II-тарау "Баланың дамуындағы қиындықтарға байланысты
ата-аналарға кеңес беру стратегиясы”.
2.1 «Бала тәрбиесі-баршаға ортақ»
Баланың өмірге ақыл-ой кемістігімен келуі, әр отбасының өзара қарым-қатынасына қиындық әкеледі. Отбасы қиыншылығы мен кезеңі баланың кемшілігінің қаншалықты ауырлығы ғана емес, ата-ананың шама-шарқымен бала жағдайын түсініп, оған бар қамқоршылығын ұсынуы. Психологиялық кеңестер өткізу нәтижесінде біздің байқағанымыз ата–аналардың бала жағдайына көзқарасы түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Осыған сүйене отырып бұл кезеңді төрт этапқа бөлуге болады.
1 этап – "Эмоциялық шошыну”
Болған жағдайды қабылдау ата-аналардың сезімдерінің келеңсіз күйлерін, шарасыздық танытып,тіпті(көбіне әкесі) отбасын тастап кетуге дейін баруы. Ата-аналардың уайымдауына тағы бір себеп, баланың ауруы туралы нақты деректермен жабдықталмауы. Көбіне отбасы, оқу орнымен қатынасты жоғалтып, өздерімен болады. Баланың ауруы туралы теріс пікір,оны емдеу мен тәрбиелеудің дұрыс емес жолдары қалыптасады. Диагнозға қарсылық, берілген емді қабылдамау, көптеген мамандармен кеңесу, яғни ауруды мойындамау, баланы мүмкіндігінше емдеп жазуға болады деген пікірде болуы. Әрине бұл кезеңде психологтардың міндеті; эмоциялық қолдау көрсету, ата-аналардың қарым-қатынасына түсініктікпен қарауға көңіл бөлу .
Мамандардың көмегі:
Көмек жолдарының нормасы: ата-аналар семинарына шақыру, яғни баланың жағдайын басынан өткізген ата-аналардың тәжірибесімен бөлісу, жеке кеңес беру.
2 –этап "Шын жағдайды қабылдамау”
Ата-аналардың шошынуы көбіне негативті жағдайды тудырады. Диагнозды қабылдамау жолдары, баланы дәрігерге қаратпау, тексеруге қарсылық білдіруі. Кәсіби дайындықпен жеке ресурстық білім деңгейінің нашарлығы баланың ішкі дамуын тежейді. Нәтижесінде отбасының психологиялық келеңсіз жағдайының өсуі, олардың жаңа емдеу жолдарын іздеуге мәжбүр етеді. Кінәлі жандарды тауып, оларға шара қолдануды, тіпті ғылыми және лабораториялық орталықтардан бұл "диагнозды” алып тастауды талап етеді. Ал,кей ата-аналар бұл "диагнозды” қабылдайды, бірақ болған жағдайға шарасыздық танытып,мүмкіндік жасамайды. Бұл жағдайда психологтың міндеті – ата-аналармен баланың мүмкіндігін пайдаланып,даму потенциалын жасау,айналамен қарым-қатынас жолдарына тәрбиелеу.
Мамандар кеңесі.
а) aта-аналармен бірге жасалатын әрекеттердің бағалылығын анықтау баланың психологиялық дамуындағы өзгерістерді бағалау.
б) ата-аналардың, баланың жұмыс жасау белсенділігін арттыру.
в) мүгедек балаларды қарапайымдылыққа үйрету, оларға демалыс ұйымдастыру, бала-бақша тәрбие орындарына жолдама беру.
Көмек көрсету түрлері: отбасылық кеңес, балаға көмек көрсету және қамқорлық жасау жолдарына әр отбасының мүшелерін оқыту, өмір тіршілігін бірлесе жоспарлау.
Достарыңызбен бөлісу: |