Ii. Негізгі бөлім Табиғи пептидтер


Қозғалыс қызметін атқаратын белоктар



бет4/4
Дата10.03.2022
өлшемі101,71 Kb.
#27517
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
СӨЖ №2 — копия

Қозғалыс қызметін атқаратын белоктар. Бұлшықеттің маңызды белоктары – актин және миозин. белоктардың бұл тобы жасуша мен организмдегі түрлі қозғалыс процестерін жүзеге асырады. Мысалы, хромосоманың, талшықтардың қозғалуы.

Жабынды тіректік және құрылыстық қызметі. Бұл топқа көптеген белоктар жатады.Мысалға, тасбақа сауыты, құс тұмсығы, тырнақ, шаш, тері, ішек пен қантамырларлың қабырғасы осы белоктардан құралған. Құрылымдық белоктар – микрофибрилдер де осы топқа жатады.

Қорғаныштық қызмет атқаратын белоктар. Қорғаныштық қызмет атқаратын белоктарға, мысалы, денеге түскен бөгде заттарды зарарсыздандыратын антиденелер- Иммуноглобулиндер жатады. Фибриноген белокы қан ұюына қатысады. Бұл жарақаттанғанда қан кетуден сақтайды.

Қоректік заттармен қамтамасыз ететін белоктар. Организмді коректік заттармен қамтамасыз ететін белоктар, мысалы, сүт белокы – казеин жасушада аминқышқылына дейін ыдырайды. 1г белок толық ыдырағанда 17,6 кДЖ энергия бөлінеді.

Қабылдағыш қызмет атқаратын белоктар әртүрлі сигналдарды қабылдап, оларды өңдеуде үлкен рөл атқарады. Мысалы, родопсин белокы жарық сигналдарын қабылдап алып таратады. Тілде болатын әртүрлі қабылдағыштар заттардың дәмін анықтайды.
Қорытынды
Белоктар аса маңызды тағамдық заттар (ет, жұмыртқа, сүт, нан, т.б.) құрамында болғандықтан, ас қорыту жолдарында ферменттер әсерінен аминқышқылдарына дейін ыдырап гидролизденеді. Аминқышқылдары ішек қабырғалары арқылы қанға өтеді. Көмірсулар мен майлардан айырмашылығы — аминқышқылдары организмде қор болып жиналмайды. Олардың біразы адам немесе жануар организмінің өзіне тән белокын түзеді. Ал аминқышқылдарының бір бөлігі белок емес азотты қосылыстардың, нуклеин қышқылдарының синтезіне жұмсалады. Кейбіреулері тотығып, ең ақырғы өнімдерге (С02, Н20, т.б.) дейін ыдырап, энергия бөледі.

Қорытындылай келе, бізде әрбір мүшеге арналған пептидтер бар екенін айтқым келеді. Бұл дегеніміз, біз енді өз денемізді тұтастай қалпына келтіре аламыз дегенді білдіреді, өйткені қазір біз организмнің барлық жүйелерін пептидті биорегуляторлармен қалпына келтіруге арналған кешенді тәсілге қол жеткіздік.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет