«Оғыз-наме»-түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма. Соның өзінде, шығарманың сюжеттік желісі жеке ру-тайпалар шежіресіне негізделген емес. «Оғыз-намені» -әрі көркем, әрі тарихи туынды деуге болады. «Оғыз-намеде, негізінен, Оғыз қағанның әскери жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ерлік істері мадақталады. Шығарманың негізгі идеясы-елді ауызбірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру. «Оғыз наманың» негізгі кейіпкері - Оғыз қаған. Шығармада соның өмір жолы, күресі, ата тегі баяндалады.Анасы Айқағанның керемет бір ұл тапқаны, оның емшек ембей, ет жемей, қырқынан шығысымен жүріп, ойнап кеткеніодан кейін алып денелі болып өскені жылқы күзетіп, ерлігіменсәби кезінен-ақ көзге түскені, аң аулауға шығып, киікті, аюды,ұшқыр қыран құстарды атып алған мергендігі, оның жалғызкөзді Қият дәуді жеңген ерлігі суреттеледі. Одан кейін Оғыздың үйленуі, балалы болуы айтылады. Олкөк тәңірі жіберген, күн десе көзі бар, ай десе аузы бар, темірқазықтай меңі бар сұлуды алады. Одан Күн, Ай, Жұлдыз дегенүш бала көреді. Бұдан кейін Оғыз көл ортасында өсіп тұрғанжалғыз шынарды тауып, оның басында отырған екінші бір тамаша сұлуды көріп, соған үйленеді. Ол сұлу да үш бала табады.Оларға Көк, Тау, Теңіз деп ат қояды. Бұлардың бәрі аттарынасай батыр болып өседі. Осындай батыр ұрпақты Оғыз хан өзібастап, Көк бөріні ұран ғып, қалканды таңба тұтып, оқжақпен темір жебе алып жауға аттанады. Алтын, Ұрум қағандарынбағындырады. Мұз тауды басып алады. Бұл араға Қарлұқты бекетіп сайлайды. Енді бір жерге Калач Джуржит деп ат қойып,оны жаулап олжа түсіреді. Оның қасында данышпан ақыл иесіҰлұғ Түрүк (Ұлы Түрік) деген кария жүреді. Ол Оғыз ханғаақылшы болады. Сол қарияның ақылымен Оғыз кейін өзініңқартайғанын мойындап, өзіне қараған өлкені балаларына билетеді. Өз хандығының оңтүстігін Күн, Ай, Жұлдыз, солтүстігінКөк, Тау, Теңіз деген ұлдарына бөліп бермекші болады.
Құрылтай шақырып, жұртты билеуді балаларына жүктеп, тойжасап, бар қазынасын бөліп беріп, кең байтақ жерге ие болудыөсиет қып, бата береді.
Бұл көркем туындының ауызша тараған нұсқалары негізінде кейінірек қайта жазылған екі түрлі нұсқасы бар. Бірі – ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған. «Оғыз-наме» жырының осы нұсқасы Париждің ұлттық кітапханасының қорында сақталып келеді. Ал, екіншісі-араб әрпімен жазылған. Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпімен жазылған нұсқасының авторы-атақты тарихшы, белгілі әскери қолбасшы, Хиуаның ханы Әбілғазы бин Араб Мұхаммедхан (1603-1663ж.). «Оғыз-наме» аңызының Париж ұлттық кітапханасында сақталған нұсқасы көлемі жағынан онша үлкен емес. Қолжазба небәрі 21 парақ немесе 42 бет болып келеді. Әрбір бетке 9 жолдан ғана жазылған. Мұның өзі кездейсоқ жәйт емес, ‘’Оғыз-наме’’ өзінің композициялық құрылысы жағынан “Күлтегін” жырына өте-мөте ұқсас деуге болады. Бұл екі шығарманың авторлары сол дәуірдің өзіндік әдеби дәстүрін берік ұстаған сөз зергерлері болса керек. “Оғыз-наме” –қырықтан аса цикл-хикаядан тұрады. Әрбір циклда “Оғыз қаған” туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады. Әрбір циклдың өзі үш элементті қамтиды. Олар : бірінші – оқиғаның басталуы, екінші – оқиға желісінің үлғайып, өрістеуі, үшінші – оқиғаның түйіні, қорытынды. “Оғыз-наме” – Оғыз қағанның ата-тегін, өмір жолын, күресін баяндайтын мифтік сюжеттегі ерлік жырға жатады.