Ii. Негізгі бөлім



бет2/4
Дата28.04.2023
өлшемі26,79 Kb.
#87742
1   2   3   4
Алға қойған міндеттері:
Ата-аналардың мектеппен тығыз байланыстарын арттыру,балалардың мейірімділікке,ұстанымдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Болжамы:
1.Мектеп,ата-ана,ұстаз бірлесіп жұмыс атқарады.
2.Жаңартылған білім мазмұнына сай ата-аналар жиналысы жүйелі ұйымдастырылады.
Критерий:
1.Үштік одақ жұмысының іске асырылуы;
2.Ата-аналарға кеңес беруде стратегияның іске асырылуы.

І тарау. Жалпы білім беретін мектептің тұлға қалыптасуына ықпалы

    1. Мектеп-оқушы ынтымақтастық қырлары

Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат – мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.
Ата – аналар ұйымының рөлін көтеру кез келген мектеп үшін оңай іс емес. Көп жағдайда бұл мәселе ата - аналардың жұмысбасты болуына байланысты уақыттарының жетіспеушілігі сияқты объективті себептермен түсіндіріледі. Дегенмен, оның себептерін тек ата - аналар ортасынан іздеу дұрыс емес. Бастамашылық мектеп жағынан бәрібір басымырақ болуы керек. Өйткені, мектеп – қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс - қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. Өзара іс - әрекеттің мақсаты мен міндеттерін мектеп жалғыз өзі, тиісті мәселеге тек өзінің ұстанымына сүйенген түрде анықтаса, ал ата - аналар оларды іске асыру сатысында ғана қамтылса, нәтиже төмен болады. Мектеп ата - аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген бастамасын көтермелеп отыруы қажет.
Мектептің ата - аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әр түрлі болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогикалық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс - әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін бірі толықтырып отыруы өте маңызды.

- Жеке кездесу;


- әңгімелер мен лекциялар;
- құқықтық лекторийлер
- ата-аналарға арналған психологиялық жаднамалар
Ақпараттық - әдістемелік жұмыс – ата - аналарға тәрбие мәселелері бойынша әдістемелік көмек беру, ақпарат құралдарында мектеп өмірі, отбасы тәрбиесі мәселелеріне байланысты мақалаларды жариялау, ата - аналар қауымына арналған ақпараттық және әдістемелік жаднамалар шығару:
- ата - аналарға арналған қабырға тақтасы;
- ата - аналар университеті;
- маман – дәрігерлермен, заңгерлермен кездесулер;
- балалардың сабақтарына;
- олимпиада, кештерге, апталықтарға қатысу
- ата - аналардың ашық есік күніне қатысу.
Диагностикалық талдау жұмыстары ата - аналармен өзара іс - әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Сынып жетекшісі өз сыныбы оқушыларының ата - аналарын жан - жақты зерттеп, олардың педагогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым – қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Диагностикалық зерттеулер:
- сыныпқа көмегі;
- өз баласына ықпалы;
- мұғаліммен қарым – қатынасы;
- ата - аналарды топтау;
- мектептегі оқу - тәрбие үрдісіне көз қарасы;
Бұқаралық – мәдени жұмыс ата - аналарды сыныптың және мектептің дәстүрлі іс - шараларына мейлінше көбірек қатыстыруға бағытталуы қажет:
- мектептің кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қатысу;
- өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын жүргізу;
- мектептің жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу;
- кітапхана қорын молайтуға, көрме ұйымдастыруға көмектесу;
- іс - шараларды ұйымдастыруға және оларды өткізуге материалдық көмек көрсету.
Оқушылардың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастыруда ата - аналармен ынтымақтастықта өткізілетін жұмыс түрлерінен «Аналар мектебі» мен «Аталар мектебінің», ата - аналардың кәсіптік бағдар беру жұмыстарына байланысты өткізілетін «Мамандығым - мақтанышым» кештері, жанұя мүшелерінің жетістіктерін мақтаныш қылатын «Мен және менің жанұям» көрмесін, Республика күніне арналған, ата - аналардың қатысуымен өткізілген «Достық жәрмеңкесі», «Өнерлі отбасы» байқауы, спорт жарысы «Жұлдызды сәт» мерекелерін атап айтуға болады. Жетістік арқылы тәрбиелеу баланың және оның отбасының қадір –қасиеттеріне, құндылықтарына, мұраттарына сүйенген түрде оқушыны, ата - аналарды мейлінше тереңірек түсінуге деген мектептің ұмтылысын көздейді. Бала тәрбиесінің тиімді тәсілдерін отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында пайдалану екі жаққа да тиімді тәсіл болып табылары сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет