Ii жинақ Алматы, 2017 1 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет23/30
Дата21.03.2017
өлшемі6,23 Mb.
#10101
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30

1. Ағаштың діңіне, тасқа жабысып өсетін қабыршақты (қаспақты) қына. Бұлар сары-қызыл, сары, сұр, көгілдір, қоңыр 
түсті, жұқа қабыршақ тәрізді болады.
2. Орманда ағаш діңіне, түбіріне жабысып өсетін жапырақтың пішініне ұқсайтындары – жапырақ тәрізді қыналар.
3. Қарағайлы орманда төсемікте өсетін бұтақталған ақшыл жасыл, ақшыл түстілері – бұта тәрізді қыналар.
Қыналар 1-бұта тәрізді қына. 2-пельтигера 3-.бұғықына жапырақ тәрізді қына.4- құрттәрізді қына. 5-
кладония.цетрария.
   Қалталы қыналар  
Қалталы қыналар класына  барлық белгілі қыналардың 90% -тейі  жатады. Олардың басты ерекшелігі – спораларының қалта
ішінде   дамуы.   Жемісті   денелері   апотеций,   перитеций   және   гастеротеций.   Бұл   класс   эволюциялық   дамуы   жағынан
базидиальды   қыналарға   қарағанда   ерте   пайда   болған   және   қарапайым   құрылымды   сапрофитті   тіршілік   ететін
саңырауқұлақтардан   шығуы   тиіс.   Қалталы   қыналар класы   жеміс денесінің құралымына   қарай   пиренокарпалар   және
гименокарпалылар болып екі класс тармағына бөлінеді.
  Пиренокарпалы 
Бұл   класс тармғына   жататын   қыналардың   жемісті денелері   перитецийлі   болып келеді.   Басым көпшілігі   қаспақты,
сирек жапырақты, бұталы. Қынаны құрайтын фикобионтке жіптесінді жасыл, көбінесе трентополия, сиректеу жасыл – сары,
қоңыр балдырлар  
жатады.   Пиренокарпылар   класс тармағына  
аскогимениальды және   асколокулярлы   70
шақты туыстас қына жатады. Олар жер шарының барлық бөліктеріне  таралған  Pyrenocarpales қатарынан, 15 тұқымдастан
тұрады. Әрбір тұқымдас бір-бірінен сырт пішіні фикобионттарына, перитецийлерінің орналасуына, парафиздерінің    болу-
болмауына байланысты айырылады. Споралары әр түрлі пішінді, түссіз, бір клеткалы бір не бірнеше көлденең перделерінің
болуы   арқылы   айырылады.   Қалталары   битуникатты,   сирек   унитуникатты.    Дерматокарпон   –   Dermatocarpon   туысының
қабаты   жапырақ   –   қабыршақ   пішінді,   тасқа   резиналары   арқылы   бекініп   жатады.  Фикобионты   плеврококкус,   қалтасы
битуникатты, онда 2-8 дейін спорасы болады.
 Гимнокарпылар 
Бұл   класс тармағына барлық   жерлерде   кездесетін   қабықты,   жапырақты,   бұталы   қыналардың   250-дей туыстасы   жатады.
жемісті денесі   апотеций,   сирек –   гастеротеций.   Жемісті денесі   онтогенезінде   аскогимениаль типті.   Жемісті денесі
гимениальды қабат құрайды. Қалтасы  унитуникатты. Фикобионттары  жасыл  – требуксия, көк жасыл  - носток балдырлары
болады. Класс тармағы   жеміс денесінің құрылымына қарай 4 қатарға бөлінеді.                         Графидалықтар – Graphidaies
қатарының апотецийлері ұзын, сопақ және тармақталған салалы болып келеді. Көпшілігінің қабаты қабықты, құрылысы
күрделі түрлерінде жоғарғы қабығы болады. Бұл қатарда сопақ пішінді  апотецийден дөңгелек пішіндіге және қабықты
қынадан   жапырақтыға   ауысуы   түрлері   айқын   байқалады.   Көпшілігінің   конидиясы   трентополиядан   құралады.   Бұларға
жататын түрлердің көбісі тропик және субтропик аудандарында таралған.       
153

Графис –  қабаты қабықты, жемісті денесі ұзын гастеротеций параллель орналасқан сызық пішінді. Түссіз спорасы екі не
көп клеткалы.        
Артониялықтар –қатары сопақ, дөңгелек, ұзынша, тақ пішінді, жемісті денесінің гастеротецийлі және апотецийлі болып
келуімен сипатталады. Қабаты әр түрлі, қабықты, қарапайым, гомеомерлі және гетеромерлі құрылымды формадан бұталы
формаға қарай даму байқалады.                          
Дөңгелек жемістілер –қатарына – барлық жерге таралған, сыртқы құрылысы алуан түрлі болып келетін қыналардың басым
көпшілігі   жатады.   Апотецийі   дөңгелек   табақша   пішінді,   кейбіреулерінде   олар  талломның   ішіне   еніп   тұрады.   Дөңгелек
жемістілер қатарында қабықтыдан бұталы түрлеріне ауысу байқалады. Бұл қатарда 29 тұқымдас бар. Олардың ішіндегі
сегізінің конидия қабатын көк жасыл, қалғанын жасыл балдырлар құрайды. Кейінгілерінің кейбіреулерінің апотецийлері –
лецидининалы, екінші біреулерінікі – леканориналы. Бұл қатардың ішінде:                                          
  Лецидея –туысының 1500-дей түрлері бар. Бұлардың көпшілігі жартастардың және ағаштың қабықтарында тіршілік етеді.
Талломы қабықты (қаспақты) ақшыл, сұр, сарғыш, қоңыр түсті келеді. Споралары түссіз, бір клеткалы. Леканора – Lecanora
туысына  1100-ден астам қабықты қыналар жатады. Азияның және Африканың далаларында мен шөлдерінде, сондай-ақ
Қазақстанның  жартылай шөлейт жерлерінде кездесетін,  тамаққа  жарайтын,  дөңгелек  бұдырлы  түйір түрінде топыраққа
бекінбей бос жататын манна қынасы да Aspicilia (Lecanora) esculenta осы туысқа жатады.                                                  
Пельтигераның –қабаты ірі, жапырақты сұр не қоңыр түсті. Бұл ашық жерлерде көп тараған қына.                    
 Пермелия –туысына 800-дей түр жатады. Қабаты жапырақты, бұлар жиі кездесетін қыналар қатарына жатады. P.vagans түрі
барлық жерлерде, әсіресе далалы жартылай шөлейт аудандарда көп тараған, топырақта бос жататын жапырақты қына. Бұл
қынаны   халық   медицинасында   іш   ауруына,   жараға,   күйікке   және   т.б.   ауруларға   дәрі   есебінде
пайдаланады.                                  
Цетрария –туысының 70-тен астам түрі бар, олардың да көпшілігінің қабаты жапырақты болып келеді.    Қиыр Солтүстікте,
орманда және құмды жерлерде өсетін «Исландия мүгінің» - Cetraria Islandica маңызы ерекше зор. Бұл бұтақты қыналар
қатарына жататын «Исландия  мүгінің» құрғақ затында 50%-ға дейін лихенин деп аталатын углевод болады, ол қабықтың
құрамына кіреді және крахмалдан айырмасы – иодпен көк түске боялмайды. Лихениннің қоректілігі картоптың крахмалына
қарағанда   аздау,   дегенмен   оны   нанға   және   әр   түрлі   суық   тағам   дайындауға   пайдаланады.   Бұл   қынаның   бұғы
шаруашылығында   маңызы   ерекше.   Халық   мұның   тұнбасын   бас   және   іш   ауруларына   дәрі   есебінде
пайдаланады.                                             
 Ксантория –parietina қорғандарда, ағаштың қабығында сарғыш қызғылттау жапырақты дөңгелек дене түрінде көп тараған.
Алекторияның – Alectoria және уснеяның – Usnea кейбір түрлері ұзын сұр не қара қоңыр сақал түрінде ағаштар қабығының
арасынан төмен қарай салбырап тұрады. Эверния – Evernia prunastri – жалпақ жапырақты ағаштарда өсетін бұталы қына.
Бұл қынаны парфюмерия өндірісінде «шипр» иіс суын дайындау үшін қолданады. Umbilicaria туысы жапырақ пішіндес
төсемікке орталық бөлімі арқылы бекініп жатады. Түсі ақ-сұрдан қара түске дейін өзгереді.            
      Кладония –туысына  300-ден астам түрлер жатады. Бұл туыстың морфологиялық  және практикалық маңызы ерекше.
Кладония   қынасы   екі   түрлі   қабат   құрайды.   Алғашқы   қабаты   қабықты,   көпшілігінде   ұсақ   қабыршақты   болып   тұрады.
Кейіннен ол қабаттан екінші – тік бұталы қабат өсіп шығады. Бұлардың кейбір бұталы   түрлерін «бұғы мүгі» немесе ягель
(Cladonia rangiferina), деп атайды. Ол қарағайлы ормандарда, сол сияқты тундрада көп кездеседі және қыналардың басқа
түрлерімен бірге өседі, ол солтүстік бұғыларының негізгі азығы болып табылады. Сақалды қына – Usnea туысына 600 түр
жатады.   Қабаты   гетероморфты,   бұталы   не   сақалды   ағаш   қабықтарында   бекініп   өсіп,   сақал   сияқты   салбырап   тұрады.
Споралар бір, екі не көп клеткалы, түссіз, не қоңыр түсті. Әр қалтада 1 – 8 –ге дейін споралар түзіледі. Сақалды қынадан
медицинада әр түрлі препараттар алады.
 Базидиалды қыналар  – бұл класқа не бәрі 20 шақты, негізінен тропикты жақтарда өсетін қыналар жатады. Кейінгі уақытта  
бұлардың кейбіртүрлері қоңыржай, субарктикадан  да табылды. Бұл қынаның микобионтты  болып афиллофоралықтар 
мен агарикалықтар  есептелсе, фикобионтты болып жасыл  және көк – жасыл балдырлар  есептеледі. Базидиалды 
қыналардың қалталы  қыналардан негізгі айырмашылығы: 
Жемісті денелері бір жыл ғана өмір сүрсе, қалталы қыналарда ондаған  жылдар өмір сүреді.
Базидиалды саңырауқұлақтар  мен балдырлардың симбиозда ерекше морфологиялық тіршілік формалары  құралмайды. Бұл
қыналар сырт пішіні жағынан симбиозға қатысатын саңырауқұлақтарға ұқсас және қарапайым келеді. Сондықтан бұларды
жартылай қына деп аталады. 3. Көпшілік қалталы қыналарға тән арнаулы қына қына қышқылдары түзелмейді. Базидиалды
қыналардың жүйесі толық зерттелмеген. Кейінгі  кездерде жаңа базидиалды қыналардың табылуы  олардың симбиоздық
қарым-қатынастарының эволюциялық жағынан қарапайым және жас екенін аңғартады.            
Қыналардың филогенезі. Қыналардың шығу тегі – полифилетикалық әр уақытта саңырауқұлақтардың түрлі систематикалық
топтарына жататын түрлері әр түрлі балдырлармен жанасуы, ұзақ уақт бойы бір-бірімен  селбесіп қалыптасуы нәтижесінде
өз алдына морфологиялық және физиологиялық қасиеттері бар жаңа организмге айналған және бұлар филогенетикалық
дамудың   жаңа   заңдылықтарымен   дамыған.   Қыналардың   эволюциясы   негізінен   қабаттардың   құрылымы   және   пішінінің
күрделену бағытына қабықтыдан жапырақты, одан бұтақты түрлеріне қарай дамыған. Соған байланысты ауадағы көмір
қышқыл газын ассимиляциялайтын бетінің ұлғаюына, субстратқа тәуелділігі кемігені және атмосфералық қоректенуге қарай
көшкендігі байқалады. Соредий, изидий және леканорикалық апотецийлер арқылы көбею – қынаның эволюциялық даму
барысында   пайда  болған.          Қазба  қалдықтардан  табылған  қыналар өте   аз.  Олардың  қалдықтары  бор және   кайнозой
қабаттарынан белгілі.
        Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы
        Қыналардың шаруашылықтағы маңызы өте зор. Олардың  топырақта қоректенуі нашар жүреді. Тастардың бетіне, 
суыған лавалардың бетіне алғаш «қоныстанатын» да осы қаналар. Олар өсіп тұрған жеріне қына қышқылын бөліп, тасты 
үгіте бастайды. Біртіндеп сол жерде топырақ пайда болады. Оған басқа өсімдіктер орнығады да, жануарлардың мекеніне 
айналады. 
Ақпарат жинақтау барысында, білгеніміз ата-бабаларымыз  қынамен киіз үй сүйектерін, теріден жасалған ыдастарды, қыз-
келіншектер тырнақ көбесін, шаштарын, сонымен қатар асықты  бояғанын т.б. тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланғанын 
білдік. Түстері ақшыл қызғылттан бастап шымқай шие түске бейін болады екен.  Қыналардың табиғаттағы маңызы ерекше, 
басқа өсімдіктер өсе алмайтын жартастарды мекендеп, онда шаң-тозаңның жиналуына және басқа төменгі сатдағы 
өсімдіктермен бірігіп, қарашіріктердің құралуына көмектеседі. Мұндай жерлерге мүктер және басқа жоғарғы сатыдағы 
154

өсімдіктер өсе бастайды. Сөйтіп қыналар өсімдіктердің таралуында алғашқы болып есептеледі. Шарушылықтағы аса 
маңызды қыналарға солтүстік жақтарда өсетін бұғы «мүгі» мен «исландия мүгі» жатады. Бұлар – бұғы шаруашылығының 
негізгі азығы. Оңтүстік аудандарда қыналарды қой, сиыр малдары да жейді. 
«Исландия мүгінің» -  құрамында көп мөлшерде углеводтың болуына байланысты, кейбір елдерде, бұл қынаны және басқа 
қыналарды спирт өндірісіне пайдалануға да мүмкіндік тууы ғажап емес. Жапонияда жартастарда өсетін жапырақты 
умбиликория – Umbilicaria esculenta қынасын тамаққа пайдаланады. Қыналардың шайын бұрын іш, өкпе, эпилепсия, безгек 
ауруларына қарсы дәрмек есебінде қолданған. Жалпақ жапырақты ағаштарда көп тарған «емен мүгі» Evernia prunastri 
парфюмерия өндірісінде қолданады. Египетте оны нанға жақсы дәм беру үшін пайдаланады. Рочелла – Rochella fucoides 
және басқа қыналардан лакмус бояуын алады. Кейбір қыналарды косметика, парфюмерия өндірісінде пайдаланады. Cetraria 
cucculata қынасында С витамині көп.  Evernia prunastri және басқа қыналардан алынатын эвозин,парамицин, усинимицин 
антибиотиктерін туберкулез, тері, сыздауық және басқа ауруларды емдеуге қолданады. Ал летарияны – Letaria vulpina 
солтүстік аудандарда қасқырды уландыру үшін пайдаланды. Қыналардың зиянды шақтары шамалы. Тек ағашта өсетін 
қыналар ағашқа зиян келтіретін насекомдардың жиналуына қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан ағаштарда бордосс 
сұйығын бүріксе, қыналар солып қалады. Кейінгі кездерде қыналардың физиологиясын және олардың химиялық құрамын 
зерттеу жұмыстары кең көлемде жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қыналардың ішінде тамақ ретінде, 
парфюмерияда, бояу және дәрі-дәрмек ретінде пайдаланылатын маңызды түрлерінің бар екені анықталды.          
  Қазақстан   аумағында   кездесетін   қыналарды   зерттеу   жұмыстары   кейінгі   кездерде   ғана   басталды.   Е.   И.   Андрееваның
«Флоро споровых растений» атты еңбегінде біздегі қыналардың саны 485-тей екенін баяндайды, бірақ бұл сан толық емес.
Бұл қыналар әр түрлі экологиялық жағдайларда кездесіп, түрлі төсеміктерді мекен етеді. Соған байланысты оларды бірнеше
экологиялық   топтарға   бөлуге   болады.   Барлық   кездесетін   қыналардың   басым   көпшілігі   тасты   төсемікті   мекендейтін   –
эпилитті формаға жатады (Rhizocarpon geographicum, Graphis scripta, Lecidea, Lecanora т.б.). Ал одан кейін топырақ бетінде
өсетіндер – эпигейлі қыналар. Олардың ішінде қаспақты, қабыршақты, жапырақты және бұталы формалар сандары жағынан
біркелкі. Топырақ бетінде кездесетін қыналар күн түсіп тұратын ашық жерлерге таралған, көлеңкелі ылғалды жерлерде
кездеспейді десе де болады. Алайда, қыналар ылғалды жақсы көреді.  Топырақ бетінде жиі кездесетін қыналарға Parmelia
vagans,  Aspicilia esculenta, Cladonia rangiferina т.б. жатады. Шөлді далалы жерлерде көбінесе қаспақты формалар тараған.
Эпилитті қыналардың ішінде әкті жерлерде өсетін кальцефилді формалар да кездеседі. Ағаштарда, оның бұтақтарында,
бұталарда   эпифитті   тіршілік   ететіінін   қаспақты,   қабыршақты,   жапырақты,   бұталы   формалы   болып   келеді.      Мүктерді
мекен   ететін   бриофильді   қыналар   да   аз   емес.   Өсімдік   қалдықтарында   да   біраз   қыналар   тіршілік   етеді.      Қыналардың
тіршілік   мерзімі   әр   түрлі.   Жапырақты   және   бұталы   қыналардың   басым   көпшілігі   50100   жылға   тіршілік   етсе,   кейбір
қаспақты қыналар 4000 жылдай өмір сүреді.          
  Қыналар ауаның тазалығын анықтайтын индикатор болып есептеледі. Әсіресе ауа лас болған жағдайдабұталы, одан кейін
жапырақты қыналар жойылып кетеді.     
                                      Қынаның тасқа бітуі
 «Өлі» анорганикалық дүниеден «тірі» ағзаның қалай пайда болатынын әзірге ғылым теория жүзінде бұлдыр болжаммен
айтса да, нақты тәжірибе жүзінде жүзінде көрсете алған жоқ.   «Үш анықта» Шәкәрім атамыз осы күнгі ғылым сан-саққа
жүгіртіп шеше алмай отырған қынаның тасқа бітуі  туралы былай дейді: «Тас  пен құм сүйектерге біткен қынаны алып
қарасаңыз, қынаның астында тас пен сүйектің бетінде топырақ сияқты бір нәрсемен жабыстырылған болады. Сол топырақ
сияқты нәрсені табиғат қайдан әкеліп отыр?  Мен ойлаймын, су мен топырақ жылылықтан өсімдік шығарғандай, тасқа ауа,
су  жылылығы сияқты себептер қосылып, қына шығарып отыр». Ашып айтсақ, қынаның тасқа бітуі ерекше жолмен жүреді.
Қынаның кез-келген тасқа шыға бермейтіні де белгілі, ол тасты таңдайды. Қалайша десеңіз, ең алдымен, түсіндіруді тастан
бастайық. Басында айтылғандай, тас өзіне суды сіңіреді. Тастың құрамындағы элементтер куб тәрізді байланыс құрды делік.
Кубтың   іші   бос,   оны   толтыру   керек.   Сол   кезде   оған   жаңбыр   мен   жер   асты   суларынан   көзге   көрінбейтін   бірнеше   су
молекуласы бос ұяшықтарға орналасады. Осылай тастың бос орындары сумен толады. Ендеше қынаға қажетті судың бір
бөлігі тастың өзінен алынатыны белгілі болды. Шәкәрім атамыз айтып отырған тас пен қына арасындағы топырақ сияқты
жабыстырғыш заттың түзілуін және оның түзілуіне ауа мен судың қатысын түсіндіре кетейік.тастың беткі бөлігіне жақын
орналасқан   сілтілік   металдардың   (Na,   Mg,   K,   Ca)   оксидтері   болып   табылады   .   Ал,   осы   сілтілік   металл   оксидтерінен
алынатын   металл  иондар  қына  үшін  көбейіп,  тұқым  шашуына   мүмкіндік   береді.   Осылайша  биологияның   қына   түзілуі
туралы бүтін  бір іргелі саласын тудырып, бас қатырып отырған күллі әлем ғалымдарының сұрағына Шәкәрім атамыздың
азат ақыл, еркін оймен үш ауыз  сөзбен сөзбен жауап  қайырып  отырғаны  таңдай қақтырады. Ғалымдар қынаның басқа
өсімдіктерден айырмашылығын анықтаған. Яғни ол жалғыз емес, бірге өсіп-өнетін екі өсімдіктен -   саңырауқұлақтар мен
балдырлардың   бірігіп,   селбесіп   тіршілік   етуінен   пайда   болады.   Балдырлар   қоректік   заттарды   ауадан   алады,   ал
саңырауқұлақтар су мен минералдық заттарды, тау жыныстарын өзі бөліп тұратын қышқылдармен еріту арқылы алады.
Міне, сондықтан да қына жалаңаш таста да өсіп-өне береді.
                                    Қынаның қоректенуі
Қына талломдарының бөліктерімен (үзіктерімен) немесе арнайы органдарымен (соредияларымен, изидияларымен) көбейеді.
Соредия — балдырлардың клеткалары мен саңырауқұлақ жіпшелерінің топтасқан жиынтығы. Қабыршақ дененің 
жарықшағынан соредия тозаң сияқты төгіліп, ауамен таралады. Қолайлы жағдайда саңырауқұлақ жіпшелері өсіп, балдыр 
клеткаларымен біріге Қына денесін құрайды. Изидия Қынаның денесінде бүртік тәрізді пайда болып, сосын бөлініп, өз 
алдына жаңа Қына организмін түзеді. Қына суды бүкіл денесімен сіңіреді. Қоректік заттарды — минералдық элементтерді 
тастан, тіпті ауадағы шаңнан да ала алады. Бойынан қымыздық қышқылын бөліп шығарып, тау жыныстарының еріп, 
мүжілуіне ықпал етеді. Өте аз қоректенетіндіктен Қынаның өсуі де өте баяу, мысалы, бұталы Қына жылына 3 — 5 мм-дей 
ғана өседі. Қынаның қай түрі де ауаның ластануына, ондағы шаңға, түтінге, күкіртті газдарға төзімді. Қына тундрада ерекше
маңызға ие. Жазда бұғы азығының 75%-ын құраса, қыста бұғылар тек Қынамен ғана қоректенеді. Қына құрамындағы 
саңырауқұлақ жіпшелері балдырларға құрамындағы су және минералды заттарын береді. 
Қыналардың көбеюі
        Қыналар өсімді жолмен көбейеді. Оның денесінде көптеген балдырлар мен саңырауқұлақ жіпшелерінің бөліктері 
қынаның қабықшасын жарып сыртқа шашылады. Әрбір бөліктен және денелерінен бөлініп түскен бөлшектерінен де қына 
өсіп жетіледі. Қыналар жынысты көбейгенде саңырауқұлақтардағы сияқты жемісті дене пайда болады. Оның ішінде        6 
жыныс жасушаларының қосылуы нәтижесінде зигота түзіледі. Зиготаның ядросы үш рет бөлініп, сегіз спора, ал зиготаның 
155

қабығынан қалта пайда болады. Споралар шашылып, қолайлы жағдайда өнеді де, балдырлармен кездескенде ғана қына 
жетіледі. Қыналар өте баяу өседі. Қабыршақты қыналар жылына 1-8 мм, ал бұта тәрізді қыналар 1-35 мм өседі.
           Қыналардың 20000-дай түрі бар. Қыналарды жіктегенде құрамындағы саңырауқұлақтар мен балдырлардың жіктелуі 
ескеріледі. Бұғы қынасы (кладония) солтүстік өңірде, қарағайлы орманда өседі. Оның денесі (таллом) – тақта, біз, бокал 
тәрізді, тік өседі. Кейде бұта тәрізді түрі де кездеседі.
                              Қыналардың емдік қасиеті.
 Ағаштың діңдерінде өсетін жер – қынаны қайнатып, дизентерия ауруын емдеуге пайдаланады. Сонымен бірге асқазан,
тыныс жолдарыауруларына дәрілер жасалады. Қынадан қант, спирт, бояу, лакмус алынады. Қынаның кейбір түрлерін тәтті
тағамдар өнеркәсібінде қолданады.
 Қына жағу 
 «Қына жағыңдар. Өйткені сұлулықтарыңды, жастықтарыңды және неке махаббатын арттырады.» (Әбу Нуайм, Бәззар)
«Ең алғаш қына жаққан адам Ибрахим пайғамбар. Қарамен ең алғаш боянған да Перғауын.» (Дәйләми)
«Күйеуі қайтыс болған әйел (иддет мерзімі біткенге дейін) сәнді киім кие алмайды. Әшекей де таға алмайды, қына және
сүрме жақпайды.» (Мүслим)
«Боянудың ең жақсысы – қынамен жасалғаны.» (Дәйләми)
«Кәріліктеріңді қынамен кетіріңдер. Себебі бұл – жүздерің үшін әсемдік, ауыздарың үшін хош иіс, әйел үшін қуат. Қына –
жәннаттағылар иісінің сәйиді және қына күпір мен иманды ажыратады.» (И.Асакир)
«Мына   нәрселер   Лұт   қауымының   жаман   мінездерінен:   еркектердің   сағыз   шайнауы,   жолда   мисуак   қолдану,   ысқыру,
көгершінмен ойнау, еркектердің саусақтарына қына жағуы, көкірегін ашып жүру.» (Дәйләми)
Басқа тұрғыдан, қына әшекей болып табылады. Әйел қына жағылған қолын бөтен еркектерге көрсете алмайды. Ал еркек
онсыз да сәндену үшін қына жаға алмайды.
           
                                          Қынаны тәжірибеде қолдану 
      Жас ауылы –жазық далалы,құнарлы өлке. Біз өз өлкеміздегі қынаны теріп,қайнатып,асық пен шаш бояуға қолдандық.ақ 
түсті асықтар күрең қызыл түске боялды.Қына шаш бояуы – толықтай табиғи өнім. Шаш бояуының бұл түрі шаштың ішіне 
өтпей, тек сыртын орайды. Нәтижесінде қына бояуы үйреншікті химиялық бояуларға қарағанда шашты зақымдамайды. Сол 
себепті шашын бояймын деп ниеттенген қыздар жиі жағдайда қына жайлы ойланады. Бірақ қынаның да өзінің жақсы және 
жаман жақтары бар. Шаш боямас бұрын қынаның ерекшеліктерімен таныс болғаныңыз дұрыс.
Қынаның құрамы (бояу кезінде)
+ Табиғи қына құрамындағы пигмент шашқа қанық түс беріп, жақсы жылтыратады.
- Кейбір қына негізінде жасалған бояуларда одан басқа да құрамдас бөліктер болады. Бұл басқа түске қол жеткізу үшін 
жасалады. Кейбір өндірушілер қынаға табиғи заттар қосса (мысалға кофе), басқалар бояуға металл тұздары мен басқа да 
химиялық заттар қосады. Әрине бұл шашқа өз зақымын тигізеді.
Қынаның түсі
+ Қына көмегімен шашыңызды қызыл, алтын, қоңыр түстердің түрлі реңктеріне бояй аласыз. Және қына бояуы расымен 
шашыңызға мүлдем зақым тигізбейді.
- Алайда қына бояуы қорабындағы көрсетіліп тұрған түсті береді деп ешкім айта алмайды. Шашыңызды бояғанда пайда 
болатын түс сіздің шаш құрылымыңызға, бастапқы шаштың түсіне, шашыңыздың бұрын боялғанына байланысты.
- Егер сіз бұрын шашыңызды химиялық бояумен боясаңыз, қына қолданғаннан кейін шашыңыз мүлдем басқа, мысалға 
жасыл не күлгін түске боялуы мүмкін. Сондықтан шашыңыз боялған болса, бірінші тек бір шаш бұрымын қынаға бояп, 
нәтижені көріңіз.
Шаш бояғаннан кейін
+ Табиғи қынаны қолданғаннан кейін шашыңыз жұмсарып, берік болады.
- Шашты қынамен бояу, қарапайым бояумен бояудан әлдеқайда қиын. Ол жұққан жерлерден әрең кетіп, бояп отырған 
жеріңізді, киіміңізді кірлетеді. Сондай-ақ кейде қына ұсталу үшін, оны шашта 6 сағатқа дейін қалдыру керек. 
Нәтиже
+ Қына бояуы синтетикалық бояуларға қарағанда әлдеқайда ұзақ сақталады.
- Алайда түс ұнамай, шашыңызды қайта бояуға ниеттенсеңіз, химиялық бояу қынаның әсерін одан әрі берік қылатынын 
білгеніңіз жөн. Сондықтан қынамен боянуға бел буған ару шашын қайта тек қынамен боясын немесе қынамен боялған 
шаштың өсіп кеткенін күтсін.
Қорытынды
Осы зерттеу жұмысын жүргізу барысында қол жеткізген нәтижелеріміз:          

Қынаның барлық тасқа бірдей өсе бермейтіндігі;

Қынаның түрлі-түсті болып өсетіндігі;

Қынаның мал азығы болатыны;

Қынаны тастан ажыратып алып,  зерттеу арқылы, оның пайдалануға болатындығы анықталды;

Қынаның табиғаттағы пайдасы, қына – «таза ауа индикаторы», яғни ауасы ластанбаған жерде өсетіндігін білдік 
және қазіргі кезде де  қынадан  бояу  алып, пайдалануға  болады 
Дереккөздер

↑ Биология: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген / М. Гильманов, 
А. Соловьева, Л. Әбшенова. — Алматы: «Атамұра» баспасы, 2009 жыл. 

↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра» баспасы, 2007. 
        3.Қазақстан Энциклопедиясы
156


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет