Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы


Тапсырма.  Драмалық  шығармалардағы  жақшаның  қолданысына  мысал  жазыңыздар.      Мəтінмен жұмыс



Pdf көрінісі
бет65/75
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#14909
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   75
Тапсырма.  Драмалық  шығармалардағы  жақшаның  қолданысына  мысал 

жазыңыздар. 

 

 



Мəтінмен жұмыс 

Мəтінді оқи отырып, «Татулықта табыс мол» тақырыбында ой қозғаңыз. 

 

Қазыбек би 

 

  Қазыбектің ағайындары  Бертіс би мен Тілеуке би мұның ел ішіндегі 

абыройын  көре  алмай,  жастарының  үлкендігіне  сүйеніп,  оны  бір  күн 

шақырып алады. Əуелі Бертіс би: 

  Ақыл елден артылған, 

  Ақылың болса, мақтан. 

  Ынтымағы жұрттан асқан, 

  Жақының болса, мақтан. 

  Сенің жасың кіші ғой,  

  Ағаңның алдына шығудан сақтан! деп ескертеді. 

  Қазыбек оларға: 

  Бір бала бар – 

  Атаға жете туады. 

  Бір бала бар – 

  Атадан өте туады. 

  Бір бала бар – 

  Кері кете туады! деп, жауап береді. 

Мұның  айтқанын  ана  екеуі  кек  тұтып,  күні  бұрын  дайындап  қойған 

адамдарына  белгі  береді.    Бұзықтар  Қазыбектің  үстіне  шекпен  жауып, 

сабамаққа айналады. Сол кезде аттың дүбірі естіледі. Бұл келген Қазыбектің 

кенже  інісі  Бөдене  батыр  екен.  Ағайындарының  ағасын  оңаша  шақыруынан 

қауіптеніп, асығып жеткен беті осы еді. 

Қазыбек інісін тоқтатып: 

-  Шырағым,  бір  қолың  ұрысшы  болса,  екінші  қолың  арашасы  болсын. 

Ашу      дұшпан,  ақыл    дос,  ақылыңа  ақыл  қос.  Жауға  сілтер  қаруыңды  еш 

уақытта жақыныңа сілтеме!  депті. 

Айнала жиналған халықтың алдына шығып, сонда Қазыбек былай дейді: 

  Өркенім өссін десең, 




 

57 


 

  Кекшіл болма – 

  Кесапаты тиер еліңе. 

  Елім өссін десең, 

  Өршіл болма – 

  Өскеніңді өшірерсің. 

  Басына іс түскен пақырға 

  Қастық қылма  – 

  Қайғысы көшер басыңа. 

  Жанашыры жоқ жарлыға 

  Жəрдемші бол асыға. 

  Қиын-қыстау күндерде 

  Өзі  келер қасыңа. 

  Бүгін сағы сынды деп, 

  Жақыныңды басынба! 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет