу өмірі Жазғы демалыс кезінде ауылдағы туыстарыңыз қалаға қыдырып келді. Қонақтармен қаланы аралауға шықтыңыз. Қай жерлерге апарасыз? Неге? Қала өмірінің ерекшелігін және барған жерлеріңіз туралы сипаттап жазыңыз.
2. Менің ауылым Ауылды, ауыл өмірін сипаттап жазыңыз.
АЙТЫЛЫМ [10]
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-8 сөйлем). Диалогке қатысуда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.