Ii. Кіріспе: 1 Ә. Кекілбаевтың «Ханша Дария» романы жайлы мағлұмат


Ендігі үлкен мәселе қайда жерлеу керек?



бет4/6
Дата01.11.2022
өлшемі203,34 Kb.
#46709
1   2   3   4   5   6
Ендігі үлкен мәселе қайда жерлеу керек?
Шыңғыс хан жаулап алған жерлердегі қатыгез­дігі үшін моласын қорлауы мүмкін деген оймен өз денесін ешкімге көрсетпей, белгісіз етіп қоюды талап еткен деседі. Ондай жағдай көшпенділердің тарихында болып тұрған. Әсіресе, хандардың, патшалардың, кісі ақысын жеп, елді зар еңіреткен байлардың молаларын бұзып, қорлаған жағдай ежелгі Моңғол, Қытай шежірелерінде айтылады.
Шыңғыс хан аса құпия жағдайда жер­ленгендіктен, күні бүгінге дейін оның моласы беймәлім. Осының төңірегінде кейбір деректер мен ел аузында әр түрлі аңыздар бар. Ол аңыздардың мазмұны әр түрлі, көп жағдайда біріне-бірі қайшы.
Көп тараған аңыздардың бірі - Шыңғыс ханның Бұрқан-Қалдұн тауының маңына жерленуі. Өзін жерлейтін жерді көзінің тірісінде өзі таңдап алған екен. Шыңғыс хан бірде аң аулап жүріп, жалғыз өсіп тұрған ағаштың түбінде демалып, жан-жағына мұқият зер сала қарап тұрып: «Осы жерге мені жерлейсіңдер, естеріңе сақтаңдар! Бұл жерге белгі қойылсын!», - дейді жалғыз өсіп тұрған ағашты нұсқап. Рашид-ад-Диннің мәліметі бойынша, ұлы хан өзі көрсеткен жерде жерленген дейді. Жерлеу рәсіміне қатысқан адамдардың барлығын қырып тастаған. Шыңғыс ханның өсиеті орындалды, оның денесінің Бұрқан-Қалдұн тауының қай жерінде екенін бүгінге дейін ешкім білмейді. Хан жерленген соң, ол жерге оқ атса өтпейтін қалың ағашты ну орман пайда болған.
Келесі аңыз бойынша, бір түрік қолбасшысы ханның денесін Моңғолияға жеткізіп, төрт жерден көр қаздырып, төртеуіне төрт табыт салып көмген. Ханның денесі қай табытта екенін ешкім білмеген. Сол жерден үйір-үйір жылқы айдатып, молалар жермен-жексен болып, әбден тапталған кезде, ал енді табыңдар дегенде, ешкім хан сүйегі жатқан жерді таба алмаған. Жерлеуге қатысқандардың барлығы өлтірілген. Кейін Хэнтэй жерінің біраз бөлшегін қасиетті деп жариялап, ол жерді басқан адамды қарғыс атады деп санаған. Бұл да Шыңғыс ханның моласын іздемесін деген мақсатпен таратылған аңыз болуы мүмкін.
Тағы бір аңызда Шыңғыс ханның денесі Онон өзенінің арнасында су астында жатқан көрінеді. Бейіт қазу үшін өзенді басқа арнаға бұ­рып, жерленгеннен кейін оны қайта өз арнасына жіберген дейді. Тіпті, мынадай да аңыз бар. Қағанның қай жерге жерленгенін білдірмеу үшін денесін бір жыл бойы бальзамдап (моңғолдар ол кезде денені бальзамдауды білмеген), түйенің қомына салып алып, ел аралап жүрген. Ана жерге, мына жерге жерленді деп лақап таратқан.
Марко Полоның жорамалы бойынша, «моң­ғол­дар барлық ұлы басшыларын, қағанның ұрпақ­тарын үлкен Алтай тауының баурайына жер­леген. Шыңғыс хан қай жерде өлсе де, бәрібір оның денесін сол Алтай тауына әкеліп қоюға тиіс» дейді.
Ғалымдар Шыңғыс ханның денесі үш өңірдің бірінде жерленуі мүмкін екенін айтады. Біріншісі - Ішкі Моңғолия, екіншісі - Чита облысының (Ресей) оңтүстігі, үшіншісі - атақты адамдардың жерленген жері табылған Биндер тауының етегі. Алғашқы екеуіне қарағанда, соңғы болжам шындыққа жақындайды, өйткені, Шыңғыс хан дәл осы өңірде дүниеге келген. Кіндік қаны тамған жерге жерлеу де көптеген халықтардың, әсіресе, түріктердің салтында бар емес пе? Археолог ғалымдар Биндердегі қорымның бір зиратынан табылған қару-жарақтар мен әшекейлі заттар Шыңғыс хандыкі болуы мүмкін деген болжам жа­сап отыр.
Осы үш өңірдің қатарына Қазақстанды да қосуға болатын сияқты. Себебі қаған қайтыс болған кезде Аягөз маңында Бөрте бәйбіше жайлауда отырғанын, Шыңғыс ханның осы маңда да көз жұмуы, оны бәйбішесіне алып келуі мүмкіндігі туралы айтқанбыз. Қай халықтың да өлген адамды кешіктірмей туған жер қойнауына беруі ертеден келе жатқан салт-дәстүр. Қағанды туған жеріне жеткізудің қашықтығына және ауа-райының ыстығына байланысты әрі қарай жүру қиын болғандықтан, үлкен ұлы Жошының сүйегінің Ұлытауда жатқанын ескеріп, оның денесін сол Аягөз маңында жерлеуі мүмкін. Ал, М.Қожырбайұлы «бабамыздың моласы Ақмола облысы, Атбасар үйезінде, Бағаналы-Балталы деген найман жайында, Қаракеңгір бойында сырлаған кірпіштен салған ескі екі бейіт бар: Алаш және Жошы хан. Міне, осы Алаш хан мазары деп жүргендеріміз Шыңғыс хан бабамыздікі» дейді. Сонда Ұлы таудағы Жошының қасына жерлеген болады ғой. Бұған не айтамыз? Шыңғыс ханның моласын жоғарыда аталған екі өңірден де іздеу ақиқаттан алыс кетпейді.
Шыңғыс ханның сүйегін табу үшін моң­ғолдармен қатар америка, жапон, француз, орыс ғалымдары да біраз тер төккен. Іздеу-зерттеу жұмыстары әлі жалғасуда. Оның өмірін 20 жылдан бері зерттеп жүрген америкалық ғалым Клавдистің пікірінше, бұл жұмбақ ұзақ­қа созылмайды.
«Ана тілі» газетінде (2009 ж., 21, 22 сан­дары) филология ғылымдарының докторы, халықаралық Шыңғыс хан академиясының академигі, түрколог Қ.Сартқожаұлының«Шың­ғыс хан мазары та­был­ды» деген мақаласы жарық көрді. Айтса нанғысыз. Мақаланың мазмұны қысқаша мынаған саяды.
Ұлы қағанның мүрдесін іздеген жүздеген экспедициялар мен жеке саяхатшылардың ішінен бір ғана адам, ХХ ғ. басында (1903 ж.) Кентай жотасындағы Бұрқан-Қалдұн тауына барып, тұрғын халықтармен етене араласып, ел аузындағы аңыздарға сүйеніп, Шыңғыс ханның мазары осы таудың үстінде деген тұжырым жасап, болашақта зерттеу үшін жолсапар белгілепті.
XVIII ғасырдың аяғында туып, XIX ғасырдың орта шеніне дейін өмір сүрген моңғолдың ғұлама тарихшысы әрі жазушысы Ванчинбал «Көк судар» (Киелі шежіре - бәріміз білетін «Моңғолдың құпия шежіресі» негізінде жазы­луы мүмкін) деген тарихи еңбегінде Шыңғыс ханның мүрдесін Бұрқан-Қалдұн тауының басына жерлеп, үстіне тастан үй салған. Мүрдені шынар ағаштан әдемілеп жасалған сандыққа (табыт) салып, оны үш жерінен алтын белдікпен орап (түріктерде, мұсылмандарда бар ғұрып), оны айналмалы механизмге орнатып жерлеген. Ол қандай механизм? Қандай заңдылыққа сүйеніп жасалған, ол 365 күннің бірінде шығысқа қараған сәтте ашылуы мүмкін дейді. Оны қалай есептеп шығаруға болады деген сұрақтар ойға келеді. Мүрденің басы күншығысқа қарама­са ашылмайды да, табылмайды, табылған жағдайда ашуға болмайды дейді. Өйткені, ондай жағдайда күтпеген табиғат апаты, соғыс, індет ауруы болуы мүмкін. Табытты ашатын күншығыстан көк бұқа мініп келген, сақалы белуарына дейін түскен қарт адам болатын сияқты. Қандай халық болмасын, мүрденің басын батысқа бағыттап жерлейді. Өл­ген дененің қозғалмайтыны өзінен-өзі түсінікті. Бұл да сол Қаған мүрдесін іздетпеудің, таптырмау­дың аңызға айналған амалы болса керек. Осын­дай ел аузындағы аңыздар мен дәстүрлерге, басқа да деректерге молынан хабардар болған және ұлы бабасының өсиеті мен тәрбиесін көрген, кішкентайынан бабасының Шіветі-Қайрхан тауының басына ертіп апарып, тастан жасалған алып кешенді көрсеткенін, «бұны сырт адамға айтуға, көрсетуге болмайды, мұнда аса үлкен құпия жатыр. Осы құпияны ашуға атсалыс», - деген тапсырмасын ұмытпай, ер жеткесін оны орындауда моңғол азаматы Нямаагийн Даваа хан мазарын табу үшін үлкен іске кіріседі. Ең әуелі Шіветі-Қайрхан тауындағы кешенді қазу кезінде Білге қағанның мүсінін табады. Одан кейін Моңғол үкіметінің рұқсатын алып, Бұрқан-Қалдұн тауының үстіндегі биіктігі - 12 метр, ұзындығы - 280 метр, көлденеңі - 190 метр кешенмен екі жыл бойы айналысып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Георадиофизик, археолог, радиометр мен радиомагниттік ба­қылау әдістемелері арқылы жүргізілген са­раптамалардың нәтижесінде, таудың үстіндегі кешеннің астында 30 метр тереңдікте бағалы металл және сүйек орналасқан табыттың суретін шығарады. Осы Шыңғыс ханның мүрдесі де­ген қорытындыға келеді. Бұл жерде мынаны ескерген жөн. Сол маңда Шыңғыс ханға дейін де, кейін де ұлы адамдардың жерленуі мүмкін ғой. Оның мазарын қазып, сүйектің дәл қағандыкі екендігіне көз жеткізбесе, бұл да сол аңыз күйін­де қалып қояры хақ. Бұл бір. Екіншіден, ол мазар Шыңғыс хандыкі деп қазуға моңғол халқы рұқ­сат бермесе, автор айтқандай, әлі де мың жылдар бойы құпиясын сақтап, аңыз болып қала бе­рер дегенімен толықтай келісуге болады.
Зерттеуші ғалымдар қағанның мүрдесін іздегенде Бөртенің қайда жерленгені туралы мүлдем ескермейтін сияқты. Бөрте Шыңғыс ханнан кейін қайтыс болса, оны Қағанның қа­сына жерлеу ақиқатқа жақындау келмей ме?
Ұлы ханға байланысты көптеген зерттеу жұ­мыстары жүргізіліп жатқанын айтқанбыз. Солар­дың бірі - Шыңғыс ханның суреті. Бұл туралы И.Қабышұлы «Шыңғыс хан су­реттерінің сырына үңілсек» (Егемен Қазақстан, 2002 ж., 30 қараша) деген мақа­ла­сында оның төрт суреті көрсетілген. Солардың екеуіне зейін салайық. Үшінші суретті негізінен Еуропа мен орыс тарихшылары қолдан­ған бол­са, төртіншісі ислам дініндегі түркі елдері­нің пайдаланып жүрген тұрандықтар салған сурет.
Шыңғыс ханның суреті жайындағы құ­пия екі суретіне байланысты. Осы екеуін мақа­ламызға ен­гізіп, басқа екеуіне қызығушылар И.Қабышұлының жоғарыда көрсетілген мақа­ласынан не осы жолдар авторының «Тұғыры биік тұлғалар» кітабынан қарауына болады.
Біздің 1990 жылға дейін Шыңғыс хан суреті деп немересі Құбылай орнатқан Юан ұлысын құртқан,қытай әскерінің қолбасшысы Го-цы-синнің суретіне (1-сурет) табынып келіппіз, яғни оның дұшпанын дәріптеппіз.
Қытайда әркез би­леуші хандардың жә­не ханшайымдардың су­рет­тері сақталатын мұ­ра­жай болған. Оған кез-келген адам кі­ру­ге, көруге тиым са­лын­ған. Бірақ, әй­гілі француздың миссио­не­рі А. Гюбрек амалын тауып кіріп, мұндағы су­реттердің дұрыс-бұрыстығына мән бермей, Қы­тайдың қылқалам шеберлерінің ең озық дүниесі деп 1-суретті асыра мақтаған.
1968 жылы этнограф-зерттеуші Л.П. Сычев «Шыңғыс хан және оның мирасқорларының суреттері» деген мақаласын «Народы Азии и Африки»журналына жариялайды. Бұл сурет Юан ұлысын талқандаған Қытайдың Мин пат­шалығының қолбасшыларыныкі болып шы­ғады. Кейін бұл суретті Чин ұлысының суретшісі Шангуан Жоу салады да, баспаханадан көбейтіп, әлемге таратады. Осылайша, Шыңғыс хан деп сеніп келген сурет қытайлық Жу Юан Жан салған Го-цы-синнің суреті болып шығады.
Ал Юан ұлысының хан­дары мен хан­шайымдары суреттері­нің арасынан та­былған суретке (№2) зер салайық. Ғалымдар­дың па­йымдауы бойынша, бұл су­ретті Шыңғыс ханның не­мересі Құбылайхан Юан ұлысының дәуірлеп тұрған шағында Жалайыр Қара Қасен дархан (моңғолда ұстаны - «дархан» деп қастерлеп «дархан хун бурхан ухаантай» - ұста ұлықтардан да ұтқыр ойлы деген) салған болуы керек. Ол мәрт, жомарт, абыз, ақылгөй ғұлама, ғажайып суретші адам болған. Оның салған суретінде Шыңғыс хан басына айқара жапқан ақ құндыз тұмақ, үстіне қаусырмалы орама жағалы ақ шапан киген кең маңдайлы, келіскен келбетіне ақ бурыл сақалы жарасқан, оң құлағының артында сырғаға ұқсаған дөңгелене түйілген шашының шеті қылтиған, тұмақ астынан самайына қарай қос кекілін жара тараған, терең ой үстінде отырған адам бейнеленген. Шыңғыс хан замандастары оны көбіне осылай бейнелейтін және «Шыңғыс хан» телехикаясында осындай көріністер жиі көрсетілген.

Шыңғыс ханды көзбен көрген қытайлық Чан-чун әулиенің «ол етжеңді, толық денелі, қой көзді, қоңырқай жүзді, ажарлы адам», «Құпия шежіреде» Есүкейге қоңыраттың Дей шешені: «Балаңның көзі отты, жүзі нұрлы екен, құда болсақ қайтеді?» дегенінен басқа оның бет-бейнесі, кескін-келбетін суреттеген бірде-бір дерек жоқ. Сондықтан да жалайыр Қара Қасен дархан салған суретті қағанның шынайы бейнесі деп қабылдауға болатын сияқты.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: Шыңғыс ханның өмірі тарих қойнауы­на тереңдеген сайын, оның беймәлім беттері де қоюлана түседі, ал олардың сырларын ашу алдағы ғасырлар еншісіне тиері сөзсіз. Олай болып жатса, ол сол кезеңнің ұлы кереметтерінің арасынан орын алатынына күмән жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет