Жиылыпхалық соңыра саф тұрғанда, Мұхамедке үммет болған елінде қыл». Шал ақынның бірінші дұғасы – мұсылман болып қалу. Яғни, хақ кітаптың сипаттаған бейнесіндегі мұсылманнан болуды және уақытша болатын сынақ өмірден, есеп алаңына аттанар сәті қасиетті айдың бір күніне немесе жұмаға түсуін, одан әрі парасат майданынан аман өтіп пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігімен сәлемі болсын) үметінің қатарында болуын сұрайды.
Шал ақын діннің ең негізгі категориясына зиян тигізетін қулық, арамдық ұғымдарын келесідей түрде ашқан:
«Арам болса қашады су кісіден, Естімеген сөз шығар сұм кісіден, Кітап Құран айтқаны рас болса, Ұжмақ көрер бір жан жоқ бұл кісіден». Бұл өлең жолдарын хәкім Абайдың тілімен тарқатсақ:
«Алла ішііді айтқызбай біледі ойла, Пендесіне қастықпен кінә қойма». Яғни, өзіңе тілеген жақсылықтарды, өзгеге тілемейінше сенімнің толық дәрежесіне ие болу мүмкін еместігін айтып, арам әрекеттің адам баласын Жаратушының мейрімінен құр қалдыратынын жеткізген.
Енді, Шал ақынның шығармасындағы жастарды ибалы, әдепті, қайырымды болуға шақырған өлеңіне тоқталсақ:
«Майда бол, жігіт болсаң, тал жібектей, Жарамайды қатты болу тікенектей. Білімің болса-дағы ұшан-теңіз. Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей». Шал ақын бұл жерде мұсылман адам өзін ғана ойлаумен шектелмей, қоршаған ортаға пайдалы адам болу керектігін айтқан. Хәкім Абайдың тілімен тәптіштесек:
«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үші оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың».
Ақын келесі өлең шумақтарында жігіттің бойындағы үш түрлі мінезге тоқталған:
«Бір жігіт бар – құр жан, Бір жігіт бар – тірі жан, Бір жігіт бар – жігіт жан, Құр жан дейтін жігіт –