Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Психология-педагогикалық қолдау және өзіндік тану мен өзіндік өсу үрдісіндегі көмек



бет31/43
Дата11.12.2023
өлшемі223,64 Kb.
#136885
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
Психология-педагогикалық қолдау және өзіндік тану мен өзіндік өсу үрдісіндегі көмек. Өз еңбек жолында педагог әр балаға байланысты қиындықтармен жиі кездеседі: өзіне сенімсіздік, қорқыныш, немесе өзіне деген керемет, тіпті басқаларды басуға дейін баратын сенімділік бір жағынан, екіншіден, өз іс-әрекетін ұйымдастыра алмау, өзін реттеуге шамасы келмеудің әр түрлі белгілері. Өзіндік дамуға келетін болсақ, балалар арасында өзіндік дамудың мақсатын, өзін тәрбиелеуде, өз ойын іске асыруда қандай жолмен жүру керек екенін анықтау қиындық тудырады .
Біз теорияда педагогтің балалардың өз жеке тұлғасын жасауына қандай көмек беретінін көрсетейік. Әрине, бұның шешуі психологиялық-педагогикалық қостауды (сүйемелдеуді) жүзеге асырғанда анықталады. Бірақ бұндай мүмкіндіктер біздің уақытта шектеулі, себебі көптеген оқу орындарында психологиялық көмекті өз міндетіне алатын психологтар жоқ. Дегенмен, осындай қиын жағдайда да оқушыларға өзін-өзі тану үшін жағдайлар жасауға болады.


4. тарау. Педагогтің кәсіби өзіндік тануы мен өзіндік өсуі


1. Педагогтің жеке тұлғасының сипаттамасы және кәсіби біліктілігі

Өзіндік тану, өзіндік өсу әр жас мөлшерінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету педагогикалық ұжымның, нақты педагогтың ерен еңбегіне байланысты. Өзін-өзі таныған, өзіндік ізденісте болған, өзін-өзі белсенді түрде тәрбиелеген мұғалім ғана басқаларға нақты көмек бере алады, егер ол өзін-өзі білмесе, ол басқа адамды қалай түсіне алады? Егер ол өзі ізденіс үстінде болмаса, оның тәрбиесі өз тәжірибесінен өтпеген, ресми түрде ғана тәрбиелеу болып қалады (қағаз жүзінде ғана).


Ғалымдар педагогтің өзіндік дамуын анықтауға 3 түрлі мүмкіндігі мен жолы барын көрсетеді: бейімделу жолы, өзіндік өсу жолы, тоқырау жолы (тұлғаның құлдырауы, кері кетуі, азғындауы, іс-әрекеттің жоғалуы).
Бейімделу – білім беру саласының барлық талаптарына бейімделіп, оқып-үйрену, рөлдік ұстанымдарды қолға алу.
Өзіндік өсу – кәсіби маман болу үшін үнемі ізденісте болу, өзін толығымен көрсету, өзгеру.
Тоқырау – педагогтің өзіндік дамуында тоқтап қалуы, ескі білгенге ғана сүйенуі, тіпті бар білгенін жоғалтуы. Бұл жағдайда кәсіби белсенділік құлдырап, жаңа дүниені қабылдамайды.
Тұлғалық-кәсіби өсу мен өзіндік даму педагогті былай қойғанда, кез-келген мамандықта табысқа жетудегі сөзсіз негізгі шарт. Белсенділіктің түсуін, жаңылуын, іркілуін оқушылар бірден байқайды және ол міндетті түрде педагогикалық еңбекке кері әсерін тигізеді.
Педагогтің кәсіби өзіндік тану мен өсуіне талдау жасалмас бұрын, оның жеке басының ерекшеліктеріне мінездеме беру керек, оның жұмысының спецификасына мән беру керек.
Қазіргі кезде ғылымда педагог тұлғасының структуралық бөлімдерін, оның жұмысын, қарым-қатынасын, көзқарасын, кәсіби біліктілігінің ерекшелігі мен өзіндік белгілерін анықтаудың небір түрлері бар.
Тәрбиешілердің, мұғалімдердің, оқытушылардың негізгі маңызды қасиеттерін ашып көрсетсек, олар: кәсіби-педагогикалық бағыт, кәсіби белсенділік, кәсіби білім мен оны еске сақтау, ойлау және елестету, кәсіби сана-сезім. Қысқаша түсіндіре кетейік. Тұлғаның кәсіби педагогикалық бағытында балаларға деген көзқарас, олардың іс-әрекетіне, өзіне деген көзқарас бастапқы орында тұрады. Қарым-қатынастың негізгі үш түрін жинақтай отырып, кәсіби-педагогикалық жолдың сегіз бағытын анықтауға болады, бірақ солардың ішінде осы үш компонент те қатысатын бір түрін оңтайлы, қолайлы деп қабылдаймыз:
– балаларға деген көзқарас;
– пәнге деген көзқарас;
– өзіне-өзінің көзқарасы.
Ал қосалқы түрі – үш компонентің біреуінің де қажетті мөлшерде айқын көрінбеуі. Кәсіби-педагогикалық бағыттың дамуы көптеген факторларға байланысыты, басты факторлары: педагогтың өзінің жеке тұлғасының ерекшелігі, оның қызығушылығы, өзін-өзі дамытуға ұмтылуы; педагогикалық мекеменің басшыларының ерекшеліктері (әкімшілік педагогтың жұмысына, балаларға, өзіне қандай көңіл бөледі, қандай жағдай жасайды), коллективтің әкімшілікпен, әріптестермен, ата-аналармен, балалармен қарым-қатынасының ерекшелігі.
Өзінің жеке кәсіби педагогикалық жолын білуі, оның мықты, әлсіз жақтарын білуі, тәрбиенің қай жағына басты көңіл бөлу керек екенін анықтайды: білім беру әдісін ба, балаларға көзқарасты өзгерту керек пе, оларға мүмкін шыдамдылықпен қарау керек пе, немесе өзіне деген сенімін көтеру керек пе, өзін қабылдау керектігін т.б.
Кәсіби белсенділік – педагогтың өзінің жұмыс аясын кеңейтумен, нормативтен шығып, басқа жолдар іздестірумен, сабақ берудің басқа әдістерін іздеуімен әкімшілік, әріптестер, ата-аналар, оқушылармен қарым-қатынасты жақсартудың түрлерін іздестірумен, өз жұмыстарына үнемі сараптама жасап отырумен, өзін үнемі тәрбиелеп, өзін-өзі дамытып отырумен сипатталады. Кәсіби белсенділік өзін-өзі дамытудың негізгі шарты болып табылады.
Кәсіби білім және оны бере білу – кәсіби дайындықтың қандай мөлшерде екенін көрсетеді. Кәсіби білімсіз, оны балаларға бере алмайынша, педагог өзінің қызметін атқара алмайды. Кәсіби білім көп салалы, бұл – өз пәнін өте жақсы білу, педагогика, психология, методикадан жақсы хабардар болу, басқалармен қарым-қатынас құра білу, өзінің кәсіби мүмкіндіктерін білу. Арнайы біліктілік те болу керек, олар: болжам жасаушылық, талдау, жоспарау, коммуникативтілік, қабылдау, т.б. Білімділік – кәсіби маманның басты қаруы, ол оның біліктілігінің деңгейін көрсетеді, ал біліктіліксіз оның іс-әрекетінің дамуы, өзін-өзі дамыту дегендер маңызынан айырылады.
Педагогикалық мүмкіндіктер – әр педагоктің қаншалықты тұлғалық күш-жігері бар екенін сипаттайды. Педагогикалық қасиетті өз бойынан табу өз мамандығын педагогикамен байланыстыруға, педагог болуға итермелейді және ондай педагогикалық еңбек жақсы нәтиже береді. Өз мүмкіндіктерін білу, оны іс жүзінде, еңбек жолында пайдалану табысты еңбектің негізін қалайды.
Ең маңызды, негізгі мүмкіндіктерге тоқтала кетейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет