Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Абай қай ауылда дүниеге келді? Қасқабұлақ
Абайдың қызының есімін тап. Күлбадан
Абайдың анасының есімі кім? Ұлжан
Мына өлеңдердің қайсысы Әбішке арналған? Талаптың мініп тұлпарын
«Абай» журналы қай жылы жарыққа шықты? 1918
Шәкәрім Абайға кім болып келеді? Немере інісі
Абайды бала күнінде қалай атаған? Телғара
Олжай батырдан тараған үш ұрпақты көрсет. Айдос, Қайдос, Жігітек
Абайдың Ділдадан туған ұлын көрсет.Мағауия
Абай Семей қаласында қай медреседе оқыды? Ахмет-Риза
“Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған” Берілген үзінді қай өлеңнен?
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
Абай қай жылдары болыс болды? 1875-1878 ж.ж.
Абай шығыс классиктерінен кімдердің шығармаларын оқыды? Барлық жауап дұрыс
“Қайрат, ақыл, жүрек” Абайдың нешінші қара сөзінде кездеседі? 17
Құдайбердінің анасының есімі кім? Күнке
“Айналайын құдай-ау” арнау өлеңі кімге арналып жазылған? Әбіш
“Жайнаған туың жығылмай” арнау өлеңі кімге арналған?Көкбай,_Шәкәрім,_Ақылбай,_Мағауия,_Әріп'> Оспан
“Абай” журналына кімдер басшылық етті? М. Әуезов, Ж. Аймауытов
Абайдың ақын шәкірттері Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Әріп
М. Әуезовтің талантты шәкірті, аспиранты, Абайдың ақындық мектебін арнайы зерттеген ғалым? Қ. Мұхамедханов
“Абай” журналы қай қалада шыққан? Семей
Шәкәрімнің тікелей Абай ықпалымен жазған поэмасы “Еңлік-Кебек”
Абайдың ақын шәкірті, үзеңгілес досы Көкбай
Абайдың тұңғыш биографиясын жазған кім? Кәкітай
Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді? Көкбай
«Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз». Берілген үзінді қай шығармадан алынған? «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңін белгілеңіз. «Жаз»
Қай өлеңнен?
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып. ««Жазғытұры»
Ақын ел билеушілерінің типтік бейнесін қай өлеңдерінде бейнелеген? «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың»
Қай шығармадан?
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын. «Сегіз аяқ»
Ойшыл адамның өмірде көргені мен басынан кешкен шерлі сырын танытатын шығарманы атаңыз. «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?»
Абайдың қай поэмасының уақиғасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған?«Әзім әңгімесі»
Абай: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», - деп нешінші қара сөзінде жазды? Он сегізінші сөзінде
«Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деген сөздің иесі кім? М. Әуезов;
Қай қара сөзінен?
«Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады». Жетінші
Халық арасына ән болып тараған аудармалары? «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты»
«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген сөздің авторы кім? А. Байтұрсынұлы
«Орынсызды айтпаған», «Арғы атасы қажы еді», «Тұла бойың ұят, ар едің» өлеңдерін кімге арнады? Әбдірахманға
Қай өлеңнен?
Ойында жоқ бірінің,
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат,
Болсам деген бәрінде ой.. «Интернатта оқып жүр»
Лермонтовтан аударған өлеңін табыңыз. «Жалау»
Пара беріп, билікке қолы жеткен екі жүзді жемқор болыстың бейнесін «улы сия, ащы тілмен» өлтіре сықақ еткен өлеңін табыңыз. «Болыс болдым, мінеки»
Қай өлеңнен?
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ. «Сегіз аяқ»
Абай «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» қай жылы жазды? 1885ж.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше тіліне аударылды? 116 тілге
«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы - Абайдан»,- деп кім айтты? Мұхтар
Төбе би болып сайланған жылын белгілеңіз. 1885 ж.
Абай өлеңді неше жастан бастап жазды? 10 жастан
Абай: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзіме алайын», - деп кімге айтты? Көкпай
Қай өлеңнен?
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»
Абай: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар»,- деп нешінші қара сөзінде жазды? Жиырма тоғызыншы
Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты? 1909ж. Петербург
Қай өлеңнен?
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
Абайдың «Жаз», «Болыс болдым мінекей» өлеңдері алғаш қай газет беттерінде жарық көрді? Дала уалаяты
Абайдың ғылыми негізде жазылған тарихи мақаласын көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |