Мәселе. Бұл тарамға шешуді талап ететін барлық мәселелерді орналастырыңыз. Сонымен қатар осы жерге мәселенің шешілуіне немесе жобаның орындалуына кедергі келтіруі мүмкін қауіп-қатерлер мен қауіптерді орналастырыңыз. Содан соң орталық мәселені мүмкіндігінше анық тұжырымдаңыз (ол үшін қосымша техникаларды пайдалана аласыз). Егер орталық есепке бірнеше үміткер бар болса, басты біреуін және екі қосалқы мәселелерден артық емесін таңдаңыз. Маңызды жобаларда бұл кезеңнің соңында бриф жазылады. Шағын жобаларға парақтың төменгі жағына басты мәселенің анықтамасын жазу жеткілікті болады.
Фактілер.Бұл тарамға келесілерді орналастырыңыз: а) мәселе туралы өзіңізде бар ақпаратты б) сізге жетіспейтін ақпаратты.
Ресурстар. Бұл тарамға мәселені шешуге қолдануға болатын бар ресурстарды орналастырыңыз.
Жорамалдар.Бұл жерге мәселемен жұмыс істеген кезде негізіне сүйенетін жорамалдар мен алғышарттарды орналастырыңыз, ал сонан соң әр жорамалға ықтимал баламаларды қосыңыз.
Мүмкіндіктер. Бұл тарамға қойылған мәселені шешудің ықтимал бағыттарын жазыңыз – идеяны қайдан іздеу туралы идеяларды. Ынталандыру ретінде «мүмкін емес», арандатушы нұсқауларды қосыңыз.