56
функциясын енгізу адиабаталық қоршаудағы жүйе үстінен жасалатын жұмыс
тек қана жүйенің бастапқы және соңғы күйлеріне ғана тәуелді болатынымен
және бастапқы күйден соңғы күйге өту әдісінен тәуелді емес екендігімен
байланыстырылады. Бастапқы күйді
1 индексімен ал соңғы күйді
2
индексімен белгілейік. Сонымен, адиабаталық қоршаудағы жүйе үшін:
(22.1)
мұндағы
және
жүйенің
1, 2-ші күйлеріндегі ішкі энергиялары, ал
- жүйе
1-күйден
2-күйге кез келген жолмен өткендегі сыртқы күштердің
жұмысы.
2. Нөлдік күйді таңдау. Ішкі энергия бір мәнді анықталмаған, қандай-да
бір аддитивті тұрақты дәлдігіне дейін анықталған. Энергияның өзі нақты
мағынаға ие емес, ал олардың әр түрлі күйлердегі мәндерінің айырымы
аддитивті тұрақтыны таңдауға тәуелсіз және нақты мағынаға ие. Қандай да
бір күйді нөлдік күй ретінде таңдауға келісуге болады, бұл күйде ішкі
энергия мәні нөлге тең болады. Сонда басқа күйлердің ішкі энергияларының
мәндері бірмәнді анықталады. Осыларды ескеріп ішкі энергияның
анықтамасын былай тұжырымдаймыз:
Қандайда бір тепе-теңдік күйдегі
жүйенің ішкі энергиясы кез келген мүмкін адиабаталық жолмен жүйені
нөлдік күйден қарастырылатын күйге өткізу үшін жүйе үстінен
жасалатын сыртқы күштердің жұмысына тең болады.
Егер бұл бағытта адиабаталық процесс мүмкін болмаса, онда кері процесті
қарастыруға болады, демек жүйенің нөлдік күйден қарастырылатын күйге
өту процесін қарастырамыз. Бұл жағдайда сыртқы күштердің жұмысын теріс
таңбамен алу керек.Осыны ескеріп ішкі энергия анықтамасын былай
тұжырымдаймыз:
Қандайда бір тепе-теңдік күйдегі жүйенің ішкі энергиясы
кез келген мүмкін адиабаталық жолмен жүйені қарастырылатын күйден
нөлдік күйге өткізу үшін жүйе үстінен жасалатын сыртқы күштердің
теріс таңбамен алынған жұмысына тең болады.
3. Квазистатикалық процестер үшін
, мұндағы жүйенің
атқаратын жұмысы. Осыны ескеріп (1) өрнекті былай жазуға болады:
Демек, адиабаталық процестер кезінде жүйенің жұмысы ішкі энергияның
кемуі есебінен атқарылады.
Достарыңызбен бөлісу: