6. Пайдаланылған әдебиетке сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек, мысалы [4]. Мәтінде кездесетін сілтемелерге орай нөмірлеу жүйелі болуы керек;
7. Қорытынды (бір беттен артық емес) негізгі жұмыстың нәтижелері (1-5) және олардың негізінде жасалған қорытындыларын (1-2), жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды;
8. Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынандай тәртіпте беріледі:
- автордың тегі және қысқартылған аты-жені;
- мақаланың және журналдың аты (журналдық мақалалар үшін);
- журналдың, кітаптың аты;
- басып шығарылған орны және баспа (кітаптар үшін);
- басылған жылы, шығу нөмірі, беті;
9. Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмыска сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстар сөз болған жетекшінің пікірі қоса берілуі керек.
10. Ғылыми жетекші алынған нәтижелердің нақтылығы мен мүлтіксіздігіне, жұмыс диплом жұмыстарынан, магистрлық және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерінен көшірілен нәтижелер жоқтығына дербес жауапкершілік алады. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызмет дағдыларын ала отырып өз қолынан келетін жұмысты орындау керек.
Конкурс төрт бағыт бойынша өткізіледі: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны»,
«Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»,
«Таза табиғи орта – Қазақстан - 2050 стратегиясын іске асырудың негізі»,
«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары».
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба жарыстарының өткізу ережесіне 1-қосымша