Қадам 2. Омега-ағаш: Алғашқы көріністерді қайта құру.
Омега-идеяны таңдау. Алынған үміткер-идеяларды бағалау үшін өлшемдер жиынтығын өзіңіз үшін анықтаңыз және соның көмегімен басты бір идеяны таңдаңыз. Басты идеяны түйінді сөз түрінде альфа бағытындағы омега нүктесінен шығатын сызыққа орналастырыңыз.
Байланыстар орнату. Енді Омега нүктесін альфа-ағаштың тарамдарының екі ұшын байланыстыра бастаңыз. Ол үшін мұндай байланыстың болу мүмкіндігін елестетіңіз және байланыстырушы сызығына сәйкес түйінді сөздерді жазыңыз (олар талап етілетін әрекеттерді, идеяларды жүзеге асыру бойынша ойға салуларды және т.б. қамтып көрсетуі мүмкін). Егер пайда болған тұжырымдама жаңа идеялар мен көріністерді туындататын болса, омега-ағашқа солға қарай бағыт алған жаңа тарамдарды салып бітіріңіз. Осы жұмыс барысында сізге қойылған мақсатқа қалай жететінін ойға салатын тәжірибелік идеялардың қуатты толқыны пайда болады.
Омега-карта мысалы (екінші кезеңнін басы). Үлкейту үшін басыңыз.
Омега-картаны жасап бітірген соң, мәселе туралы және оны шешу жолдары туралы жаңа көріністеріңізді жақсырақ ұғыну үшін және анық құрылымдау үшін шыққан тұжырымдаманы бекітіңіз. Мұны түрлі нысандарда істеуге болады: іс-әрекеттер жоспары, бағдарламалық мәтін (миссия, көрініс), классикалық менталды карта, таныстыру рәсімі және т.б. түрінде.
Достарыңызбен бөлісу: |