Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз



бет11/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Жыр негізгі екі бөлімнен тұрады:
1) оғыздың өсуі, билікке келуі, 2) жорықтары мен соғыстары. Алғашқы бөлім шығарманың халық аңызы мен ертедегі мифтеріне сәйкестігі екендігін аңғартса, соңғы бөлімнен тарихи деректердің кейбір елесі көрінеді. Шығармада аты аталатын жер, тайпа, мемлекет аттары шындыққа жанасады.
“Оғыз-наменің” негізгі идеясы бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күреске шақыру болып табылады.Дастанның оқиға желісі ақиқат пен аңызға бірдей негізделген .Мұндағы мәліметтерді ғалымдар екі топқа бөліп қарастырады: 1. Оғыз-түрікмен эпосына негізделген деректер. 2. Тарихи тұрғыдан реалдық негізі бар, бірақ бізге аңыз күйінде жеткен мәліметтер.
“Оғыз-намені” ақиқат пен аңызға бірдей негізделген шығарма деуге болады. Мұндағы мәліметтерді әдетте ғалымдар мынадай топтарға бөліп қарастырады: 1. оғыз-түркмен эпосына негізделген деректер. Бұған Оғыз батыр мен оның ұрпақтары жасаған әскери жорықтар туралы аңыздар енеді. 2. Тарихи тұрғыдан реалдық негізі бар, бірақ бізге аңыз күйінде жеткен мәліметтер. Бұл негізінен оғыз тайпаларының түрлі тарихи кезеңдерде қоныс іздеп, көшіп-қонуы жайындағы, оғыз елінің ішкі қоғамдық-әлеуметтік өмірі туралы деректер. 3. оғыз елініңкөрші тайпалармен және тайпалық бірлестіктермен қарым-қатынасы жайындағы аңыздар. “Оғыз-наме” аса маңызды тарихи шығарма ғана емес. Сонымен бірге, ол ғажайып әдеби ескерткіш болып табылады. Мунда түркі халықтарының көптеген аңыз-әңгімелері, өлең-жырлары, қанатты сөздері, мақал-мәтелдері өзінің көркемдік көрінісін тапқан деуге болады.Бұл ежелгі дәуірдің әдеби мұрасынан алғашқы қауымдық құрылыс пен әуелгі орта ғасырда орын алған тарихи оқиғалардың ізін айқын аңғаруға болады. Мунда тіпті жеке адамдардың есімдері, нақтылы жер-су аттары, түрлі ру-тайпалар атаулары, т.б. бар.
«Оғыз наманың» негізгі кейіпкері – Оғыз қаған. Шығармада соның өмір жолы, күресі, ата тегі баяндалады. Анасы Айқағанның керемет бір ұл тапқаны, оның емшек ембей, ет жемей, қырқынан шығысымен жүріп, ойнап кеткені, одан кейін алып денелі болып өскені жылқы күзетіп, ерлігімен сәби кезінен-ақ көзге түскені, аң аулауға шығып, киікті, оның жалғыз көзді Қият дәуді жеңген ерлігі суреттеледі. Одан кейін Оғыздың үйленуі, балалы болуы айтылады. Ол көк тәңірі жіберген, күн десе көзі бар, ай десе аузы бар, темір қазықтай меңі бар сұлуды алады. Одан Күн, Ай, Жұлдыз деген үш бала көреді. Бұдан кейін Оғыз көл ортасында өсіп тұрған жалғыз шынарды тауып, оның басында отырған екінші бір тамаша сұлуды көріп, соған үйленеді. Ол сұлу да үш бала табады. Оларға Көк, Тау, Теңіз деп ат қояды. Бұлардың бәрі аттарына сай батыр боп өседі. Осындай батыр ұрпақты Оғыз хан өзі бастап, Көк бөріні ұран ғып, қалқанды таңба тұтып, оқжақ пен темір жебе алып жауға аттанады. Алтын, Ұрум қағандарын бағындырады. Мұз тауды басып алады. Бұл араға Карлукты бек етіп сайлайды. Енді бір жерге Калач Джуржит деп ат қойып, оны жаулап олжа түсіреді. Оның қасында данышпан ақыл иесі Ұлұғ Түрүк (Ұлы Түрік) деген қария жүреді. Ол Оғыз ханға ақылшы болады. Сол қарияның ақылымен Оғыз кейін өзінің қартайғанын мойындап, өзіне қараған өлкені балаларына билетеді. Өз хандығының оңтүстігін Күн, Ай, Жұлдыз, солтүстік Көк, Тау, Теңіз деген ұлдарына бөліп бермекші болады. Құрылтай шақырып, жұртты билеуді балаларына жүктеп, той жасап, бар қазынасын бөліп беріп, кең байтақ жерге ие болуды өсиет қып, бата береді. «Оғыз нама» аңызының оқиғасын кейбір зерттеушілер Шыңғыс ханмен байланыстырады. Біздіңше, бұл дұрыс емес. Кейбір ғалымдар оны (Н.Я.Бичурин) түркі қағанатымен, немесе Қарахан Оғыз немесе Уыз хан Қараханның баласы болып суреттеледі. Аңыз сол ханның атына байланысты шыққанға ұқсайды. Шындыққа осы соңғысы жақын болуы ықтимал. Бұл көшпелі халықтар (қазақтар) арасында пайда болған мифтік сюжеттегі ерлік эпос. Кеін қағаз бетіне түсіріліп, көне түркімен (ұйғыр әрпімен) жазылған қалпында сақталған. «Оғыз наманы» Г.Н.Потанин ХV ғасырдағы қазақ тарихымен байланыстырып, оның оқиғасы Керей мен Жәнібекке байланысты қазақ ішінде туды. Оғыздың арғы тегі эпостық образ болуға тиіс дейді. Бұл пікірді қостау өте қиын. Себебі «Оғыз наманың» сюжетінде ерте заманындағы Қазақстан жерінде болған оқиғалардың эпосқа айналған шындық сілемдері болса да Жәнібек пен Керейге байланысты ештеңе жоқ. Абылғазы еңбектеріне сүйенген Шоқан Оғыздар қазақтың арғы аталары болды деп сендіреді. Ол: «Қазақтар – түркі халқы. Олар Оғыз ханның немересі Қырғыздан шыққан» дейді. Оғыз қаған туралы арнайы еңбек жазған А.Н.Бернштам Оғыздың аңыздық жағын біркелкі тексеруге тырысқан. В.М.Жирмунский өзінің 1962 ж. шыққан бір еңбегінде Оғыз наманың Қорқыт әңгімесімен өкшелес шыққан түркі халықтарының ортақ эпосы екенін айтқан. Құрбанғали Халидов өзінің «Тауарих Хамса» атты кітабында «Оғыз» деген сөзге тоқтап, оның түбі «ғыз», «хуз» деген қытай сөздері деп жорамал айтқан. Оның ойынша, қытайлар сары үйсіндерді «Оғыз яғни қызыл сақалдылар» деп атаған, сонда Оғыз сары үйсіндер деген сөз дейді. Өзінің тілі жағынан да «Оғыз нама» көңіл аударарлық. Қазіргі оқушыға түсініксіз сөз онда өте аз. Кейбір ескірген сөздер мен архаизмдік тіркестер де кітап шыққан заманның тілдік нормасына сыйымды. Сондықтан болса керек, кейбір зерттеушілер осы тіл ерекшелігіне сүйеніп, бұл аңызды қазақтың жерінде жасалған шығарма болуы да ғажап емес дейді. Әсіресе, олар эпостың кейінгі вариантын қазаққа таңады. Мұндай пікірлерді В.В.Бартольд, П.Пелло айтқан. «Аңыздың авторы ұйғыр емес, қазақ даласының тұрғындары болса керек. Оғыздардың сол жерлерде ұзақ тұрғандары да әркімге мәлім ғой» деген Бартольд. Тілінің түсініктілігіне қоса, қазақта бар өзіндік дыбыстардың аңызда көп қолданылуы да оның қазаққа тума жыр екенін айқындай түседі. Олар: ә, ө, х, ұ, і, ы, қ, ғ, д, ж, ч, ң дыбыстары, алтын, қатын, жарық, тірік, өлік, тағ, айғыр, киік, күң, бұлт, құн, түндік, нөкер, қанға, адуң, қият, қағатыр және т.б. Шығарманың идеясына келсек, ол ерлікті, бірлікті көксейді. Қазақ халқы жасаған белгілі эпос жырларға әуендес келеді. Стилі жағынан қазақ ауыз әдебиетімен бүтіндей ұштасып жатады. Сондықтан бұл шығармаға ортақтасуға қазақтың правосы молырақ.
Қорыта айтқанда, “Оғыз-наме” – генеалогиялық аңыздар негізінде жазылған, қазіргі түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихынан мағлұмат беретін, көркемдік дәрежесі биік, эпостық туынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет