Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Тәтіқара – кезіндегі шындықты жасырмай жырлаған батыл ақын



бет94/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Тәтіқара – кезіндегі шындықты жасырмай жырлаған батыл ақын. Ол Абылай бастаған қолдың жаумен кейбір айқаста табансыздық көрсеткен жерлерінің де болғанын жасырмайды.
Кейбір қолжазба деректерде Тәтіқараны Абылайға сын сөздер айта білген батыл ақын етіп танытады. Асылы, Тәтіқара да Бұхар сияқты ханның астам көңілін басарлық ауыр сөздер айтуға батылы жеткен, беделді адам болса керек. Кей тұста ақын Абылайды жақтаушыдан гөрі әшкерелеуші, сыншы болып танылады. Әр тұста ол хан жағында бола бермеген. Батырлар жағын, әсіресе Олжабайды қолдаған. Ал Олжабай мен Абылай немесе Бөгенбай мен хан арасы ашылғанда түгел өзгеріп, халық мұңын көтеріп отырған. Абылайға көңілі қалған тұста. Ол өзінің үскідей өткір тілін қадап, оның кемістігін бетіне басады. Абылайдың асқан, тасқан көңілін басуды қолдап "қан талауға” салуды керек қылады.
Үш жүздің баласы
Ақылдасып қолдасып
Хан көтеріп еді —
Үш жүздің баласын
Бір ұлындай көрмеді.
Ат құйрығын күзеңдер,
Аллалап, атқа мініңдер,
Ханталау қылып алыңдар!
Ақынның бұл сияқты батыл әрекеттері, әрине, ханға ұнамайды. Асылы, осындай, өктем сөздерден кейін Тәтіқара мен хан арасы алшақтайды. Халық аңызы бойынша, Тәтіқара сарай маңынан біржола қуылып, жасы ұлғая келе жоқшылық көріп өледі. Тәтіқара шамамен 1780 жылдары 75 жаста дүние салады. Тәтіқара ішер асқа, қонақасыға, қонар қонысқа зар болып, өз еңбегімен күнелткен, қара лашықты кедей болып, қиындық көріп өлген, сонда да ешкімге бас имей өткен, өткір тілді шешен ақын болған.
Ақынның «Кеше тоқыраулы судың бойынан...» деп басталатын өлеңінен сол дәуірдегі қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастардың бір қыры аңғарылады. Хан мен халық арасындағы байланыстың сол замандағы қазақ жұртында ор­ныққан ерекше үлгісін аңдау үшін Абылай ханға арнала айтылғаны анық танылатын осы өлеңді саралай зерделеп көрелік.
Өлеңнің мазмұнын құрайтын жағдайларды рет-ретімен топтастыра, бөлікке бөлер болсақ, олардың жалпы жүйесі былай түзіледі: Абылайдың дүниеге келу ерекшелігі, бала кезінің көрінісі, ерлігі, ерлікті елдің бағалауы, құрметтеген елге хан көзқарасының өзгеруі, ел жауабы.
Өлеңнің алғашқы бөліктерінде, яғни «Кеше тоқыраулы судың бойынан...» деген тармақтан «...Хан көтеріп еді» деп аяқталатын тармаққа дейінгі аралықта айтылатын жәйттер өзге де жырауларда кездесетіндіктен және олардың бейнелеу тәсілдеріндегі ерекшеліктер болмаса, жалпы мазмұндарында үлкен айырмашылық жоқ болғандықтан, соңғы екі бөлікке қатысты ой тарқатқан абзал.
«Осы үзіндіден танылатын өмірлік шындық қандай?» деген сұраққа жауап іздесек, мәтінде бейнеленген өмір шындығы төмендегідей: қазақ-жоңғар соғысында елдің даңқын асырып, жеңіске жетелеген Абылай хан көңілінде масаттану, даңққа масайрау сезімі бел алғандықтан, елдің сөзін елемей, өктемдікке жол бере бастаған (яғни, Үш жүздің баласын өзінің бір баласындай көрмеу); сол себепті ел де ханды әділдік жолына шақыруға ниетті. Ал бұл тұста ақын – осы шындықты бейнелеуші. Тәтіқара ақынның бүгінге дейін жеткен шығармаларынан оның реалист екендігі анық танылатынын есте тұтсақ, бұл ретте де оның өз ұстанымы – шындықты айтудан ауытқымағаны анық.
Ақынның тұрмыс-тірлігінің шама-шарқын, мінез-жаратылысын аңғартатын шығармасы – «Ассалаумағалейкүм, жайсаңдармен қасқалар...» деп басталатын өлеңі.
Өлең ақынның өзіне етене таныс ел жақсыларын үйінің жанында кезіктіріп қалған сәтте дереу суырып салған импровизация тәрізді. Себебі:
«Ассалаумағалейкүм, жайсаңдар мен қасқалар,
Адам көңілін жоқтық шіркін басқалар,
Түзде жүрсем батырмын,
Үйге келсем пақырмын.
Таңертеңгі ішкен шалап Қарында емес, қуықта,
Ажал шіркін алыста емес, жуықта...» – деген жолдардан ақынның қолы қысқалығынан шарасыз халгетүсуі де, денсаулығының сыр беріп жүргенін аңғарта, сырмінез жандарға мұң шағуы да, сондай-ақ, қарттыққа мойынсұна бастағаны да байқалады. Алайда ақын мүсіркеу, есіркеу дәметпейді, тек өз тірлігінің жайынан хабардар етеді. Мұндай жағдай бір-бірін ежелден білетін жандар арасында болатынын ескерсек, бұл өлеңнің ақынға етене таныс адамдарға арналғанын
«Түссеңдер, міне, қара лашық, Түспесеңдер – жолың ашық!..» – деген соңғы екі тармақ Тәтіқара ақынның күнделікті тұрмыс жайының қандай екенін көрсетумен қатар, оның өз ойын еркін айтатын тік мінез адам екенін де танытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет