106
Газдардағы тасымалдау құбылыстары
§44. Еркін журудің орташа жолы
1. Газ молекулаларының жылулық қозғалысының орташа жылдамдығы
(16.8) формуламен анықталады. Бөлме температурасында көптеген
молекулалардың жылдамдығы мылтық оғының жылдамдығындай болады.
Мысалы, 0ºС-де сутегі, азот және оттегі молекулаларының жылдамдықтары
сәйкесінше – 1700 м/с, 455 м/с және 425 м/с болады. Егер молекулалар
жылдамдығы осыншалықты үлкен мәндерге ие болса, онда иіссудың иісі
бөлменің бір бұрышынан екінші бұрышына бір сәтте жетуі керек. Шын
мәнінде иістің жету уақыты бағытты ауа ағыны болмаған жағдайда ондаған
минуттар болады. Иіс өте баяу жүретін диффузия процесі арқылы тарайды.
2. Диффузия құбылысының және басқа да құбылыстардың баяу жүру
себебін Клаузиус молекулалардың соқтығысуларымен түсіндірді. Газ
молекулалары үнемі еркін жүрмейді, олар үнемі басқа молекулалармен
соқтығыса қозғалады. Молекулалар бір соқтығысудан екінші соқтысуға дейін
өте қысқа уақыт аралығында өте аз жолды еркін жүреді. Соқтығысу кезінде
молекулалардың жылдамдығы модулі бойынша және бағыты бойынша
өзгереді. Осының нәтижесінде молекулалардың траекториясы түзу сызық
емес, көптеген сыну нүктелері бар сызық түрінде болады. Молекулалар әрі-
бері ретсіз қозғалып, белгіленген бағытта өте аз орын ауыстырады. Осы
құбылысты толық сипаттау үшін Клаузиус
еркін жүрудің орташа ұзындығы
түсінігін енгізді.
Достарыңызбен бөлісу: