-Қытай әскері Жетісудан біржола кетуге мәжбүр болды. Бұл шайқас Таң империясының беделін түсірді. Қытайдың ортаазиялық істерге араласуына тоқтау салды.Осы шайқастан соң қытайлықтар 10 ғасырдай уақыт бұл өлкеге аяқ баспады. Қытай оқшауланып, көшпелілерге ықпалын жоғалтты.
-Арабтар тұтқындалған қытайлықтардан қағаз жасауды үйренді. Тұтқындар арасында қытай қолөнершілері болды. Олар қағаз бен жібек жасауды үйрету үшін Самарқанд пен Иракқа жіберілді. Орта Азияда алдымен Самарқандта қағаз өндірісі пайда болды.
-Ислам дінінң қазақ даласына тарауына үлкен рөл атқарды. Ислам дінінің әсерімен қала мәдениеті мен шаруашылықтың дамуы жаңа серпін алды.
-Арабтар Талас жазығында тұрақтап қала алмады. Орта Азияда басталған наразылық олардың шегінуіне мәжбүр етті.
-Атлах шайқасынан соң Алтай мен Тарбағатайдан келген қарлұқтардің саяси билігі нығайып, 756 жылыТүркеш қағанатын құлатып Қарлұқ қағанатын құрды.
-Түргеш қағанатының құлау себептері:
Қытай және арабтармен соғыс;
Шығыс Түрік қағанаты тарапынан көрсетілген қысым;
Қара және сары түргештер арасындағы қақтығыс.
ЖЕТІСУДАҒЫ СОҒДЫЛАР
Соғдылар
-Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық. Ежелден Зеравшан мен Қашқадария өзендерінің алқабын қоныстанған.
VI-VII ғасырлар
-Соғдыларды Түрік қағанаты жаулап алды.Батыс Түрік қағанатында маңызды рөлге ие болған.
-Талас, Шу, Іле өзендерінің бойына қоныстанып, қалалар мен елді мекендердің негізін салды. Шу бойында 18 ірі қала болған.
-Олар түрік қағандарына бағынып, сауда- дипломатиялық елшіліктерін басқарды және мемлекеттің маңызды экономикалық тірегіне айналды. Билеушілері соғдылықтарды «тат»- тәуелді халық деп атаған. Жетісуда егіншілік пенсауда және қолөнермен айналысып, қала мәдениетінің дамуында айтарлықтай із қалдырды. Соғдылармен тығыз қарым-қатынас түріктердің арасында отырықшы мәдениеттің дамуына ықпал етті.