I.Ғылыми жобаларды рәсімдеуге койылатын талаптар


ғылыми жоба жарыстарында секция бойынша пәндер



бет3/3
Дата27.09.2024
өлшемі95 Kb.
#145888
түріКонкурс
1   2   3
Байланысты:
ДАРЫН талаптары

ғылыми жоба жарыстарында секция бойынша пәндер
 





Секция

Пәндер

 1

Физика

физика

 2

Техника

физика

 3

Жер және космос туралы ғылымдар

физика

 4

Математика

математика

 5

Қолданбалы математика

математика

 6

Информатика

информатика, математика 

 7

Экономика

география, математика

 8

Биология

биология

 9

Химия

химия

 10

Адам денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау

биология

 11

Тарих

тарих 

 12

Құқық негізі

тарих, құқық негізі

 13

Өлкетану

география және тарих

 14

Әдебиет

әдебиет

 15

Этномәдениеттану

тарих, әдебиет

 16

Тіл білімi

қазақ, орыс, ағылшын,
неміс тілдері



Жалпы білім беретін пәндер
бойынша ғылыми жоба жарыстарының
өткізу ережесіне
2-қосымша
 
 
«Қазақстан-2030 стратегиясын іске асыруда республиканың экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының модельдері» атты
республикалық жарыстарға ұсынылатын оқушылардың
зерттеу жұмыстарын бағалау өлшемдері


 

Бағаланатын өлшем

Мүмкін
бағалар

Бағалау негіздемесi

1.Шығармашылық қабілеттілік

жеке жұмыс үшін 30 ұпай,
командалық жұмыс үшін 25 ұпай

Егер жұмыс автор(лар)ы проблеманы шешудің жаңа ғылыми тәсілін жасауда шығармашылық қабілеттілік танытса, жеке жұмыс үшін 25-30, командалық жұмыс үшін 20-25 ұпай қойылады.
Егер автор(лар) мәліметтерді талдаудың жаңа қондырғылар жасау немесе жаңа тәсілін қолдануда шығармашылық қабілеттілік танытса, жеке жұмыс үшін 20-25, командалық жұмыс үшін 15-20 ұпай қойылады.
Егер автор(лар) мәліметтерді өзінше түсіндіруде шығармашылық қабілеттілік танытса, жеке жұмыс үшін 10-20, командалық жұмыс үшін 10-15 ұпай қойылады.
Егер жұмыс реферативті сипатта болса, 10 ұпайға дейін қойылады.

2. Ғылыми ойлау

жеке жұмыс үшін 30 ұпай,
командалық жұмыс үшін 25 ұпай


Жекелеген өлшемдердің әрбірі жеке зерттеу жұмысы үшін 3 ұпай және командалық зерттеу жұмысы үшін 2,5 ұпай көлемінде бағаланады.
Зерттеу жұмысы үшін:
1. қарастырылып отырған проблема қаншалықты айқын және нақты ұсынылған;
2. жоспарланған ғылыми нәтиже алу мүмкіндігі мол болуы үшін шешетін міндет қаншалықты айқын көрсетілген;
3. міндетті шешудің нақты жоспары бар ма;
4. міндетті шешуде ауыспалылықтар нақты анықталған ба;
5. автор нәтижелерді кезең-кезеңімен тексерудің қажеттілігін (егер ол қажет болса) көре алды ма және оны дұрыс қолданды ма;
6. қорытындыны нақтылау үшін мәліметтер сәйкес таңдалған ба;
7. автор(лар) мәліметтердің қорытынды үшін шектеулілігін мойындай ма;
8. автор (команда) қойылған мәселені шешуде осы жұмыс мүмкіндіктерінің шектелетінін сезіне ме;
9. автордың (команда) мәселені шешуге кепілдік беретін, зерттеудің келесі кезеңі турасында идеясы бар ма;
10. автор(лар) ғылыми әдебиеттерден немесе тек қана көпшілік әдебиеттерден дәйексөз келтіреді ме;
техникалық зерттеу жұмыстары үшін:
1. жұмыс мақсаты қаншалықты айқын;
2. жаңалықтың әлеуетті тұтынушылары бар ма;
3. нәтиже өмірде іске аса ма;
4. үнемді орындалған ба;
5. әлеуетті тұтынушыға тиімді ме;
6. нәтиже түпкілікті қойылған мәселені шешуде жетістікпен қолданыла ма;
7. техникалық шешімнің шын мәнінде алдыңғы белгілі нұсқаларымен салыстырғанда елеулі артықшылығы бар ма;
8. нәтиже нақты жағдайда тексерілген бе;
9. зерттеудің келесі кезеңіне байланысты мәселені шешуге кепілдік беретін автордың (команданың) идеясы бар ма;
10. автор(лар) ғылыми, әдебиеттерден немесе тек қана көпшілік әдебиеттен дәйексөз келтіреді ме.

3. Қолданылған зерттеу әдістерінің тиімділігi

жеке жұмыс үшін 15 ұпай,
командалық жұмыс үшін 12 ұпай

Егер зерттеу жұмысының автор(лар)ы жұмыс барысында білімнің саласында мүлдем жаңа нәтижелер алуға мүмкіндік беретін қазіргі тиімді қондырғыларды немесе қазіргі теориялық әдістерді пайдаланса, жеке жұмыс үшін 10-15 ұпай, командалық жұмыс үшін 10-12 ұпай қойылады. 5-10 жеке және 5-10 командалық. Егер зерттеудің бұрынғы (ескірген) әдістерін пайдаланып, бірақ жаңа нәтиже шығарылса қойылады. Егер жұмыс реферативті сипатта болса, 5 ұпайға дейін
қойылады.
 



4. Тақырыпты ашу дәрежесi
(жете ашуы)

жеке жұмыс үшін 15 ұпай,
командалық жұмыс үшін 12 ұпай

Бұл параметр үшін баға жекелеген өлшемдер бойынша бағалар негізінде қойылады:
1. жұмыс жоспарланған деңгейге дейін жеткізілген бе;
2. шешілетін проблема қаншалықты толық қамтылған;
3. қорытынды жекелеген тәжірибеге негізделген бе, әлде қайталанған ма;
4. материал жұмыста қаншалықты айқын және нақты берілген;
5. автор(лар) мәселені шешудің басқа тәсілдерін біле ме;
6. автор(лар) зерттеліп отырған тақырып бойынша ғылыми әдебиеттермен қаншалықты таныс
Әр өлшем бойынша жеке жұмысқа 2,5 ұпай,
командалық жұмыс үшін 2 ұпай қойылады

5. Шеберлігі
шешендік, ұсынылатын
материалдың сапасы, айқындылығы

жеке жұмыс үшін10 ұпай,
командалық жұмыс үшін 10 ұпай

Бұл параметр үшін баға жекелеген өлшемдер бойынша бағаларды ескере отырып қойылады:
1. автор(лар) жұмысты қандай дәрежеде айқын және ұтымды баяндай алады (3 ұпай);
2. баяндамада жұмыс мазмұны қандай дәрежеде толық баяндалған (2 ұпай);
3. жұмыстың негізгі жерлерін қаншалықты баса көрсете алған (1 ұпай);
4. жұмыста қолданылған тәжірибелік мәліметтер қаншалықты нақты және айқын ұсынылған (1 ұпай);
5. жұмыс нәтижелері қаншалықты айқын және нақты көрсетілген (1 ұпай);
6. жұмыс нәтижелерін стенд қаншалықты жақсы ұғындырады (2 ұпай);

6. Команда мүшелерінің үйлестіру деңгейі (тек командалық жұмыстар үшін)

Барлығы 16 ұпай

Бұл параметр үшін баға жекелеген өлшемдер бойынша бағалар негізінде қойылады:
1. жалпы жұмыста әр қатысушының міндеттері қаншалықты айқын және нақты белгіленген (4 ұпай);
2. команданың әр мүшесі команданың барлық жұмысымен қаншалықты таныс (3 ұпай);
3. аяқталған жұмыс команда мүшелерінің күш-жігер үйлесімдігін қаншалықты көрсетті (3 ұпай);
4. команданың әр мүшесі жұмыс материалын
қаншалықты жақсы баяндайды (3 ұпай);
5. берілген зерттеу жұмысын командамен орындаудың қажеттілігі қандай болды (3 ұпай)
немесе бұл нәтижелерді жекелей алуға болатын
ба еді (0 ұпай).




Жалпы білім беретін пәндер
бойынша ғылыми жоба жарыстарының
өткізу ережесіне
3-қосымша
 Тестілеуді өткізу үшін бейіндік пәндердің тізімi 





Секциялар

Бейіндік пәндер бойынша тестілеу

 1

Физика

Физика

 2

Техника

Физика

 3

Жер және ғарыш туралы ғылымдар

Физика

 4

Математика

Математика

 5

Қолданбалы математика

Математика

 6

Информатика

Математика, Информатика

 7

Экономика

Математика, География

 8

Биология

Биология

 9

Химия

Химия

 10

Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау

Биология

 11

Тарих

Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы

 12

Адам және қоғам

Дүниежүзі тарихы және адам және қоғам

 13

Өлкетану

География және Қазақстан тарихы

 14

Әдебиет

Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті

 15

Этномәдениеттану

Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті

 16

Тіл білімі

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын, неміс және француз тілдері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет