Ii жинақ Алматы, 2017 1 ббк 74. 00


Задание 3.   Прочитать  стих Г. Граубина  «Ленительный падеж»



Pdf көрінісі
бет22/30
Дата21.03.2017
өлшемі6,23 Mb.
#10101
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30

Задание 3.   Прочитать  стих Г. Граубина  «Ленительный падеж».
V.Вопросно- ответная  беседа.
1.Что такое  склонение?
2.Сколько  падежей  в русском  языке?
3.Для  чего  нужны  падежи?
VI. Домашнее задание.
Упражнение 3. стр. 94. Выучить название падежей и их вопросы. 
VII.
Выставление и комментирование оценок учащихся.
*****
Батыс Қазақстан облысы  Казталов ауданы
Жас негізгі жалпы білім беретін мектебі
Ғылыми жоба тақырыбы: Қына
Ғылыми жобаны дайындаған: Зинуллин Саят Нартайұлы
Жетекшісі : Хайруллина Римма Бақытқызы 
(бастауыш сынып мұғалімі)
2015-2016 оқу жылы
Мазмұны
                І.   Кіріспе сөз ---------------------------------------------------------------------1
      Негізгі бөлім
                  Қыналар ------------------------------------------------------------------------3
Қынаның құрамы------------------------------------------------------------4
                  Қынаның түрлері ........................................................................................5
                Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы.............................12
                  Қынаның тасқа бітуі .................................................................................  14
Қынаның қоректенуі ..................................................................................14
                  Қыналардың көбеюі .................................................................................15
                 Қынаны тәжірибеде қолдану---------------------------------------------------16
   ІІ.  Қорытынды...........................................................................................   17
       ІІІ.    Әдебиеттер тізімі.................................................................................17
Мақсаты:  Тау тасына өсетін қынаның сырын ашу және оны ата  
                    бабаларымыз қалай пайдаланды, қынаны қазір біз қалай        
                    пайдалануға болатынын анықтау
Міндеттері:

 Тасқа қынаның қалай өсетіні туралы ақпараттар жинақтау;

«Өлі» дүниеден «тірі» органиканың қалай пайда болатынын анықтау;

Ертеде қынаны шарушылыққа, тұрмыс-тіршілікке қалай пайдаланғанын анықтау;
149


  Қынаны қолданысқа қалай пайдалануға болатынын зерттеу.

  Болжам:     Егер,  біз қынаның құпиясын аша білсек, онда қазіргі кезде тау

               тасындағы қынаны қалай қолдануға болатынын, қандай

               пайдасының бар екеніне көз жеткіземіз

Зерттеу жүйесі:  Ақпарат көздерін жинау, табиғаттағы қынаны,  өсетін жерін 

                               бақылау және қынамен тәжірибе жасау, қорытынды шығару.

Тәжірибелік кезең:   деректерді жинақтау, талдау, бақылау, жүйелеу, салыстыру, тәжірибе жасау, ойқорыту 

Зерттеу жұмысының жаңалығы:    қына  барлық тастарға бірдей өсе бермейді, яғни  «таза ауа индикаторы», 
ауасы ластанбаған жерде ғана  өседі,  түрлі-түсті болып өседі,  мал азығы болады және  қынадан  бояу  алып, 
пайдалануға  болады 
                                          Кіріспе
       Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Өзі табиғаттың бір бөлшегі болатын адам да қоршаған 
ортамен тығыз байланыста. Біз өзімізге залал келтіріп алмау үшін осынау аса нәзік өзара байланыстарды айқындап, танып-
білуіміз керек. 
       Бүтін жаратылысты «тірі табиғат» пен «өлі табиғат» деп жіктеп, жіліктеп бөліп тастаған қазіргі заман ғылымы ежелгі 
заманнан бері бүтін бірлік ретінде қарастырылып келген болмыс бірлігін жоғалтып алғаны ақиқат. «Табиғат өлі және тірі 
болып  екіге бөлінеді. Өлілерге тау, тас, су т.б., тірілерге жан-жануар, өсімдіктер» - деген қағида санамызда бекіп қалғаны 
да рас. Әсем табиғатпен біте қайнасып, шерін тарқатқан қазақ үшін табиғатты өлі деп атау ешқашан ақылға сыйған емес. 
                        Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
                        Ақын болмай, тасың болсам мен егер –      
деп ақын Қасым Аманжоловты тебіренткен қара тастың тілсіз болса да, жанды екенін атам қазақ бұрыннан байқапты.  
      Тілсіз болғаны үшін әлі күнге дейін «өлілірдің» қатарында келе жатқан тастың мән-жайын анықтап 
көрсек.                                                                                                 
       Қазіргі кезде 500-ге жуық сала-салаға жіктеліп кеткен жаратылыстану ғылымдарының жартысынан астамы тастармен 
жұмыс жасайды. Ғылымның тілімен айтсақ, тас – минерал, кен. Тас – құраушысы Менделеев кестесіндегі әртүрлі химиялық 
элементтерден тұратын күрделі, қатты зат. Химиялық элементтер минералда белгілі ретпен орналасып, өсіп, керек десеңіз, 
тіпті, жаңасын тауып отырады. Минералдың құрамында ең көп кездесетін – оттегі, сутегі. Олар тасқа су арқылы немесе 
жеке дара ене алады. Сутегі жаңбыр, жер асты сулары арқылы енсе, оттегінің көп мөлшері ауадан алынып отырады. 
Қарапайым түрде тастар да дем алып, су ішеді деген сөз. Тастың ішіндегі байланыстар берік, әрі элементтердің арасы 
жақын болғандықтан, тас қатты болады  
Негізгі бөлім. Қыналар
        Қына (араб.: انح) – төменгі сатыдағы споралы өсімдіктерге жататын талломды организмдер тобы.
       Саңырауқұлақтар мен балдырлардың cелбесе тіршілік ету нәтижесінде пайда болған. Қынаның 400-дей туысы, 26 мың 
түрі бар. Олардың қазба қалдықтары жоғарғы бор кезеңінен белгілі. Қазақстанда Қынаның 491 түрі анықталған, 1 түрі (Бұғы
кладинасы) Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қына денесі бір клеткалы балдырлар тіршілік ететін саңырауқұлақ 
гифтерінен (жіпшелерінен) құралған. Саңырауқұлақ фотосинтезге қабілетсіз болғандықтан дайын көмірсуларды 
балдырлардан алады да, есесіне балдырларды сумен, минералды заттармен қамтамасыз етіп, әрі сыртқы ортаның қолайсыз 
жағдайларынан қорғап тұрады. Сондықтан Қыналар басқа организмдер тіршілік ете алмайтын орта жағдайларына жақсы 
бейімделген. Қынаны құрайтын саңырауқұлақтар, негізінен, қалталы саңырауқұлақтар класына, ал Қынаның екінші бөлігін 
құрайтын балдырлар көк-жасыл балдырлар және жасыл балдырлар бөлімдеріне жатады. Бұлардың бір ерекшелігі — жеке 
(саңырауқұлақсыз) де тіршілік етуге қабілетті. Қынаның сыртқы пішіні әр түрлі: кішкене жұқа қабықша сияқты, жиегі бір 
шама тілімделген, сырты тегіс, немесе бұдырлы қалақша тәрізді; кішірек бұталарда, таста өседі, немесе ағаштарда өсіп 
төмен салбырап тұрады. Түсі қоңыр, қара, сұр, сары, қызғылт, ақшыл, т.б. болып келеді де қайнатпа (қабыршақты), 
жапырақша және бұта тәрізді.
   Қыналар көбінесе тірі табиғаттың жеке дүниесі ретінде қарастырылады. Олар - ерекше және ғажап ағзалар. Бұлар сырттай 
қарағанда бір ғана өсімдік болып байқалғанымен, екі ағзаның селбесуінен құралған. Қынаның денесі саңырауқұлақтай және 
балдырдан түзілген. Саңырау - құлақтың жіпшумағы көк-жасыл балдырды (цианобактерия) орап жатады. Қына түсінің 
жасыл болуы құрамындағы көк-жасыл балдырдың түсіне байланысты. Қынаны төсемікке саңырауқұлақ орнықтырады. 
Оның құрамындағы балдырларды ауалан ылғал мен шаңды сіңіру арқылы минералды заттар түзеді. Осыған орай 
саңырауқұлақ зерттеушілер (микологтар) қынаны саңырауқұлақтар дүниесінің бөлімі ретінде қарастыруда.
     Қазіргі кезде қыналардың 26 мыңға жуық түрі белгілі. Қынаны зерттеушілер лихенологтар (гр. лихен - қына, - гр. логос -
ілім) деп аталады.Қыналар табиғатта басқа өсімдіктерге қолайсыз, құнарсыз жерлерде өседі. Тастың үстінде, шөлді-
шөлейтті жерлерде, тундрада және ор май д арда тіршілік етеді. Антарктидадан 350 түрі, Оңтүстік полюске жақын жерден 7 
түрі табылған. Бұлай таралу себебі, өте ыстық ортала өсетіндері жоғары температурада тез кеуіл кететіндіктен, тіршілігі 
уақытша тоқталады. Қайтадан қолайлы жағдай туса, кеуіл қалған қыналар қалпына келіп, тіршілігін жалғастырады. Өте 
салқын жерлерде өсетін қыналарды айрықша тығыз қалың қабықша қорғап тұрады.
    Қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, еелбесіп тіршілік етуінен пайда болады. Саңырауқұлақ жіпшелері 
балдырларға құрамындағы су және минералды заттарын береді. Өздері балдырлардың фотосинтезі нәтижесінде түзілген 
ағзалық заттарымен қоректенеді.Қыналар бір топ саңырауқұлақ жіпшелері арқылы төсемікте орнығады. Оның құрамындағы
саңырауқұлақтар тек қынадан ғана табылған. Ал қына құрамындағы балдыр түрлерінің табиғатта өз бетінше тіршілік 
ететіндері де бар.
Қынаның құрамы.  Қынаның құрамында бір жасушалы көк-жасыл балдырлар кездеседі. Балдырлардың жасуша 
хроматофорлары көмір қышқыл газын, суды сіңіріп, фотосинтездің нәтижесінде ағзалық заттар түзіледі. Балдырлар және 
саңырауқұлақтың жіпшелері ағзалық заттармен қоректенеді.
Ғалымдар   қыналардың   құрамындағы   саңырауқұлақтар   мен   балдырларды   қоректік   ортала   жеке-жеке   өсірген.   Сонда
саңырауқұлақтардың   жіпшелері   ғана   пайда   болып,   спора   түзілмеген.   Балдырларда   көбеюдің   барлық   түрлері   болған.
150

Сондықтан   қыналардың   құрамындағы   саңырауқұлақтар   паразитті   қоректенуге   бейімделе   бастайды   деген   қорытындыға
келген. Жалпы қыналардағы қышқылдардың саны 230-ға жетеді.              Қыналардың құрамына кіретін фикобионттардың
көпшілігі жасыл, көк-жасыл, сирек әр түрлі талшықты және қоңыр балдырлар. Табиғатта бос тіршілік ететін балдырларға
қарағанда   олар   аз   өзгерген.   Жасыл   балдырлардың   ішінде   көпшілігі   хлорококтар   қатарына   жататын   –   цистококк   -
Cystococcus   не   Trebouxia   туыстары.   Цистококк   өзіне   жақын   хлорококк   туысынан   хлоропластасының   дененің   орталық
бөлімінде орналасу арқылы айырылады. Басқа бір клеткалы жасыл балдырлардың ішінен хлорелла – Chlorella т.б. кездеседі.
Жіп тәрізді жасыл балдырлардың ішінде трентополия – Trentepholia және кладофора - Cladophora туыстары қыналардың
құрамында   жиі   кездесіп,   олардың   талломына   жасыл   түс   беріп   тұрады.   Көк-жасыл   балдырлардың   ішінде   қыналардың
құрамында Nostoc, Gloeococapsa, Chroococcus, Hyella, Anabaena, Calothrix, Dichothrix, Stigonema, Rivularia, Scytonema т.б., ал
басқа түрлер аз кездеседі. Жасыл-сары балдырлардың фикобионт есебінде қына құрамына Heterococcus енеді.  Қыналардың
әрбір түріне балдырлардың белгілі бір туыстарының қатысуы, олардың негізгі айырмашылық қасиеті. Мұның әрбір түрінің
құрамында   кездесетін   фикобионт   түрлерін   бір-бірінен   айыру   өте   қиын,   себебі,   олар   өте   ұсақ,   сондықтан   олардың
айырмашылықтарын   көрсету   әзірше   мүмкін   емес. Қыналардың   құрамына   кіретін   микобионттардың   басым   көпшілігі
аскомицеттердің   ішіндегі   пиреномицеттер   мен   дискомицеттер.   Тек   тропикте   өсетін   он   шақты   қына   түрлерінде   ғана
бизидиомицеттердің   ішіндегі   телефора   –   Telephora   туысы   қатысады.   Саңырауқұлақ   гифалары   көлденең   перделерге
бөлінген.   Гифа   клеткасының   протоплазмасы   клетка   қабықшасындағы   тесіктерінен   шығып   жататын   жіңішке
цитоплазматикалық жіпшелер арқылы байланысып жатады. Кейбір гифалардың суды сіңіріп ісінетін қасиеті бар қалың
қабығы   болады.   Гифа   қабықтарына   қыналарға   әр   түрлі   түс   беретін   бояулар   жиналады.   Қыналардың   құрамына   кіретін
микробионттарды табиғатта бос күйінде кездесетін саңырауқұлақтардың белгілі бір түрлеріне ұқсату мүмкін емес. Оның
басты  себебі  микобионттар  фикобионттармен  бірігіп  тіршілік  етуі  нәтижесінде   балдырға  қарағанда  тек  физиологиялық
жағынан ғана өзгеріске ұшырап қоймай морфологиялық және анатомиялық жағынан өзгеріске ұшырауында.    Қыналардың
анатомиялық   құрылысы.   Бұларды   қабаттарының   анатомиясына   қарай   гомеомерлі   және   гетеромерлі   болып   бөледі.
Гомеомерлі құрылысты қабаты бар қыналар қарапайым, оларда саңырауқұлақ жіпшелері мен балдыр клеткалары біркелкі
таралған. Бұлар көбінесе балдырлар бөліп шығаратын кілегейге байланысты,   кілегейленіп жатады. Кепкен уақытта  тез
сынғыш,   қабыршақ,   жапырақ   немесе   белгілі   бір   пішіні   жоқ   жастықша   тәрізді   келеді.   Егер   суға   салса,   тез   ісініп
кілегейленудің нәтижесінде көлемі ұлғаяды. Мысалы, түсі қара, жастық пішінді, оңтүстікте жартастарда өсетін коллеманы –
Collema алуға болады.   Оны көлденең кесіп қарағанда кілегейдің өн бойына тарап жатқан ностоктың колониясын, ондағы
гетероцист клеткасын және саңырауқұлақ жіпшелерін көреміз. Лептогиум қынасында анатомиялық құрылысының біртіндеп
күрделене   бастағандығы   байқалады.   Мұнда   қабықтың   жоғары   және   төменгі   қабаты   болады,   олар   саңырауқұлақ
гифаларының тығыз өрімденуінен құралады және төменгі жағынан субстартқа бекіну қызметін атқаратын резиналар кетеді.
Ортаңғы   бөлімі   коллемаға   ұқсас,   онда   саңырауқұлақ   гифалары   мен   балдыр   клеткалары   ретсіз
орналасады.                                      
    Гетеромерлі қабаты бар қыналардың құрылысы күрделі келеді. Оның көлденең кесіндісін микроскоппен қарағанда үстіңгі
бетінде   саңырауқұлақ   гифаларының   өзара   тығыз   өрімделуінен   құралған   плектенхима   деп   аталатын   қабығы   байқалады.
Плектенхиманың (жалған паренхима) астында гифалардың бос матасуынан құралған гонидиальды қабаты жатады, олардың
арасында   балдыр   клеткалары   орналасады.   Гонидиальды   қабаттан   кейін   ауаға   толы   кеңістіктері   бар   саңырауқұлақ
жіпшелерінің бос оралуынан құралған «өзектік» қабат орналасады. Оның астыңғы жағындағы қабықты қабат құрылысы
жағынан   үстіңгі   қабатқа   ұқсас   келеді.   Қабықты   қабаттан   субстартқа   бекініп   тұрады.   Қаспақты   қыналардың   астыңғы
қабығы болмайды, сондықтан олар субстартқа гифаларының төменгі жағы арқылы тығыз орналасады. Радиальды (сәулесі)
құрылысты   бұталы   қыналардың  шеттерінде   қабығы,  оның   астыңғы  жағында  гонидиальды  қабат,   ал   ортаңғы  бөлімінде
«өзегі» болады.         Қыналардың көбеюі. Бұлар әр түрлі жолмен көбейеді. Олардағы балдыр клеткалары жай екіге бөлінуі
немесе қозғалмайтын автоспоралар түзу арқылы көбейеді. Қыналардан бөлініп алынған балдырлар бұрын ата тегінде бар,
бірақ кейін жойылып кеткен зооспоралар құруға қабілеттілігі, кейде гаметалар арқылы жынысты көбеюді қайталайтындығы
байқалады.     Қыналар құрамындағы саңырауқұлақтар өздеріне сай спора құратын орган түзеді. 
Перитецийлер қына қабатына  еніп жатады және оны қара нүкте түрінде томпиып жатуынан  айырады. Апотецийі  қына
қабатының  үстіңгі бетінде кішкене дөңгелек не төмпешік түрінде жатады. Апотецийлер лецидеиналы және леканориналы
болып   екіге   бөлінеді.   Бұл   апотецийлердің   аттары   лецидея   және   леканора   қыналары   туыстасының   атына   байланысты
қойылған. Лецидейналы апотеций саңырауқұлақ гифаларынан құралған бір ғана  реңде болады. Леканориналы апотецийде
балдырлардың болуы гимений қабатының қоректік заттармен жақсы қамтамасыз етілуіне әсерін тигізеді. Бұл – қыналардың
эволюциялық дамуының бір белгісі.        
Біраз қыналарда қалталы спора түзуші орган пайда болудан бұрын жыныс процесі байқалады. Ол уақытта аскоген қынадан
аздап шығып тұрған трихоген арқылы спермациямен ұрықтанады. Спермация – бір клеткалы спора, кейде оны пикноспора
деп те атайды. Олар ерекше спорангиялардың немесе пикнидалардың ішінде жетіледі. Қыналардың көбінде нағыз жыныс
процесі редукцияланған, бірақ дикарион  ядролары  және олардың қосылу процесі әр уақытта орын алады.Аскомицеттердегі
сияқты   қалталардан   төгілген   аскоспоралар   қолайлы   жағдайларда   өсіп,   мицелий   түзейді,   егер   ол   жерде   саңырауқұлақ
гифалары оны жан-жағынан орап, біртіндеп қынаның жаңа қабатына айналады.   Қыналар қабаттардың үзіліп түсуі және
соредий, изидий деп аталатын ерекше органы арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Соредий арқылы көбею жапырақты
қыналарда   және   бұталы   қыналарда   жиі   кездеседі.   Соредий   гонидиальды   қабаттарда   түзіледі.   Балдырдың   бірнеше
клеткаларын   саңырауқұлақ   гифалары   жан-жағынан   шырмайды,   одан   соредий   деп   аталатын   оқшауланған   шумақтар
құралады.     Ол   қабықтық   қабаттың   жыртылуы   нәтижесінде   сыртқа   шығып,   жел   мен   су   арқылы   таралады.   Қолайлы
жағдайға кез болса соредийлер өсіп, қынаның жаңа қабатына айналады. Изидий арқылы көбею, соредийге қарағанда сирек
кездеседі.   Мұнда   қынаның   жоғарғы   қабаттарынан   саңырауқұлақ   гифалары   мен   балдыр   клеткалары   бар   қоңыр   түсті
өсінділер пайда болады. Осы өсінділер үзіліп, жаңа қабатқа айналады.         
 Соредий және изидий арқылы көбейетін қыналарда қалталы спора түзуші органы сирек кездеседі. Қыналардың соредий
және изидий арқылы көбеюі эволюция процесінің нәтижесінде кейін пайда болған.                     
  Қына организмінде балдырлар мен саңырауқұлақтардың селбесіп тіршілік етуі  ондағы балдырдың құрылысына аз әсер
еткен.   Сол   себепті   қынаның   құрамындағы   балдырлар   өз   беттерімен   тіршілік   етулеріне   байланысты   аз   өзгерген.   Ал
саңырауқұлақтар   бұл   селбесуде   басым   болғанымен   жаңа   тіршілік   жағдайына   бейімделгендігі   сонша,   табиғи   жағдайда
балдырсыз өз беттерінше дұрыс дами алмайды. Саңырауқұлақтар мен балдырлардың қыналардағы өзара қарым-қатынасын
151

жиі   мутуалистикалық   селбесу   деп   атайды.   Бұл   қарым-қатынаста   екі   организм   бір-бірімен   бәсекелес   болған   жағдайда,
мұндай үйлесімді қарым-қатынастың болуы өте күмәнді. Кейбір тәжірибелерге қарағанда, қарапайым құрылысты қыналарда
саңырауқұлақ гифалары балдырлардың тіршілігіне зиян келтіретіні, яғни оның клеткасының ішіне қарай өтетін не жанасып
жататын   гаусториялар   түзетіні   байқалады.   Сондықтан   қыналардағы   қарым-қатынасты   жеңіл   паразитизм   немесе
аллелопаразитизм деп атайды.
Қыналар суды жаңбыр жауғанда және ауадағы судың буын бүкіл  денесіне сіңіреді. Ол су гифалардың арасындағы 
кеңістікте және олардың ісінетін қабықтарында сақталады.  Көмір қышқыл газын ауадан алады. Ал басқа органикалық және 
органикалық емес қоректік заттарды су ерітінділерінен барлық денесімен қабылдайды. Қына ауадағы шаңмен де 
қоректенеді. Қоректену процесінде қабықты немесе қаспақты қынадан, жапырақты, одан бұталы қыналардан ауадағы 
шаңның маңызы арта түседі. Төсемік – қына үшін тек бекіну орны ғана болып есептеледі.  Барлық қоректік затты қыналар 
ауадан, ондағы ылғал мен шаң-тозаңнан алады.  Қыналар – күй талғамайтын өсімдік, ол өте баяу өседі, көпшілік 
жағдайларда олардың мөлшері бірнеше сантиметрден артпайды, тек кейбір түрлерінің ғана ұзындығы жарты метрге жетеді. 
Тіршілік ету ұзақтығы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Олар жақсы өскен жылы 1-35 мм дейін өседі. Олай болса 
бұғылар жайлап кеткен жайылымдар 10-20 жыл дегенде барып қалпына келеді.      Қыналарды төсемікке қатысына қарай 
эволюциялық үш топқа: топырақта, ағашта және жартастарда өсетін деп бөлуге болады. Олар ағаш қабығының оңтүстік 
жағына қарағанда солтүстік жағында көбірек, таудың етегіне қарағанда басында көп өседі. Қыналар толық кеуіп қалғанда да
тіршілігін сақтауға қабілетті, олар алғашқы жаңбыр жауысымен ісініп, өсе бастайды. Қыналар таза ауада жақсы өседі, 
сондықтан ауасы онша таза болмайтын үлкен қаланың маңында өте сирек кездеседі.  Қыналардың басты ерекшелігі – басқа 
ешбір жерде кездеспейтін қына қышқылын түзуінде. Оның дәмі ащы және қышқыл реакция береді. Қына қышқылы 
гифалардың жоғарғы бетінде дән, таяқша және кристалл түрінде,  кейде оның ішінде жиналады,  көпшілігінің түсі 
қыналардың түстеріндей. Қына қышқылы күйдіргіш сілтілермен және бензидинмен қызыл түсті реакция береді. Бұл 
қышқылдың қыналарда болу болмауына қарап, оларды белгілі систематикалық топқа жатқызуға болады. Қышқылдың 
биологиялық маңызы белгісіз. Олар қорғаныс қызметін атқару мүмкін. Қыналар тау жыныстарын мекендеп, олардың 
үгітілуіне себепші болады. Қыналардан шығатын қышқылдар тек ізбес қосындыларын ғана ерітіп қана қоймайды, 
кремнеземді де ерітеді, ал одан пайда болған бұдырлар мен жарықтарға шаң-тозаң жиналады. Мұндай жерлерде алғашында 
төменгі сатыдағы, одан кейін бара-бара жоғарға сатыдағы өсімдіктер өседі.        
 Қыналардың систематикасы. Қыналардың классификациясының негізіне саңырауқұлақтың жемісті денесі алынады. 
Сонымен қатар кіші топтарға бөлгенде балдырлар талломының пішініне, сондай-ақ саңырауқұлақ спораларының  
ерекшеліктеріне химиялық құрамына негізделе жіктеледі.    Құрамындағы саңырауқұлақтарға қарай қыналарды қалталы – 
Ascolichenes және базидиальды – Basidiolichenes деп екі класқа бөледі. Біріншісіне – қыналардың көпшілігі, екіншісіне – 
тропиктік жақтардағы  20 шақты түр жатады       
                              
        Қыналар - екі тірі ағза: саңырауқұлақ пен көк-жасыл балдырдың селбесуінен түзілген. Олар пішініне қарай қабық 
тәрізді, жапырақ тәрізді және бұта тәрізді болып үш топқа бөлінеді. Қына өсімді жолмен көбейеді. Оның табиғаттағы және 
шаруашылықтағы маңызы зор. Қына нағыз ауа тазалығының индикаторы (көрсеткіші).
Қабық тәрізді қыналардың ең ескісі антарктикалық қына, оның жасы кем дегенде 10 000 жыл деп есептеледі. Қыналар 80-
100 жылға дейін, кейбіреуі 600 жылға дейін тіршілік етеді.Қыналар табиғатта басқа өсімдіктерге қолайсыз, құнарсыз 
жерлерде өседі. Тастың үстінде, шөлді-шөлейтті жерлерде, тундрада және ормандарда тіршілік етеді. Антарктидадан 350 
түрі, Оңтүстік полюске жақын жерден 7 түрі табылған. Бұлай таралу себебі, өте ыстық ортада өсетіндері жоғары 
температурада тез кеуіп кетеді де тіршілігі уақытша тоқталады. Қайтадан қолайлы жағдай туса, кеуіп қалған қыналар 
қалпына келіп, тіршілігін жалғастырады. Өте салқын жерлерде өсетін қыналарды айрықша тығыз қалың қабықша қорғап 
тұрады.Жер бетіндегі барлық өсімдіктер су алмасу ерекшеліктеріне лайық екі негізгі топқа бөледі. Пойкилогидридті 
өсімдіктерге су алмасу процесін ырықты реттей алмайтын түрлер жатады. Олар айтарлықтай судың булануын тежейтін 
анатомиялық ерекшеліктері болмайды. Оларда судың сіңуіне және бөлінуіне ешқандай кедергі жоқ, транспирациясы жай 
булану сияқты. Бұларға жер бетінде өсетін балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар, кейбір мүктер, сондай-ақ кейбір споралы,
жұқа жапырақты папортниктер жатады. Бұл өсімдіктердің жапырақтары ауа құрғақтылығына дейінн кеуіп қалып, 
ылғалдылығынан кейін өз қалпына қайтып келеді.        
Қынаның түрлері      Гомогидридтілерге жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің басым көпшілігі жатады. Олар суды үнемдірек 
пайдалануға айналған түрліше ерекшеліктер қалыптасқан. Олардың клетка қабаттарында су өткізбейтін заттар – суберин, 
кутин көбірек, жапырақтарының кутикуласы жақсы жетілген. Өсіп – өнетін орталарына және бейімдеушілік белгілеріне 
қарап жер бетіндегі өсімдіктер гигрофиттер, мезофитттер және ксерофиттер деген үш топқа бөлінеді.
Ксерофиттер. Бұл топқа қуаңшылық аймақтарда өсіп – өнетін, топырақ ауадағы су тапшылығына төзімді өсімдіктер жатады.
Олар онтогенездңк даму процесінде ауа мен топырақ қуаңшылығына бейімделеді: жер үстілік органдарының суды 
буландыратын ауданы өте аз. Әдетте өте қысқа, жапырақтары майда, тікенек, көбісінің кутикуласы жаксы жетілген. Сыртқы
морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты ксерофиттерді П.А. Генкель томендегідей 
топтпрға бөледі: эуксерофиттер, гемиксерофиттер, пойкилоксерофиттер және суккуленттер.
1) эуксерофиттер – ыстыққа төзімді және бойындағы суды едәуір жоғалтса да, тіршілігін жоймайтын өсімдіктер (мыс., 
жусандар); 2) гемиксерофиттер– ұзақ құрғақшылыққа шыдай алмайтын болғандықтан тамырларын өте тереңге, жер асты 
суларына дейін жеткізетін өсімдіктер (мыс., сәлбен, жантақ;) 3) пойкилоксерофиттер – су тапшылығына байланысты 
тіршілігін уақытша тежей тұратын, анабиозға ауысатын өсімдіктер (мыс., мүктер);4) суккуленттер - жапырақтары немесе 
сабақтары ет жеңді, ішкі ұлпалары қалың – жұмсақ, өте сулы өсәмдіктер 
Талломдарының формасына қарай қыналарды негізінен үш түрлі морфологиялық типке бөледі: қаспақты, жапырақты жіне 
бұталы. Олардың араларында аралас формалары болады. Қаспақты қыналардың талломы жастастарда, ағаштардың 
қабығында, топырақтың бетінде қабыршақтанып тұрады. Мұндай қыналардың субстратқа тығыз бекініп тұратындығы 
сонша, оларды бүлдірмей алудың мүмкіндігі жоқ. Жапырақты таллома жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жапырақ тақтасы 
секілді болып  келеді. Олар топыраққа немесе ағаштың діңіне ризиналары арқылы бекініп тұрады. Ал ризиналар 
шашақтанып топтасқан гифалардан тұрады. Бұталы қыналардың талломы биіктігі 12-15 см болатын жан-жақа тарамдалған 
бұта типтес болады.
152

Қыналар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тараған, күй талғамайтын, ерекше құрылысты  
организмдер тобы. Олардың 20000-нан  астам түрлері белгілі. Бұлар  – автотрофты фикобионттар мен гетеротрофты 
микобионттардың селбесіп тіршілік етуінің нәтижесінде құралған морфологиялық, физиологиялық және экологиялық өз 
алдына жеке қасиеттері бар өсімдік. Кейде бұлардың кейбір сыртқы құрылысына қарай мүктермен шатастырып, оларды 
«бұғы мүгі» және «исландия мүктері» деп атайды. Қыналардың түсі сұр, сұр жасылдау, қоңыр, сары, сарғыш, кейде қара 
болып келеді.       Қыналардың морфологиялық құрылысы. Қыналардың сыртқы пішіні мен көлемі – алуан түрлі. 
Оларды сыртқы пішініне қарай 3 топқа бөледі. Қыналар пішіндеріне қарай үш топқа бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет