Терракота- балшықтан адамның бет-әлпеті, шашы және киімі бейнеленеді.
-Өнердің ерекше үлгісі қыш құмыра өндірісі. Қыш шебері көзеші деп аталды.
ТҮРІКТЕРДІҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ЖАЗУ
Руна жазуы
- Қазіргі қазақтардың арғы ата-бабалары пайдаланған жазудың ежелгі үлгілері Орхон-Енесей немесе көне түркі руна жазуы деп аталады.Күшті мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуы, әкімшілік және елшілік қызметтер, мемлекеттік басқару ісіне қажетті жазудың шығуына әкелде. Бұл көне түркі өркениеті ұлы жетістіктерінің бірі. -Алғашқылардың бірі болып көне түркі жазуын еуропалық ғалымдар ХVІІІ ғасырда зерттей бастады. Олар жазудың қандай тіл тобына жататындығын анықтай алмай, герман және скандинавиялық руна жазуына ұқсатты.Руна сөзін runa- «құпия» деген гот сөзімен байланыстырады.
Түркі әліпбиі
-VІ-VІІ ғасырларда Орталық Азия, төменгі Еділ бойы, Дон өлкесі, Солтүстік Кавказдағы түркі тілдес тайпалары өз жазуын пайдаланды.Көне түрік әліпбиіндегі әріптер саны 35.Түріктердің әліпбиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде.жасалған. Түрік әліпбиі ағаш пен тасқа ойып жазуға қолайлылығымен ерекшеленеді.
-Көне түрік жазуы б.з.б. І мың жылдықтың ортасындақалыптасқан. Алматы, Павлодар облыстарынан сақ обаларынан түркі тіліндегі таңбалар табылған.
- Ерте орта ғасырда түрік жазуымен қатар ел ішінде кең түрде Соғды жазуықолданылған, әсіресе бұл жазу қаған сарайында маңызды рөл атқарған.
-Түркі жазуы ХІ-ХІІ ғасырлардан кейін қолданыстан шығып қалды.Ислам дінінің ықпалымен араб әліпбиі ығыстырып шығарды.