Бесіктің бала дамуына әсерін зерттеу
Бесік не үшін керек болған? Сол көне замандарда да, дәл бүгінгі күндері де халқымыздың ақ бесігі — миллиондаған ата-
әжелеріміздің шыр етіп жерге түскен кездегі құт-мекені болды. Ақ бесік — үй ішіндегі “үй”. Яғни, бесік — бұрындағы киіз
үй ішіндегі, (қазіргі стандарттармен салынған үйлердегі) нәрестенің өзіне лайық “бөлмесі”. Шаруасы қат-қабат қазақ
отбасында бесіктегі баланы анасы мезгіл-мезгіл қоректендіріп, өзге уа- қытта тиісті ісімен айналыса береді. Бұрын да, қазір
де бесіктің нәресте мен қазақ ұрпағына пайдасы сан-алуан.
БЕСІК ӘЛЕММЕН БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ
Үндістан мен Кытай арасындағы Памир тауында саны мыңнан аспайтын шағын ғана халық бар. Мен осы халықтың табиғи
жөргегі жөнінде естігенде таңғалдым. Өздері түрік тілінде сөйлейді екен. Егін салмайды. Сауда жасамайды. Аздаған ұсак
мал ұстайды. Қодас сиырлары бар. Қыста таудың күнгей бетін, жазда теріскей бетін мекендейді. Өз алдына дербес ел. Ешбір
мемлекетке карамайды. Осы халық қойдың кұмалағын үгітіп, електен өткізіп, әбден жұмсартып, жаңа туған баланың астына
төсейді екен. Мүмкін біздің ата-бабаларымыздың да алғашқы табиғи жөргегі осы шығар? Мұны да терең зерттеу кажет. Мен
казак бесігінің сырткы жобасының емес, касиетінің кайта келуін айтып отырмын.
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
1. Бос бесікті тербетуге болмайды.
2. Бесікті сатуға болмайды. Бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алу керек.
3. Кез келген адамға беруге болмайды.
4. Аяқ астына тастауға болмайды.
5. Бесіктің өзін отпен аластап қояды.
6. Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал
байлап қою қажет.
63
7. Бесіктің теріс жағына отырмайды.
Қорыта айтқанда, бесік – сан ғасырлар бойы ұлттың ұясы, қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі
мүлік, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай тіршіліктің белгісі іспетті екендігін түсіндім. Қазақ бесікті қатты
қадірлейтіндігі соншалықты, атасы жатқан бесікке бала, немере, шөбере, шөпшек, тіпті туажатына дейін бөлейді. Қазақтар
мықты азаматқа риза болғанда: “Уа, шіркін, бесік көрген!” деп мадақтайды. “Бесік көрмеген” деп берекесіз, сұмпайы,
қанішер адамдарды айтқан. “Ел боламын десең — бесігіңді түзе!” (М.Әуезов). Осының барлығы жоғарыда мен айтқан: бесік
дайындау, бесік керту, бесікке салу, бесікке бөлеу, бесік жыры секілді ұлттық тәрбиеміздің әлем халықтарының біразының
деңгейінен әлдеқайда артық екендігіне тағы да көзімді жеткіздім.
*****
Түркістан қаласы №18 Ж. Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Усербаева Баян Шарипбековна
Пәні:Дүниетану
Сыныбы: 2 «Д»
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік-тірі ағза
Сабақтың мақсаты: Балаларға өсімдіктің тірі ағза екенін түсіндіру,
дәлелдеу. Өсімдіктің тұқымнан өсетіні, жер бетіне
шығуы жайлы түсінік беру.
Негізгі идея: өсімдіктің өсіп жетілуі, өсімдікті қорғау.
Табыс критерииі: өз ойын ашық айтады, табиғатты қорғауға ұмтылысы
артады.Сабаққа қызығушылығын арттырады.
Модульдер: СТО,АКТ,ОБ көшбасшылық, жаңашыл әдіс-тәсілдер.
Дерек көздер: оқулық, плакатқа салынған өсімдіктің суреттері, стикер,
маркер, нұсқаулық, өсімдіктің өсу кезеңдері
Уақыт
өлшемі
Сабақтың
барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының әрекеті
ресурстар
2 мин
І. Ұйымдастыру
кезеңі
1. Шаттық шеңберін құру
2. Топқа бөлу
1. Бір-біріне сәттілік
тілейді
Түстермен
5 мин
ІІ. Үй
тапсырмасын
сұрау
1-топ: Топырақ деген не?
2-топ: Топырақтың құрамы
3-топ: Қарашірік қалай пайда болады?
4-топ: Топырақты қорғаудың жолдары
Сұраққа жауап
айтады. Мазмұнын
айтады.
Кеспе қағаздар
2 мин
3 мин
7 мин
ІІІ. Негізгі
бөлім.
Жаңа сабақ.
Ой қозғау.
Миға шабуыл
Жер бетіне сән беретін не?
Табиғат аясында суреттер
7.
Өсімдік қандай топқа бөлінеді?
8.
Өсімдіктер қалай өсіп-өнеді?
Суретпен жұмыс жүргізу
Анықтайды, көз
жеткізеді.
Көреді, танысады.
Суретке қарап
өсімдіктің қалай өсіп-
жетілетінін
әңгімелейді.
Плакат суреттер
3 мин
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді бөлікке бөліп
оқиды.
Түсініп оқиды
оқулық
5 мин
зерттеу
Өсімдіктің тіршілік ету кезеңдері. Әр топ
әр кезеңдегі өсімдіктің өзгерісін
анықтайды.
1-топ: балауса кезі.
2-топ: жапырақ жаю
3-топ: жайқалған кезі
4-топ: қартайған кезі.
Құмырадағы
гүлдер
8 мин
Топтық
тапсырмалар
1-топ: «Болжам» ағашы Өсімдік топтарын
ата. Өсімдік неден өседі? Өсімдік қандай
мүшесімен дем алады?
2-топ: Суретте көрсетілген өсімдік
атауын тауып, оның мүшелерін атайды,
жазады, әңгімелейді.
3-топ: Өсімдік өсу үшін қажетті
жағдайлар, суретті түрлі түспен бояп,
қажетті жағдайды тауып жазады.
4-топ: «Фишбоун» әдісі. өсімдіктің тірі
ағза екенін дәлелдейді.
Ойларын ашық,
еркін, дәлелді айтып,
тиянақтайды. Көз
жеткізеді, дәлелдейді.
Постер, маркер,
бояу қаламдар.
3 мин
Сергіту сәті
Қимылды әуен
әуенге ілесіп билейді
Бейнекөрініс АКТ
3 мин
Миға шабуыл
Жеке жұмыс
Өсімдік бізге не береді?
Өз ойларын
білдіреді?
Плакат стикер
1 мин
Үйге тапсырма
Оқулықтың 52-беті. Мәтінді оқу. Мәтін
соңындағы сұраққа дайындалу. Сурет
салу.
Оқиды, сұраққа
жауап іздейді., сурет
салады.
Оқулық, дәптер
2 мин
Бағалау
Топтық бағалау, басбармақпен бағалау,
бағдаршаммен бағалау.
Бағдаршам түстері
Қызыл, жасыл,
сары түстер
2 мин
Рефлексия
Сабаққа кері байланыс жасату
Балалар стикерге өз
ойларын жазып
білдіреді.
стикер
64
«Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы
шағын орталықтың тәрбиешісі Дауленбаева Әлия Тұрғанбаевна
Білім саласы: Денсаулық
Білім бөлімі: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері
Тақырыбы: Күн, ауа және су - біздің ең жақсы достарымыз
Мақсаты:. балаларды табиғи факторлардың, алуан түрлі жаттығулардың көмегімен ағза-
ны шыныктыру ережелерімен таныстыру. Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру; салауатты өмір салтын, өз
денсаулығын сактау дағдыларын дамыту.өзінің денсаулығына және қоршаған табиғатқа ұкыпты қарауға тәрбиелеу
Қажетті құрал –жабдықтар: көрнекіліктер, слайд, «Денім сау болсын десең - шыныққын» әнінің аудиожазбасы.
Әдіс тәсілі: Түсіндіру,әңгімелеу, сұрақ-жауап,дидактикалық ойын
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –
қозғаушылық
Ұйымдастырушы
лық-
ізденістік
Балалардың шеңберге тұрып, өзара сәлемдесуін
ұйымдастыру .
«Шардың ішіне не жасырылғанын табыңдар.Оның ішінде не
болуы мүмкін?»
Шардың байланған жібін шешіп,ішіндегі ауаны жайлап
шығару
-Меніңше,шардың ішінде бір нәрсе бар сияқты.Өйткені
оның жібін шешкенде,дыбыс шыққан секілді болды.
-Біз немен тыныс аламыз?
-Яғни мұрын арқылы ауа біздің өкпемізге өтеді.
Тынысты шығарғанда пайдаланылған ауа қайтадан ауыз
немесе мұрын арқылы сыртқа шығарылады.
Кәне бәріміз тексеріп көрейік .
-Енді түтікті суы бар стаканға салып үрлейік.Стакан
ішіндегі суға не болды?
-Енді осы тәжірибені қорытындылайық.
-Үстелдің үстінде ұсақ тастар жатыр.Осы тастарды
стакандағы суға тастап көріңдер.Суда не болады?
Балаларға «Денім сауболсын десең...» ойынын ойнату
Балаларға алдын ала дайындалған, ішіне малтатас, құм, ұсак
тас, қарағай қылқаны салынған жәшікті, суы бар ыдысты
көрсетіледі.
Балалардан жәшіктің ішіндегі заттар туралы,оларды қайдан
табуға, қайда қолдануға болатыны туралы сұрайды.
Жәшіктен жәшікке жалаңаяқ аттап жүріп, өздерінің не
сезінгендерін бақылауды ұсынамын.
Балалардың тәжірибесі мен біліміне сүйеніп,жалаңаяқ
жүрудің пайдасы туралы әңгімелеймін.
Су кұйылған ыдысты көрсетіп, балаларменбірге судың
денсаулыққа пайдасы туралы пікіралысады.
«Су кімдерге немесе нелерге қажет?» дидактикалық
ойынын ұйымдастыру.
Слайд . Жағажай бейнеленген суретті көрсетіп, онда
адамдардың неге жүргенін (шомылады, күнге
кыздырынады), оның денсаулыққа пайдасын сұраймын.
Шомылу, күн және ауа ваннасы арқылышынығудың
пайдасы мен ережесі туралыайтып түсіндіру.
Жұмыс дәптеріндегі суретті көрсетіп, тапсырманы
орындатамын
Шеңбер бойымен түкті қолғапты
аралатып, сөз тіркесін айтып,
сөйлемдіаяқтайды.
Шарды босатқандағы ысылдаған
дыбысты тыңдайды.
-Шардың ішін босатқанда ,одан ауа
шықты.
-Біз мұрнымызбен тыныс аламыз.
-Біз ауамен тыныс аламыз.
Балалар түтік арқылы стакандағы
суға ауа үрлейді.Көпіршіктердің
пайда болғанын байқайды
-Тынысты ішке тартқанда ауаны
жұтамыз,тыныс шығарғанда ауа
қайтадан сыртқа шығады.
-Балалар ұсақ тастарды стакан ішіне
тастайды.Тастарды суға тастағанда
көпіршіктер пайда болады.
-Тас суға батып кетті де , одан
көпіршіктер пайда болды.Бұл-ауа.
Жәшіктердің ішіндегі заттарға
қызығушылық танытады.
Тыңдайды, жауап береді.
Жалаңаяқ жәшіктен жәшікке өтеді.
Не сезінгендерін айтады.
Тәрбиешіні тыңдайды, жауап береді,
мысалдар келтіреді, өз көзқарасын
білдіреді.
тыныс алу әдістерін сипаттайды,
көрсетеді.
Үстел үстінде әртүрлі заттардың
суреті бейнеленген
карточкалардың ішінен суды
қажет ететін заттардың суретін
таңдап алады.
Суретті көреді, жауап береді,
тәжірибесінен мысалдар келтіреді,
пікірін
айтады.
Балаларға еркін жүріп-тұруды,
«Денім сау болсын десең - шыныққын» әнінің музыкасына
билеуді ұсынамын.
«Дұрыс - бұрыс» ойынын ойнату (шынығу жаттығуын
дұрыс және бұрыс жасау бейнеленген суреттерді көрсету).
Шынығу кезіндегі қауіпсіздік талаптарына балалардың
назарын аудару.
Музыка әуенімен кимылдар
жасайды.Ойынға қатысады, шынығу
жатты-
ғуларының дұрыс әлде бұрыс екенін
айтады
Рефлексивті-
тузетушілік
Балаларға шеңберге тұрып, алған әсерлерін,ненің ұнағанын
және есте қалғанын айтуды ұсынамын. Балаларды мадақтап,
жақсы жұмыстары үшін алғыс айтамын.
Шеңберге тұрып, алған әсерлерімен
бөліседі, ненің ұнағанын және есте
қалғанын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: шынығу жаттығуларын жасаудың негізгі ережелерін; шынығу түрлерінің адам денсаулығы үшін
маңызын.
Нені игереді:табиғи факторлардың көмегімен қарапайым шынығу түрлерін өз бетімен қолдануды.
Нені қолданады: өмірде шынығудын қарапайым түрлерін қолдануды.
*****
65
Түркістан қаласы А. Югнаки атындағы жалпы орта мектебі
Тақырыбы: « Математикадан логикалық есептерді шешу жолдары»
Бағыты: Математика.
Жетекшісі: Раманова Гулмира Суннатиллаевна.
Орындаған: 7 -сынып оқушысы Махамматкаримов Диёр.
Кіріспе
Біздің заманымызда қоғамды дамыту үшін жеке тұлғаның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - қоғам құруға өзінің бар
мүмкіндігін жұмсайтын шығармашыл, қабілетті маман болу. Қазіргі таңда есептеу машиналарының математикалық
ақпараттарды техникада, медицинада, экономикада, биологияда т. б кең қолданылуы, түрлі мәселелерді математикасыз
шешуге болмайтындығын көрсетіп отыр.
Сондықтан да, әрбір оқушы математикалық сауатты болу үшін мынадай мақсаттар жүзеге асырылу керек. Ақыл - ойды
дамыту. Математикалық іс - әрекеттің сипатына сай ойлауды қалыптастыру. Қоғамдық өмір практикасына қажетті
математикалық ойлауды қалыптастыру. Математикалық білімді игеру мақсатында практикада қолдану. Болмысты, табиғат
пен қоғамды тануға қажет математикалық мазмұндай білу.Алдына қойылған сұрауға немесе есепті шығаруға оптималды
(жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану, ұмтылу. "Математика – ғылымдардың патшасы" деп ұлы ойшылдар
айтқандай, бұл ғылым өте терең біліктер мен үлкен ізденушілікті талап етеді. Бірақ бұл ғылым өзінің қызығушылығымен
қызықтыра түсетін жұмбақ тәрізді. Қиын жұмбақтың шешуін табу адамды қандай қанағаттану сезіміне бөлесе, қиын есептің
шешуін тапқандығы, адамның сезімдері одан асып түспесе, кем болмайды.
Математика тарихына көз жүгірте отырып, оның ғалымдардың бос қиялының жемісі емес, тікелей өмірдің қажетілігінен
туындаған ғылым екеніне көзін жете түседі.Математиканы оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды
анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге тағы басқа іс – жүзінде қадам сайын логикалық білім беріледі.
Математиканың өмірмен байланысы анық. Миды жаттықтыру үшін адамға математиканы үйрену, есеп шығару,
математиканың бүкіл заңдарын басқа ғылымдарды оқығанда пайдаланады. Біздің өміріміз дегенің бәрі бір – бірімен өзара
байланысты. Тіршілік құбылыстарын бір – бірінен бөліп зерттеуге болмайды.
Математиканың басқа ғылымдармен байланысын анықтайық. Оның химиямен, физикамен, биологиямен, информатикамен
тығыз байланыстылығына дау жоқ. Ал тарихпен ше? Тарих толығымен даталардан және оған сәйкес оқиғалардан тұрады.
Оларды есте сақтау үшін ойлау қабілеті немесе оқиғалардың логикалық тізбегін қадағалай білу қажет.
Географиямен байланысына келсек, қалалардың ара қашықтығын анықтағанда масштаб, қолда бар карталар есепке
алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажетті деректерді алуға болады.
Әдебиетпен байланысы: көз алдымыздағы логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған адамды келтіреді. Егер ол шығарманың
авторын аса жақсы білмесе де, оның туған, өлген жылын білу арқылы сол уақыт арасында болған оқиғалармен логикалық
түрде ұштастыра алады.Мұндай логикалық ойлауды логикалық және математикалық есептердің көмегімен жүргізу керек.
Логика дегеніміз – спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек. Өз атыңды сезіміңді логикалық тұрғыда жеткізе білу де
үлкен өнер.
Ой – әрекетті дамыту үшін оқу материалдарына теориялық талдау жасауға, өз бетінше қорытындыға келу айрықша мән
беріледі. Өз бетімен, кітаппен жұмыс жасау оқу материалдарының қандай түрлерін есте сақтау керектігін білуге, өз бетінше
білімді тәжірибеде пайдалану дағдысын арттыруға мүмкіндік береді.
Математика пәні ең бірінші оқушылардың қызығушылығын туғызуды талап етеді. Осы мақсатпен әр тақырыпты бастамас
бұрын оқушының қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында немесе сабақ ортасында, соңында шығармашылық
есеп ретінде логикалық есептер, не болмаса тапсырмалар беріледі.Математика сабағында оқушының қызығушылығын
тудыру үшін логикалық есептерді шығару шығармашылық есеп түрінде беріледі.Математиканың сан алуан сырын сандар
әлемінің қызық құбылысын, осылай өрнектеген сабақ, не сабақтан тыс жұмыс қызықты әрі ұтымды болады. Логикалық
тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударады.
Сабақта алған білім дағдысы ойлау барысында қолдану мүмкіндігі оқушының зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп,
жаңа іс – қимылға жетелейді. Белсенді емес оқушылар жолдастарынан кейін қалмау үшін алға ұмтылады.Логикалық есептер
5-6 сыныптарда, шығармашылық жұмыс ретінде, әр тақырыпта немесе келесі тақырыпқа дайындық ретінде беріледі.Әрбір
шығармашылық есеп логикаға негізделген. Логикалық ойлау арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.
Білсем, үйренсем дейді, тіпті математикаға қабілеті жақсы, зерек оқушылардың өздері логикалық есептерді
құрастырады.Логикалық есептердің оқу процесіндегі маңызы зор. Мұндай есептер оқушының ойлау қабілетін, математикаға
деген қызығушылыған арттыру үшін өте тиімді. Логикалық есептер математикалық олимпиадаларда, әр түрлі жарыстарда
жиі қолданылады.Шығармашылық деңгейдегі есептер жоғары сыныптарда да беріледі.Осы мақсатты ескере отырып,
математикаға қызығушылығымды арттыру барысында ойлау қабілетімді дамыту үшін әртүрлі логикалық есептерді шешуді
жүзеге асыруда мүмкіндіктерді есептеудің тәсілдерін көрсету жөн көрдім.
Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер
деп атаймыз.
Біздің заманымызда қоғамды дамыту үшін жеке тұлғаның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - қоғам құруға өзінің бар
мүмкіндігін жұмсайтын шығармашыл, қабілетті маман болу . Осы талапқа сай мамандарды дайындауды мектеп
қабырғасынан бастау керектігі белгілі.
Қазіргі таңда есептеу машиналарының математикалық ақпараттарды техникада, медицинада, экономикада, биологияда т.б
кең қолданылуы, түрлі мәселелерді математикасыз шешуге болмайтындығын көрсетіп отыр.
Сондықтан да, әрбір оқушы математикалық сауатты болу үшін мынадай мақсаттар жүзеге асырылу керек.
1.
Ақыл-ойды дамыту.
2.
Математикалық іс-әрекеттің сипатына сай ойлауды қалыптастыру.
3.
Қоғамдық өмір практикасына қажетті математикалық ойлауды қалыптастыру.
4.
Математикалық білімді игеру мақсатында практикада қолдану.
5.
Болмысты, табиғат пен қоғамды тануға қажет математикалық мазмұндай білу.
66
6.
Алдына қойылған сұрауға немесе есепті шығаруға оптимальды (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге
дағдылану, ұмтылу
Осы мақсатты ескере отырып, математикаға қызығушылығымды арттыру барысында ойлау қабілетімді дамыту
үшін әртүрлі логикалық есептерді шешуді жүзеге асыруда мүмкіндіктерді есептеудің тәсілдерін көрсету жөн
көрдім. Логикалық есептер математикалық олимпиадаларда, әр түрлі жарыстарда жиі қолданылады.
Негізгі бөлім.
2.1. Логикалық есептер және оларды тез есептеудің жолдары.
Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер
деп атаймыз.
• Логикалық есептерді таблициалық тәсілмен шешу
• Ребус түрінде шешу
• Сіріңке шырпысын қолданып шешу
• Әр түрлі есептер
Мысал: Есеп шартында Анар мен Маралдың көйлегі көк емес, олай болса Анар, Марал, Нұргүлге (-) қоямыз. Көк көйлекті
Гүлнар. Олай болса Гүлнардың көйлегі көгілдір, қызғылт, ақ емес. Маралдың көйлегі көгілдір(+)
қоямыз. Ақ көйлекті қыз қызғылт көйлекті қызбен Маралдың арасында тұр. Демек есеп шартынан ақ көйлекті Анар (+),
қызғылт көйлекті Нұргүл (+) қоямыз. Есеп шешілді.
Логикалық есептерді бірнеше жолмен шешуге болады.
• Логикалық есептерді таблициалық тәсілмен шешу.
Мысал: Көшеде төрт қыз Анар, Марал, Нұргүл, Гүлнар дөңгелене тұрып әңгімелесті. Көк көйлекті қыз (Анар Марал емес)
көгілдір көйлектегі қызбен Нұргүлдің арасында тұр. Ақ көйлекті қыз қызғылт көйлекті қызбен Гүлнардың арасында тұр.
Әрбір қыз қандай көйлек киген?
• Ребус түрінде шешу
Ребус шешу дегеніміз мысалдың алғашқы жазылған қалпына келтіру.
Ребустың түрлері:
1. Арифметикалық ребус
2. Әріпті ребус
3. Жұмбақ суретті ребус
Ребустарды алғашқыда ақсүйектердің ермек ойыны ретінде ΧVI ғасырда Францияда шыққан. Ресейде бірінші рет
«Иллюстрация» журналында «Жұмбақтар» деген атпен 1845 жылы басылып шықты.
1. Арифметикалық ребус
Кейбір цифрлары жұлдызшалармен, әріптермен алмастырылған амалдар қолданылатын есептеулерді арифметикалық
ребус деп атаймыз. Ребустың бұл түрде арифметикалық амалдарға ерекше назар аударуды және логикалық ойлаудың белгілі
бір жүйесіне сүйенуді талап етеді.
Көбейткіштер 90 санынан үлкен. Шынында да, көбейткіштер 90 санынан кіші болса, онда олардың көбейтіндісінен 9000-
нан кіші сан шығады, бірақ көбейткіш 90-нан үлкен болса, онда көбейткіштің 1 цифры 9. Егер 1 цифрды 8 десек, онда 81-ге
көбейтіп 8100 кіші сан аламыз. Сонымен, бұл мысалдағы бір көбейткіш үшін 98 алсақ онда 98x91=8118 шығады. Демек, екі
таңбалы көбейткіш 98-ден үлкен
99: (99x91)=9009
• Сіріңке шырпысын қолданып шешу.
Төмендегі теңдік сіріңке шиі арқылы жазылған.
YIIY=IΧ Тек бір шиді қозғау арқылы дұрыс теңдікті қалай алуға болады?
Шешуі: Ол үшін Y+IY=IΧ
• Әр түрлі есептер
Бір тонна мақта ауырма әлде бір тонна темір ауыр ма?
Шешуі: Екеуі тең, себебі бір тоннадан
2.2. Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шешудің жолдары.
Математика пәніне қызығушылықты арттырудың негізгі бір жолы –ұлттық мазмұнды есептерді шығару. Жүйелі түрде
ұлттық мазмұнды есептерді шығару ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, өткен күн мен бүгінгі өмірді
байланыстырып, салыстыратын асыл қазынамыз. Ендеше, ұлтық мазмұнды есептерді шығару - бұл адамның ойлау қабілетін
дамытып, логикасын жетілдіріп, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеп, халқының өткен өміріне көз жібертеді.
Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шығару үшін:
1.
Есептің шартымен танысып, оны элементар шарттарға ажыратып, қандай талаптар қойылғанын анықтап есепке
толық талдау жасау;
2.
Берілген есепті схема түрінде жазу;
3.
Есепті шығару тәсілін іздеу;
4.
Табылған тәсіл бойынша есепті шығару;
5.
Есептің нәтижесін тексеру;
6.
Есепті зерттеу;
7.
Есептің жауабын тұжырымдау керек.
Мысалы-1 «Алты қанат киіз үйге екі мысық келіп кірді де, бірінші керегенің түбіне екеуі балалап, әрқайсасы
алтыдан балалады. Олардың бәріде мысық болып өсті де, тағыда алты- алтыдан балалады, т.с.с. осылайша әр
керегенің түбіне барып балалап шықты».Сонда киіз үйден неше мысық өсіп шығады?
Есепті талдау
а)Алты қанат киіз үй туралы түсінік.
ә) Мысықтардың өсімталдығы туралы
б) Әр кереге түбіне әрқайсысы алтыдан мысық шығаратыны туралы түсінік беру.
Есепті схема сурет түрінде жазу.
67
Шығару тәсілі – әр керегенің түбіне 6-дан балалайтын болғандықтан, әр керегедегі мысықтар санын 6-ға
көбейту.
Есепті шығару: Әр керегедегі мысық саны.
12+72+432+2592+15552+93312=111972
Есептің нәтижесін тексеру:
2·6=12 432·6=2592
12·6=72 2592·6=15552
72·6=432 15552·6=93312
Есепті зерттеу: Әр керегеде мысықтар саны өсіп 6 есеге көбейіп отырады.
Есептің жауабы: алты қанат киіз үйден барлығы 111972 мысық өсіп шығады.
Мысалы-2 «Екі сегіз он алты, және сегіз, және алты жанап жүрген бір алты, қосындысы неше алты?»
Шешуі:2·8=16+8+6+6=36=6·6
Ұлттық мазмұнды есептер адамдарды аңғарымпаздыққа, алғырлыққа, ой ұшқырлыққа тәрбиелейді.
Ұлттық мазмұнды есептер шығаруда теңдеу құру арқылы
Достарыңызбен бөлісу: |