57
ретінде қоршаудың жылжымалы бөлігін сыртқы күштер әсерімен орын
ауыстыруды қарастырамыз. Бұл кезде сыртқы күш әсерінен цилиндр ішіндегі
газдың
көлемі өзгереді, демек сыртқы күш жұмыс атқарады. Жүйе күйінің
өзгеру процесі адиабаталық қоршауда өтетіндіктен жүйе сырттан ешқандай
жылу алмайды және
сыртқы ортаға жылу бермейді, демек . Олай
болса, термодинамиканың бірінші бастамасын адиабаталық қоршаудағы
жүйе үшін былай жазуға болады:
(22.2)
немесе
.
Бақылау сұрақтары:
1. Ішкі энергияның анықтамасын тұжырымда.
2. Жүйенің ішкі энергиясының өзгерісіоның бір күйден екінші күйге өту жолына тәуелді
ме?
3. Адиабаталық қоршаудағы жүйенің ішкі энергиясының өзгерісі қалай анықталады?
§23. Жылу мөлшері
1. Жылу мөлшері, жылу алмасу. Егер жүйе адиабаттық қоршауда болса,
онда жүйенің ішкі энергиясын оның үстінен макроскопиялық жұмыс атқару
арқылы ғана өзгертуге болады. Алайда, жүйе адиабаттық қоршауда болмаса,
онда оның ішкі энергиясын әртүрлі жолдармен
макроскопиялық жұмыс
атқармай-ақ өзгертуге болады. Мысалы, ыстық дене мен суық денені бір-
бірімен жанастырғанда макроскопиялық жұмыс атқарылмаса да ішкі энергия
ыстық денеден суық денеге өтеді.
Бір-бірімен жанастырылған денелердің макроскопиялық жұмыс
атқармай өтетін ішкі энергиямен алмасу процесі жылу алмасу деп
аталады. Жылу алмасу процесі нәтижесінде сыртқы ортаның денеге берген
энергиясы дененің алған жылу мөлшері немесе жылу деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: