Ii. Негізгі бөлім


Қазақстан әлеуметтік құқықтық мемлекет



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата16.03.2023
өлшемі119,2 Kb.
#74960
1   2   3   4   5
2.1. Қазақстан әлеуметтік құқықтық мемлекет 
Қазақ елінің өз тәуелсіздігін алып, егемендігіне қол жеткізгеніне биыл жиырма бір
жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында еліміз қиын да, қыстаулы кезеңдерді,
жетістіктер мен алға ілгерушіліктерді бастан кешірді. Алғашқы күннен бастап
еліміз зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет құру бағытын таңдап алып,
азаматтық қоғам инстутуттарын дамытуды басты мақсат етіп қойды. Қазақстан
Республикасының қазіргі 1995 жылы қабылданған Конституциясы бойынша
әлеуметтік және құқықтық мемлекетті құрудың алғышарттары мен негізгі
принциптері белгіленген: «1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең
қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму бағыты ретінде Ата Заңымызда
бекітілген әлеуметтік және құқықтық мемлекетті қалыптастыру негізгі
қағидаларды жүзеге асыруды талап етеді. Олардың қатарында биліктің заң
шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінуіне ерекше назар аудару қажет.
Онда әлеуметтік құқықтық мемлекеттің басқа талаптары да қамтылған.
Шындығында, заңның үстемдігі, адам құқығы мен бостандығын жоғары құндылық
ретінде бағалау, мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі және оны жүзеге
асыру талаптары заң шығарушы және атқарушы биліктің басты міндеттері. Ал, заң
мен басқа да нормативті – заңдық актілердің орындалуын қадағалау сот билігінің
міндеті. Биліктің бөлінуінің әрекетшілдігі және тиімділігі заң шығарушы және
атқарушы билік тармақтарының өзара әрекетінде айқын көрінеді. Бұл екі билік
тармақтары ара – қатынасының мүлтіксіз деңгейіне жету мүмкін емес, арадағы
қайшылық демократия институттарын жетілдіріп, құқықтық мемлекетке
ұмтылудың бастау көзі болып табылады. Бұл жағдайда белгілі – бір заңдылық
туындайды. Қоғамды демократияландырудың өзегі болып табылатын заң
шығарушы билікті, парламентаризмді дамыту атқарушы биліктің әрекетін
шектейді, оның тетіктерін жетілдіру қоғамды демократияландыру деңгейінің
көрсеткіші болып табылады. Әлеуметтік және құқықтық мемлекетті қалыптастыру
елімізде парламентаризмді, парламентті, оның қызметін жетілдірумен қатар
жүргізіліп отыр.
Сот билігі адамдардың құқығы мен бостандығын қорғауы және осы арқылы
қоғамда тұрақтандырушы рөл атқаруы қажет. Ол үшін сот билігі тәуелсіз болуы
қажет. Бұл мәселені АҚШ-та соттарды заңгерлер мен халық өкідері қатысуымен
алдын – ала таңдау арқылы ұзақ мерзімге немесе өмірлік тағайындау арқылы
шешкен. Мұндай тағайындаудан кейін соттар сот кодексін бұзған жағдайда ғана
қызметінен босатылады. Мұндай жүйе соттарды шешім қабылдауда барынша
тәуелсіз болуына мүмкіндік береді. Тәуелсіздіктің екінші негізі – материалды


тұрғыдан қамтамасыз етілу. Төменгі деңгейдегі соттардың өзі жергілікті билік
тарапынан қаржыланбауы қажет. Материалды жағдайдың жоғарылығы сот
қызметінің беделін арттырып, қоғамда соттарды теріс ойдан сақтандырады. Мұның
бәрі сот билігіне қоғам алдында жауапкершілікке ие білікті заңгерлерлің келуін
қамтамасыз етеді. Аталған мәселелер елімізде тек соңғы уақыттарда ғана
қауымдастық алдында кеңінен талданып, соттардың материалды жағдайын
жоғарылату, соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету өзінің оң шешімін табуда.
Әлеуметтік құқықтық мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі – заңды негіздерге
сүйене отырып шешім қабылдайтын тәуелсіз сот жүйесінің болуы. Биліктің бір
тармағы болып табылатын тәуелсіз сот билігінсіз әлеуметтік құқықтық
мемлекеттің болуы мүмкін емес. Сот жүйесінің тәуелсіздігі, ең алдымен, соттардың
құқықтық статусымен, сонымен бірге, олардың обьективті әділдігімен анықталады.
Елбасы Н. Назарбаев еліміздегі сот жүйесін жетілдіру мәселесін әрдайым басты
назарда ұстау қажеттігін ескертеді. Атап айтсақ, өзінің «Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын жыл сайынғы
дәстүрлі жолдауында сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту мәселесіне
арнайы тоқталып, соттардың жауапкершілігі мен біліктілігін арттыру,
арбитраждық аралық соттар жүйесін нығайту, судьялар жасағын қалыптастырудың
тәртібін қайта қарау туралы өкілетті орындарға өз тапсырмаларын берді .
Қазіргі Қазақстан жағдайында әлеуметік құқықтық мемлекетті қалыптастыру мен
азаматтық қоғам талаптарын қабылдау процестері қатар жүріп отыр. Сондықтан
2006 жылдың 25 масымында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға
арналған тұжырымдамасының және 2011-2020 жылдарға арналған құқықтық
саясатты дамыту тұжырымдаманың бекітілуі бұл бағдарды ілгерітушілік болып
табылады[3] . Бұл құжат билік органдарының белсенділігімен бекітілді, өйткені
қазіргі күннің өзінде қоғам азаматтарының енжарлығы анық байқалады. Тәуелсіз
даму жылдарында Қазақстанда жаңа саяси-құқықтық режим қалыптасып қана
қойған жоқ, сондай-ақ босап қалған әлеуметтік кеңістікте көптеген ұйымдар мен
ассоциациялар құрылды. Бірақ, демократиялық қоғамға тән азаматтық қатынастар
жүйесі қалыптасты деуге әлі де ерте. Қазақстан азаматтық қоғамының көптеген
құрылымдарының тәуелсіздігі сөз жүзінде қалып отыр, өйткені идеологиялық,
материалдық, ұйымдастырушылық тұрғыдан әлі де билікке тәуелді. Бұл азаматтық
қоғам институттарының іс әрекетін қамтамасыз етуші нормативті негіздің
әлсіздігімен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет