Ii. Кіріспе: 1 Ә. Кекілбаевтың «Ханша Дария» романы жайлы мағлұмат

бет2/6
Дата01.11.2022
өлшемі203,34 Kb.
#46709
1   2   3   4   5   6
II. Зерттеу бөлімі:
4.1. Шыңғыс хан өмірінің беймәлім беттері;
Шыңғыс хан шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан ақырғы демі бітіп, о дүниеге аттанғаннан кейін де, тарихта түйіні бүгінге дейін шешілмей, тіпті шешілуі неғайбыл өз өмірінің беймәлім беттерін қалдырып кетті.
Шыңғыс қағанға дейін де, кейін де тарихта аты қалған ұлы тұлғалар болған. Бірақ олардың бірде-біреуінің дәл қағандыкіндей аса мол құпия­сы қалған жоқ. Демек, әлем тарихындағы ең құпия­ға толы тұлғалардың бірі әрі бірегейі - Шыңғыс хан. Ол туралы шындықтың кейбір беттері әлі ашылмай келеді. Ол өте сұңғыла, ақылды адам болған. Оның бойынан қатыгездікпен басқа елдер­ді жаулап алудың неше түрлі әдістерімен қатар, еркімен берілген халықтарға зорлық-зомбылық көрсетпеу туралы өзінің нояндарына берген бұй­рығы туралы аңыздар да айтылады. Шынында да, ол қатыгез, жауыз, жабайы, надан болса, неге оны бүкіл әлем «екінші мыңжылдықтың тұлғасы ретінде» мойындап отыр. Оның ұлылығы ерте ме кеш пе тарихта өз атының қалатынына сенген. Сол кезде біреу мақтап-жақтар, ал екінші керісін­ше пікірде болуы мүмкін ғой. Мұндайда достарың­нан гөрі қастарыңның көп болатындығы тарихтан белгілі. Сондықтан Шыңғыс хан досқа да, жауға да өз өмірінің кейбір сәттерін құпия ұстаған.

Ұлы қаған о дүниелік болғанымен, киелі рух адамзаттың ойына орала береді. Ол туралы мыңдаған кітаптар мен ғылыми мақалалар, бірнеше кинофильмдер мен пьеса қойылымдар шығарыл­ды. Шамамен осыдан екі жүз жыл бұрын қаған­ның мүрдесін іздеу басталғаннан бері жүзге жуық экспедиция ұйымдастырылып, қыруар жұмыстар жасалғанымен, сол баяғы ашылмаған құпия ашылмай келеді. Бұл мәселеге кейін оралармыз. Ал­дымен Шыңғыс ханның өмірі, шыққан тегі жөнін­де соңғы кезде кәсіби тарихшыларымызбен қатар әуес­қой тарихшыларымыздың да (М.Мағауин, Қ.Данияров, М.Қарғабаев, М.Қожырбайұлы, т.б.) үлкен ықыласпен қалам тартқанын атап кет­кен жөн. Осы авторлардың еңбектері ықы­лым заманнан айтылып, тарихи қалыптасқан пі­кір­лер мен тұжырымдарға жаңаша көзқарас­пен қарауға итермелейді. Қазақ тарихшылары кейінгі кезде Шыңғыс ханды әрісі түрік, берісі қазақ ету, тіпті керей, адай, найман, қоңырат, меркіт, т.б. рулардың біріне жатқызу ойларын ашық айтып та, жазып та келеді. Дегенмен, оның дүниеге моңғол болып келіп, моңғол болып озғанын ұмытпауымыз керек.
Шыңғыс ханның шығу тегіне байланысты соңғы кезде әлем ерекше қызығушылық таныту­да. Моңғол зерттеушілері Шыңғыс ханды моң­ғол десе, қытайлық тарихшылар оның тегін қытай халқынан іздестіреді. Украин зерт­теу­шілері де қағанның тегінен дәмелі. Мәскеу­лік ге­нетиктер Моңғолиямен шекаралас болған Тува, Бурятия және Қалмақстан тұр­ғындарының 1,7 пайызында, тіпті, Алтай қа­зақтарында қаған­ның ДНК-сы 8,3 пайыз деп әлем­ге жар салып отыр. Шыңғыс ханның жоғарыдағы аты атал­ған халықтардың тегіне жататындығы туралы ешқандай тарихи дерек жоқ. Айтатында­ры - олардың халқының кей­біреуінде Шыңғыс хан­ның ДНК-сы (V хромасома) бар дейді.
«Ал енді осыны айтып отырған ғалымдар­дың қолында Шыңғыс ханның өзіне тән ДНК бар ма? Әрине, жоқ. Моласы, сүйегі табылмаған соң ДНК қайдан болсын?» деп тұжырымдайды ғалым Төреғали Тәшенов. ДНК оның қай жақындарынан алынғаны да белгісіз.
Осы сияқты бір топ батыс ғалымдары Еура­зияның әр бөлігінен 18 халық өкілдері ер-аза­маттарының ДНК-сына зерттеу жүргіз­генде, көп­шілігінің қан құрамдары бір-біріне өте жақын, тіпті ұқсас, бір «отбасының» жан­да­рын­дай бо­лып шыққаны АҚШ-тың «Адам гене­тикасы» жур­налында басылды. Олар Каспий теңізі мен Тынық мұхиты аралығындағы бүгін­гі 16 миллионға жетіп жығылатын адамға ұрық қалдырған феномен Шыңғыс қаған деген қоры­тынды жасаған. Демек, бұл да ғылыми негізге сүйенбеген ақпар. Бірақ соңғы шыққан ғылыми жұмыстарға сүйеніп талдау жасауға, ойлануға, жаңа көзқарастар туғызуға, жеке пікір айтуға әркім де ерікті, тек тарихи принциптер мен заң­дылықтар және деректер негізінде болуы керек. Сонда оны негізсіз ешкім меншіктенбес еді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет