99
(41.2)
Бұл ықтималдылық та болғанда максимум мәнге ие болады.
Жүйедегі бөлшектер саны көп болған сайын молекулалардың ыдыс
ішінде бірқалыпты таралуының мүмкін әдістерінің саны басқа таралуларға
қарағанда арта береді. Газ молекулаларының үздіксіз хаосты жылулық
қозғалыстарының нәтижесінде жүйе әртүрлі күйлерде болуы мүмкін, бірақ
жүйе күйі молекулалардың бірқалыпты таралуына сәйкес күйде болуының
ықтималдылығы барлық уақытта жоғары болады. Жүйенің бұл күйі тепе тең
күй болып табылады. Егер газ қандай да бір себеппен тепе теңсіздікте болса,
онда сыртқы әсерлер болмаса жүйе тепе тең күйге өз бетімен келеді.
Енді осы мысалға ұқсас жағдайды қарастырып көрейік. Бізге көлемі
ыдыс берілсін. Осы ыдыстың ішінде молекула болсын. Ыдысты ойша
көлемдері болатын бірнеше бірдей бөліктерге бөлейік. Ықтималдықтар
теориясына сәйкес ыдыстағы барлық молекулалардың көлемінде
болуының ықтималдығы былай анықталады:
(41.3)
Осы мысалдардағы (41.2) және (41.3) формулалармен анықталған
ықтималдықтардың мағынасы бірдей. Бірақ біз бірінші жағдайда
ықтималдықты жүйенің берілген күйін іске асыру әдістерінің саны бойынша
анықтасақ, екінші жағдайда математикалық әдіспен анықтап отырмыз. (41.3)
формуласы ыдыстағы барлық молекулалардың көлемінде болу
ықтималдығын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: