Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББМ «Қауіпсіз мектеп ордасы» акциясы аясында ұйымдастырылған шаралар туралы
Анықтама
Мектебімiзде «Қауіпсіз мектеп ордасы» Республикалық акциясы аясында оқушыларға буллинг пен кибербуллингтi алдын алу мақсатында тәрбие сағаттары оздырылды. Біз барлық оқушыларға қамқор болып және қауіпсіз ортада оқуы үшін қауіпсіз жағдай жасауға тырысамыз. Егер қорлау фактісі шынында да орын алса, онда барлық оқушылар бұл жайлы хабарлай алуы және инцидент жедел әрі тиімді шешілетіндігін білуі тиіс.
Қорлау әрекеттерін жеңу үшін біз барлығына көмектесеміз: бір-бірімен тату болуға, бір-біріне сыпайы болуға, бір-бірін құрметтеуге және түсінуге, бір-біріне ұқыптылық пен мейірімділік танытуға және әркімнің кім болуға құқығы бар екеніне сенуге. Осы тәрбие сағаттары қорлаумен (буллингпен) байланысты кез келген оқиғаларға мектеп ізбе із жауап беруін қамтамасыз етуге бағытталған. Қорлау (буллинг) – бұл балаларға зиян келтірумен сипатталатын күш қолданудың бір түрі. Сондықтан мектебімізде қорлау мен мазақтауға жол берілмейтін алдын алу мақсатында сынып жетекшілер оқушылармен тәрбие сағаттарын өткізді.