Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет24/79
Дата08.12.2023
өлшемі218,07 Kb.
#135030
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79
VI-VIII ғасырлар

-Жетісуға қоныс аудара бастаған кезеңі.Қоныс аударуы туралы 3 түрлі пікір бар: 1.Сауда арқылы келіп қоныстанған; 2.Соғды диқандары мен саудагерлеріне Бұхараның әмірі Абруйдың алым-салықты көп алып, қысым көрсетуі; 3. Араб шапқыншылығы.

ДЕРЕКТЕР

Сюань Цзянь
Қытай саяхатшысы

-627-630 жылдары Жетісуда болған.
Суяб қаласының батыс жағында бірнеше қала бар. Олар басқаларға тәуелсіз, бірақ түріктерге бағынышты өз билеушісі бар. Шу өзенінен Кушанияға дейінгі бүкіл ел Сули (Соғды) болып аталып келген. Тұрғындарының жартысы егіншілікпен, жартысы саудамен шұғылданған» деп жазған.

Махмуд Қашғари

-«Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ.».
-«Соғдылар мен түріктердің әдет-ғұрпы, тілі, киім кию салты бір-біріне өте ұқсас".

В.В.Бартольд

-«Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты».

ҚАРЛҰҚ ҚАҒАНАТЫ (756-940ж.ж)


ДЕРЕКТЕР

Vғасыр

-Жазба деректерде қарлұқтар тирек (теле) тайпаларының құрамында кездеседі.Таулы аймақтарда өмір сүрген ғұндардың ұрпақтары.Алғашқыда Бесбалықтың солтүстігінде, Алтынтаудың (Алтайдың) батысында қоныстанған.

Суй империясы
581-618 ж.ж

-Қарлұқтардың бұлақ руы Алтай тауының баурайын мекендеген.

Таң империясы
618-907 ж.ж

-VІІ ғасырдың басындағы «Таньшу» әулетінің хроникасында:

  • Түрік тайпаларының бір тармағы;

  • Құрамында: бұлақ, жікіл, ташлық тайпалары бар.

Ибн Хаукал

-( Х ғасыр )-«Қарлұқ жерін шығыстан батысқа қарай жүріп өту үшін 30 күн керек».

Ибн әл-Факих

-(Х ғасыр)-« Олар (қарлұқтар)-көне түркілер» деп жазды.

Әл Марфази
Араб тарихшысы
ХІІ ғасыр

- Қарлұқтардың құрамында 9 тайпа:

  • Үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін және тухси кірген.

  • Лазана мен фаракия рулары да аталған.

- «Қарлұқтар бұрын Тулис (Алтай) тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды».

«Күлтегін» жазуы

-«Қарлұқтарды қырып, басып алдық» деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түрік қағанатының құрамында болғандығын білдіреді.



САЯСИ ТАРИХЫ

654 жыл

-Қарлұқтарды Таң империясы басып алды.

682 жыл

-Қытайға бағынған қарлұқтардыЕкінші Шығыс Түрік қағанатыны өзіне қосып алды.

711 жыл

-Екінші Түрік қағанатына қарсы көтерілістер ұйымдастырды.

742-744 жылдар

- Қарлұқтар басмыл және ұйғырлармен бірігіп Шығыс Түрік қағанатын жеңеді Нәтижесінде Моңғолияда Ұйғыр қағанаты (745-840 ж.ж) құрылды. Ұйғыр билеушісі қаған, қарлұқ көсемі жабғу лауазымын алды.Қарлұқтар ұйғырларға бағынды.

Жетісуға қоныс аударуы

-746 жылыҰйғыр қағанатынан жеңіліп Жетісуға қоныс аударады.Ұйғыр жазбаларында « Ит жылы (746) батысқа Он оқ еліне қашты» деп көрсетіледі.
-Қарлұқтардың Жетісуға қоныс аударуының себептері: көші-қон үшін жаңа жерлердің қажеттігі және ұйғырлармен бәсекелестік.
-VІІІ-Х ғасырларда қарлұқ тайпалары Жоңғар Алатауынан Сырдарияға дейінгі аумаққа қоныстанды.



VІІІ ғ.ортасы

-Қарлұқтар екі үлкен бөлікке бөлінеді:

  • Біраз рулары шығыста қалып ұйғырларға бағынса;

  • Батысқа жылжыған екінші бөлігі Алтай мен Шығыс Тянь-Шянь аралығында өмір сүрді.

-755 жылы ұйғырлар батысқа жылжып, қарлұқтар мен басмылдарды қайта бағындырды.
-759 жылы қарлұқтар ұйғыр езгісінен құтылып, оңтүстік аймақтарды бағындыру жорықтарын бастады. Ыстықкөл және Талас аймағынан оғыздарды ығыстырды. Жетісуда қарлұқтарға қарсыласқан оғыз тайпаларыСырдария бойындағы қаңлылардың жеріне қоныстануға мәжбүр болды.

Арабтарға қарсы күресі

-Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі ІІ ғасырға жуық созылған. Оны екі кезеңге бөліп қарастыруға болады:

  • 712-713 жылдары Соғды, Шаш, Ферғаналықтармен бірігіп жүргізген кезеңі.Бұл кезеңде қарлұқтардың 756 жылы билікті өз қолдарына алған кезге дейін созылды.Арабтарға қарсы күрескенде Орта Азияның Тоқарстан жеріндегі қарлұқтар мен түргеш қағаны Сұлудың бірге соғысқаны белгілі.751 жылы Атлах шайқасында қарлұқтар арабтарды қолдады.

  • Қарлұқтар күресі VІІІ ғ. ІІ жартысынан ІХ ғ. аяғына дейін барады.

ҚАҒАНАТТЫҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

Қағанаттың құрылуы



- Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жерлері- Алтай тауынан-Балқаш көліне дейінгі аралық .
- Ұйғырлардан жеңіліп Жетісуға жылжығанда Алтай тауынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі аймақты иеленеді.
-756 жылы Түргеш қағанатын құлатып, өз мемлекетін құрды. Іледен Шу аймағына дейінгі аймақты қамтыды.
-Бұлақ тайпасы жетекші болды.
-Жетісуда 200 жылға жуық билік құрған ерте феодалдық мемлекет. VІІІ-Х ғасырларда қарлұқ кезеңінде Қазақстан аумағында жергілікті тұрғындарды түркілендіру үрдісі белсенді жүрді.

Астанасы

  • Суябқаласы-қағанаттың әкімшілік-басқару орталығы .

  • Баласағұн қаласы-қағанаттың көпшілік ақсүйек шонжарлары тұрды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет