Идеал газдардың кинетикалық теориясы



Pdf көрінісі
бет38/69
Дата11.05.2023
өлшемі5,05 Kb.
#91879
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69
5. Гесс заңы. Термохимияда реакцияның жылулық тиімділігі деп сол 
реакция кезінде бөлінген жылу мөлшерін айтады. Егер реакция нәтижесінде 
қандай да бір жаңа қосылыс түзілсе, онда жылулық тиімділік түзілу жылуы 


59 
деп те атайды. Егер реакция кезінде жылу бөлінетін болса мұндай реакция 
экзотермиялық деп аталады, ал жылу жұтылса – эндотермиялық деп 
аталады. Бірінші жағдайда жылулық тиімділік оң деп есептеледі, ал екіншіде 
– теріс. Егер жылулық тиімділікті әрпімен белгілесек, онда
болады. Егер реакция тұрақты көлемде өтсе: 
(23.4) 

Сәйкесінше, реакция тұрақты қысымда өтсе, онда 
(23.5) 
(23.4) және (23.5) өрнектер реакцияның жылулық тиімділігі тек қана 
бастапқы заттардың табиғатына және физикалық күйіне тәуелді екені, ал 
реакцияның аралық сатыларына тәуелсіз екендігін көрсетеді. Бұл заңды 1840 
жылы орыс академигі Гесс (1802-1850) термодинамиканың бірінші 
бастамасынан бұрын ашқан болатын.
Бақылау сұрақтары: 
1. Қандай процесті жылу алмасу процесі деп атайды? 
2. Жылу алмасу процесі кезінде бір денеден екінші денеге өтетін энергияны қалай 
атайды? 
3. Жылу мөлшері күй функциясы ма? 
4. Қандай денелер жылу резервуары деп аталады? 
5. Энтальпия қалай анықталады? 
6. Гесс заңын түсіндіріңіз. 
 
§24. Жылусыйымдылық 
 
1. 
Меншікті, 
мольдік 
жылусыйымдылық. 
Дененің 
жылусыйымдылығы деп дененің алған шексіз аз жылу мөлшерінің сол 
дененің температурасының өсімшесіне қатынасын айтамыз: 
(24.1) 
Егер заттың бірлік массасы қарастырылатын болса, онда меншікті 
жылусыйымдылық анықтамасы былай тұжырымдалады. Заттың бірлік 
массасының температурасын 1 градусқа өзгертуге қажетті жылу мөлшерін 
сол заттың меншікті жылусыйымдылығы деп атаймыз: 
(24.2) 


60 
Термодинамикада көбіне мольдік жылусыйымдылығы қолданылады. Заттың 
бір молінің температурасын 1 градусқа өзгертуге қажетті жылу мөлшерін сол 
заттың мольдік жылусыйымдылығы деп атаймыз: 
(24.3) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет