Қорытынды
Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып
отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын
жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға,
денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған
мемлекет. Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын, ішкі мүліктерін
ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының
тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік
жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап
отырған мемлекет. 1930 жылы неміс ғалымы Герман Геллер әлеуметтік-саяси
әдебиетке әлеуметтік құқықтық мемлекет ұғымын ендірді. Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін бірқатар Батыс Еуропалық мемлекеттердің Конституциясында
әлеуметтік мемлекет формуласы жазылған еді. XX ғасырдың 60 жылдары
шамасында алғашқы әлеуметтік мемлекеттер, мысалы, Францияда, Германияда,
Швецарияда және Англияда, т.б. елдерде құрыла ьастады. Олардың негізгі өмір сүру
шарты – қоғамдағы жағдайы нашар топты қолдау үшін халықтық табыстың белгілі
бір бөлігін бөле алатын экономикалық дамудың ең жоғарғы деңгейі болып
табылады.
Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы –
ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми-технологиялық дамудың
нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мем
лекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты.
Қазақ елінің өз тәуелсіздігін алып, егемендігіне қол жеткізгеніне биыл жиырма бір
жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында еліміз қиын да, қыстаулы кезеңдерді,
жетістіктер мен алға ілгерушіліктерді бастан кешірді. Алғашқы күннен бастап еліміз
зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет құру бағытын таңдап алып,
азаматтық қоғам инстутуттарын дамытуды басты мақсат етіп қойды. Қазақстан
Республикасының қазіргі 1995 жылы қабылданған Конституциясы бойынша
әлеуметтік және құқықтық мемлекетті құрудың алғышарттары мен негізгі
принциптері белгіленген: «1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең
қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі - әлеуметтік
мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез-келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі
мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында,
күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай дегенде де бұқара халық
белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, белгілері,
өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы ңақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік
мемлекет мәселесі өзекті де маңызды мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз.
XX ғасырдың 60 жылдары шамасында алғашқы әлеуметтік мемлекеттер, мысалы,
Францияда, Германияда, Швецарияда және Англияда, т.б. елдерде құрыла бастады.
Олардың негізгі өмір сүру шарты – қоғамдағы жағдайы нашар топты қолдау.