Идеология (гр. идса – ой, пікір, идея + логос – сөз) – ілім, қоғамдық сана.
"Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
кейбір идеологиялардың жалаулары
Нацизм
Нацизм — Германияның XX ғасырдың басында пайда болған, әлемдегі ең қатыгез идеологиялардың бірі болып саналады. Оның ең басты мақсаты — бүкіл немістілді халықтарды бір Германдық мемлекетке қосу еді. Нацизм өзіне этникалық ұлтшылыдықты, «арий нәсілінің» идеясын, және де оның басқа нәсілге қарағанда биологиялық және мәдениеттік үстемдігін қосты. Нацисттердің ойынша, идеалды неміс мемлекеті бірпартиялық, жеке басқа табынушылық, және автократиялық болу керек. Бұл ой Ұлтшылдық-социализмдық неміс жұмыс партиясының (нем. NSDAP), одан кейін Үшінші рейхтің ресми ұранында айтылған: «Бір халық, бір рейх, бір көшбасшысы.
Ұлтшылдық-социализм, көбінесе нацизм атауымен танымал - неміс тоталитарлық, экстремистік, радикалдық, нәсілшілдік, антисемитисттік саяси идеология және 1919—1945 жылдардағы қозғалыс, фашизмнің ерекше формасы.
Ұлтшылдықтың пайда болуының себептерін екі басты ойшылдар тобы зерттейтін:
1 модернисттік көзқарас ұлтшылдықты, өзінің бар болуы үшін қазіргі қоғамда құрылымдық жағдайлардың болуын талап ететін, жаңа құбылыс деп санайды
2 примордиалисттық көзқарас ұлтшылдықты ежелгі эволюциялық беталыс жағынан көріп, адамдар туған туыстан құрайтын бөлек топтарға бөлінеді деген ойды қолдайды
Саяси немесе әлеуметтік көзқарастардан қарағанда, ұлтшылдықтың пайда болуы туралы және оның негізгі ұғымдары туралы екі көзқарас бар. Бірінші, примордиалистік көзқарас ұлтшылдықты ежелгі эволюциялық беталыс жағынан көріп, адамдар туған туыстан құрайтын бөлек топтарға бөлінеді деген ойды қолдайды. Келесі, модернистік көзқарас ұлтшылдықты, өзінің бар болуы үшін қазіргі қоғамда құрылымдық жағдайлардың болуын талап ететін, жаңа құбылыс деп санайды.
Осы екеуіне альтернативтік көзқарас ортақ теориясында табылады. Осы теория бойынша ұлтшылдықтың құрылысы біздің заманымыздан шыққан, бірақ оның мағынасы мен cубъективті қамтуы примордиалистік сезімдеріне байланысты.